- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5B072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) және 5в072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтары үшін пәнінің оқу-әдістемелік материалы
- •1.2 Тамақ өнеркәсібіндегі аналитикалық химияның маңызы
- •Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын қолдана білу;
- •Сонымен бірге заттың мөлшері «моль» деген ұғымды түсініп,
- •Газдардың заңдарын қолданып, олардың молярлық массаларын анықтауды білу қажет.
- •2.1. Гомогенді жүйедегі тепе-теңдік. Диссоцициялану реакциялары
- •Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің ерітінділерінің рН есептеу.
- •2.2. Әлсіз электролиттердің диссоциациясына біртектес иондардың әсері.
- •Судың диссоциациясы. Сутектік және гидроксидтік көрсеткіштер.
- •Дәріс № 3. Буфер ерітінділер, тұздар гидролизі
- •Буфер ерітінділер
- •Тұздар гидролизі
- •3.1 Буфер ерітінділер
- •4.2. Аморфты және кристалды тұнбалар
- •Дәріс №5. Гравиметриялық анализ әдісінің орындалу техникасы
- •5.2 Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
- •5.2 Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
- •6.1. Стандартты заттар, олардың ерітінділерін дайындау
- •6.2. Титриметрияда қолданылатын ыдыстар
- •6.1. Стандартты заттар, олардың ерітінділерін дайындау
- •6.2. Титриметрияда қолданылатын ыдыстар
- •Титрлеу әдісінің түрлері
- •Қышқыл-негізді титрлеу, әдістің мәні, қолданылуы
- •7.1 Титрлеу әдісінің түрлері
- •7.2 Қышқыл-негізді титрлеу, әдістің мәні, қолданылуы
- •8 .1 Қышқыл-негіздік индикаторлар
- •8.2. Тамақ өнеркәсібінде техника-химиялық тексеруге қышқыл-негіздік титрлеуді қолдану
- •9.1. Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып титрлеу әдісі
- •9.2. Перманганатометрия, бихроматометрия, иодометрия
- •9.1. Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып титрлеу әдісі
- •10.3 Комплексонометриялық титрлеу
- •11.1 Тұндыру тәсілімен титрлеу
- •11.2 Аргентометрия. Роданометрия
- •11.1 Тұндыру тәсілімен титрлеу
- •11.2 Аргентометрия. Роданометрия (тиоцианометрия )
- •Потенциометрия. Потенциометриялық титрлеу
- •Кондуктометриялық анализ
- •12.2 Кондуктометриялық анализ
- •13.1 Вольтамперометрия. Амперометриялық титрлеу
- •13.2 Кулонометриялық анализ
- •1)Түсті индикаторлар әдісі.
- •2)Потенциометриялық әдіс.
- •3)Амперометриялық әдіс.
- •14 .1 Абсорбционды спектроскопия.
- •14.2 Фотометриялық (спектрофотометриялық) титрлеу
- •15.1 Хроматография, негізгі түсініктері
- •15.2Хроматографиялық анализ
- •15.1 Хроматография, негізгі түсініктері
- •15.2 Хроматографиялық анализ
- •Сабақтың мақсаты: Гравиметрия әдісіндегі тұнбаға түсіру жағдайын, фильтрлеуді, үлгі алуды үйрену
- •Жұмысты орындау
- •Сабақтың мақсаты: Кептіргіш пеште жұмыс орындауды үйрену, бюксті тұрақты массаға келтіруді білу
- •Қышқыл–негіздік титрлеу, протолитометрия
- •§69 [Алексеев] ).
- •Жұмысты орындау
- •Натрий гидроксиді мен карбонатын бір ерітіндіден анықтау
- •Жұмысты орындау
- •Нанның қышқылдығын анықтау
- •Жұмысты орындау
- •Жұмысты орындау
- •Зертханалық жұмыс тотығу-тотықсыздану реакциясын қолданып титрлеу, редоксиметрия
- •Жұмысқа байланысты сұрақтар:
- •Жұмысты орындау
- •Жұмысқа байланысты сұрақтар
- •Тақырыпқа байланысты сұрақтар:
- •Хлорлы сутек қышқылын потенциометриялық титрлеу
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 12 бір негізді қышқылды кондуктометриялық анықтау зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Судың жалпы кермектігін анықтау
- •Әлсіз және күшті қышқыл қоспасын кондуктометриялық титрлеу.
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 13 мысты амперометриялық титрлеу Зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 14 ауыз суындағы темірді (ііі) роданидті комплекс түрінде фотометриялық әіспен анықтау зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Кобальт (іі) ионының концентрациясын анықтау
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 15
- •Тұнбалық хроматография әдісі арқылы элементтерді анықтау
- •Тұнбалық хроматография әдісімен никель иондарының концентрациясын анықтау
- •Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері және зертханалық жұмыстар есебін өткізу тәртібі
- •Лабараториялық жұмыс2
- •Лабараториялық жұмыс3
- •Лабараториялық жұмыс6
- •2. Берілген системадағы дисперсті фазанын тұнбаға
- •IV. Жұмыстың барысы:
- •V.Бақылау сұрақтары мен есептері.
Зертханалық сабақтың тақырыбы № 14 ауыз суындағы темірді (ііі) роданидті комплекс түрінде фотометриялық әіспен анықтау зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
Темір (ІІІ) қызыл түсті роданидті комплекс түзуі үшін 0,05-5,0г/л роданид-ионы және 0,05-0,2М қышқылдық орта керек. Бұд әдістің сезімталдығы жоғары 2,5мкг/50мл темір анықтауға болады. Комплексті қосылыстың жарық сіңіру максимумы 480-483нм-де болады, молярлық сіњіру коэффициенті = 7103. Бұл әдісте комплекс түзу сатылап жүреді, сондықтан әр уақытта темірді анықтау үшін бірдей жағдай саќтау керек. Ерітіндіде анализге кедергі келтіретін заттар, яғни роданид-иондармен комплекс түзетін элементтер, темірді тотықсыздандыратын заттар, роданидті комплексті бұзатын күшті тотықтырғыш заттар болмауы керек.
Түсті роданидті комплекс түссіз хлоридті комплекске ауысады. Роданид- ионының артық мөлшерін құйса, хлорид- комплексі түзілмеуі мүмкін.
Темірді анықтауға фторид-, фосфат-, арсенат-, тартрат- иондары да кедергі жасайды, яғни роданидті комплекстің т‰сін єлсіретеді. Азот қышқылының әсірінен роданид темірсіз де түсті қосылыс береді.
Темір тұзының гидролизін болдырмау үшін сұйытылған азот қышқылымен ерітіндіні қышқылдау керек.
Темір роданидінің ерітінділерін бірден фотометриялау қажет, себебі ерітінділер тұрып қалса, түссіздіне бастайды.
Реактивтер.
1. темір (ІІІ) тұзының стандартты ерітіндісі, Т = 0,1мг/мл. Темір – аммоний ашудасын суда ерітіп, 5мл азот ќышќылын ќосып, өлшегіш 1л колбада дистильденген сумен сұйылтады.
2. 10% - калий не аммоний роданидінің ерітіндісі.
3. азот қышқылы (1:1)
Жұмысты орындау.
Градуирлік график сызу. Көлемі 50 мл бес өлшегіш колбаға 0.5; 1.0;1.5;2.0;2.5 мл темір тұзының стандартты ерітіндісін құяды да, 1 мл азот ќышќыл ерітіндісін (1:1), 5 мл 10% аммоний роданидінің ерітіндісін қосып, колба белгісіне дейін сумен сұйылтып, фотометриялайды. Жарыќ фильтрі мен кювета алдын ала таңдалады. Салыстармалы ерітінді ретінде дистильденген су алады. Алынған нәтижелерді мына кестеге жазады.
Ерітінділер |
Темірдің 50мл көлемдегі мөлшері, мг |
Оптикалық тығыздық Д (А) |
1 2 3 4 5 анализденетін су |
|
|
Анализденетін суѓа жоғарыда көрсетілген ерітінділерді қосып, колба белгісіне дейін су құйып, градуирлік графиктен «Д»(А) мәніне сәйкес концентрацияны табады.
Кобальт (іі) ионының концентрациясын анықтау
Реагенттер:
стандартты кобальт (ІІ) тұзының ерітіндісі ТCо2+ = 0.1мг/мл.
тұз қышқылы (1:1).
азот қышқылы (1:1).
нитрозо-R тұзы 0,1н.
натрий ацетаты, 40 % - ерітінді.
Көлемі 50мл өлшегіш колбаларға кобальт (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісін 1;2;3;4;5мл мөлшерде құйып, алтыншы колбаға анализденетін ерітінді алып, әрбір колбаға 0,5мл тұз қышқылын, 2-3 тамшы азот қышқылын, 3мл нитрозо-R тұзын, 3мл натрий ацетатын қосып, қайнағанға дейін қыздырып, 1 минуттай қайнатады, ерітінділерді суытып, тағы да 2 мл азот қышқылын қосады да, жақсылап араластырып тағы 1 минут қайнатады. Ерітінділер суыған соң, колбалар белгілеріне дейін дистильденген су құйып, ерітінділерді жақсылып шайқайды. Қызыл түсті ерітіндінің оптикалық тығыздығын 550нм спектр облысында өлшейді. Кювета қылындығы 1,0см. Салыстырмалы ерітінді - су. Кюветаға ерітінділерді концентрациясы ең төменінен бастап құю керек. Ерітіндіні құймай тұрып, кюветаны дистильденген сумен және ерітіндінің өзімен шайқап жіберу керек. Градуирлік график сызып, одан анықталатын зат концентрациясын табады.
МЫСТЫ (ІІ) АММИАКАТ ТҮРІНДЕ АНЫҚТАУ
Мыс қышқыл сулы ерітіндіде көгілдір түсті аквакомплекс [Cu(H2O)6]2+ түзеді. рН 7 мыс (ІІ) гидроксидін Cu(ОН)2 тұнбасы түзіледі. Аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) көк түсті аммиакат түзеді.
Cu2+ + 4NH4OH ↔ [Cu(NH3)4]2+ + 4H2O
Әдіс сезімталдығы 0,2 мг/50 мл, комплекстің максимум жарық жұтуы 550-570 нм маңында. Мысты (ІІ) анықтауға Ni2+, Co2+ және аммиакта ерімейтін ауыр металдар иондары кедергі жасайды. Ерітінді қышқылдығы артық болса, NH3 пен Н+ қосылып NH4+ түзіледі де мыс (ІІ) аммиакаты бұзылады, ерітінді көгілдір түске көшеді, яғни [Cu(H2O)6]2+ .
Реагенттер.
1.Концентрлі NH4ОН ерітіндісі, 25%.
2.Мыс (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісі, ТCu2+ = 2мг/мл: 7,8540г мыс (ІІ) сульфатын CuSO4 5H2O дистильденген суда ерітіп, 10мл концентрлі H2SO4 (=1,84 г/мл) қосып, 1 литрге дейін сұйылтады.
Жұмысты орындау.
Градуирлік график құру үшін бес 50мл өлшегіш колбаға стандартты мыс (ІІ) ерітіндісінен 1; 2,5; 4; 5,5; 7,0 мл құйып, алтыншы колбаға оқытушыдан зерттелетін ерітінді алып, барлық колбаға 5 мл-ден концентрлі аммиак қосып, белгісіне дейін дистильденген су құяды. Колбадағы ерітінділерді жақсылап шайқап, фотометрлейді. Жарық фильтрі мен кюветаны алдын ала таңдап алу керек. Салыстыратын ерітіндіге дистильденген су алуға болады. Градуирлік график сызу үшін ординатаға оптикалық тығыздық (Д не А) мәндерін, абциссаға мыс (ІІ) мөлшерін (мг/мл) көрсетеді. Графиктен зерттелетін ерітіндідегі мыс концентрациясын табады.
Сабақтан алған білімді тексеру(тест) сұрақтары
1. Фотоэлемент деген:
А.жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрал;
В.эмиссионды спектроскопия;
С.спектральді анализ;
D.фотографиялық анализ;
Е.химико-спектральді анализ.
2.Жарық жұтудың (фотометрияның) негізгі заңы:
А.Бугер заңы; В.Ламберт заңы; С.Бер заңы;
D.Бугер-Ламберт-Бер заңы; Е.оптикалық тығыздық.
3. Фотометрияның негізгі заңы:
А.T=I/I0; B.T=I0/I; C.A=l∙c; D.-lgT=A; E.A=l∙C.
4. Монохроматизатор ретінде қолданылады:
А.призмалар; В.фотоколориметрлер;
С.спектрофотометрлер; D.спектроскоптар;
Е.детекторлар.
5.Фотометриялық әдістің дәлдігі жоғары болу үшін оптикалық
тығыздық (A) мына мәнді қабылдауы керек:
А.0,034; В.0,055; С.0,435; D.2,004; Е.1,555.
6. Фотометриялық әдіс анықтайтын заттың минимал концентрациясы мына формуламен
көрсетіледі:
А.Сmin=A∙l; B.Cmin=Amin/l; C.Cmin=∙A;
D.Cmin=l/A; E.Cmin=/l∙Amin.
7. Фотометриялық титрлеу әдісінде эквивалент нүктені анықтау үшін:
А.ерітіндінің жарық жұтуын өлшейді;
В.титрант көлемін өлшейді;
С.жарықтың молярлық жарық жұту коэффициентін өлшейді;
D.ерітіндінің титрін анықтайды;
Е.инфрақызыл спектрді өлшейді.
8. Ерітіндінің оптикалық тығыздығы жарық жұтудың қалыңдығы артқан сайын:
А.артады; В.кемиді;
С.алдымен артып, кейін кемиді; D. 2 есе артады;
Е. 2 есе кемиді.
9.Бес тексерілетін ерітіндінің оптикалық тығыздықтары 0,10; 0,44; 0,80; 2,00; 1,50
болса, мына жағдайда өлшеудің салыстырмалы қатесі аз болады:
А.0,10; В.0,44; С.2,00; D.0,80; Е.1,50.
10. Мына заттың жұту спектрі көрінетін облыста болады (400- 700нм арасында):
А.NaCI; B.HCI; C.H2SO4; D.H2O; E.KМnO4.
11. Висмуттің (III) түсті ерітінділерін фотометриялағанда мына жағдайда
Сmin (минимал концентрациясы) анықталады:
А.=9∙103; В.=3,5∙103; С.=4,5∙104; D.=350; Е.=540.
12. Оптикалық анализ:
А.полярография; В.амперометрия; С.фотометрия;
D.титриметрия; Е.гравиметрия.
(Студент өз еркі бойынша осы 3 жұмыстың біреуін орындайды).
