- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5B072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) және 5в072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтары үшін пәнінің оқу-әдістемелік материалы
- •1.2 Тамақ өнеркәсібіндегі аналитикалық химияның маңызы
- •Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын қолдана білу;
- •Сонымен бірге заттың мөлшері «моль» деген ұғымды түсініп,
- •Газдардың заңдарын қолданып, олардың молярлық массаларын анықтауды білу қажет.
- •2.1. Гомогенді жүйедегі тепе-теңдік. Диссоцициялану реакциялары
- •Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің ерітінділерінің рН есептеу.
- •2.2. Әлсіз электролиттердің диссоциациясына біртектес иондардың әсері.
- •Судың диссоциациясы. Сутектік және гидроксидтік көрсеткіштер.
- •Дәріс № 3. Буфер ерітінділер, тұздар гидролизі
- •Буфер ерітінділер
- •Тұздар гидролизі
- •3.1 Буфер ерітінділер
- •4.2. Аморфты және кристалды тұнбалар
- •Дәріс №5. Гравиметриялық анализ әдісінің орындалу техникасы
- •5.2 Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
- •5.2 Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
- •6.1. Стандартты заттар, олардың ерітінділерін дайындау
- •6.2. Титриметрияда қолданылатын ыдыстар
- •6.1. Стандартты заттар, олардың ерітінділерін дайындау
- •6.2. Титриметрияда қолданылатын ыдыстар
- •Титрлеу әдісінің түрлері
- •Қышқыл-негізді титрлеу, әдістің мәні, қолданылуы
- •7.1 Титрлеу әдісінің түрлері
- •7.2 Қышқыл-негізді титрлеу, әдістің мәні, қолданылуы
- •8 .1 Қышқыл-негіздік индикаторлар
- •8.2. Тамақ өнеркәсібінде техника-химиялық тексеруге қышқыл-негіздік титрлеуді қолдану
- •9.1. Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып титрлеу әдісі
- •9.2. Перманганатометрия, бихроматометрия, иодометрия
- •9.1. Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып титрлеу әдісі
- •10.3 Комплексонометриялық титрлеу
- •11.1 Тұндыру тәсілімен титрлеу
- •11.2 Аргентометрия. Роданометрия
- •11.1 Тұндыру тәсілімен титрлеу
- •11.2 Аргентометрия. Роданометрия (тиоцианометрия )
- •Потенциометрия. Потенциометриялық титрлеу
- •Кондуктометриялық анализ
- •12.2 Кондуктометриялық анализ
- •13.1 Вольтамперометрия. Амперометриялық титрлеу
- •13.2 Кулонометриялық анализ
- •1)Түсті индикаторлар әдісі.
- •2)Потенциометриялық әдіс.
- •3)Амперометриялық әдіс.
- •14 .1 Абсорбционды спектроскопия.
- •14.2 Фотометриялық (спектрофотометриялық) титрлеу
- •15.1 Хроматография, негізгі түсініктері
- •15.2Хроматографиялық анализ
- •15.1 Хроматография, негізгі түсініктері
- •15.2 Хроматографиялық анализ
- •Сабақтың мақсаты: Гравиметрия әдісіндегі тұнбаға түсіру жағдайын, фильтрлеуді, үлгі алуды үйрену
- •Жұмысты орындау
- •Сабақтың мақсаты: Кептіргіш пеште жұмыс орындауды үйрену, бюксті тұрақты массаға келтіруді білу
- •Қышқыл–негіздік титрлеу, протолитометрия
- •§69 [Алексеев] ).
- •Жұмысты орындау
- •Натрий гидроксиді мен карбонатын бір ерітіндіден анықтау
- •Жұмысты орындау
- •Нанның қышқылдығын анықтау
- •Жұмысты орындау
- •Жұмысты орындау
- •Зертханалық жұмыс тотығу-тотықсыздану реакциясын қолданып титрлеу, редоксиметрия
- •Жұмысқа байланысты сұрақтар:
- •Жұмысты орындау
- •Жұмысқа байланысты сұрақтар
- •Тақырыпқа байланысты сұрақтар:
- •Хлорлы сутек қышқылын потенциометриялық титрлеу
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 12 бір негізді қышқылды кондуктометриялық анықтау зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Судың жалпы кермектігін анықтау
- •Әлсіз және күшті қышқыл қоспасын кондуктометриялық титрлеу.
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 13 мысты амперометриялық титрлеу Зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 14 ауыз суындағы темірді (ііі) роданидті комплекс түрінде фотометриялық әіспен анықтау зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Кобальт (іі) ионының концентрациясын анықтау
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 15
- •Тұнбалық хроматография әдісі арқылы элементтерді анықтау
- •Тұнбалық хроматография әдісімен никель иондарының концентрациясын анықтау
- •Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері және зертханалық жұмыстар есебін өткізу тәртібі
- •Лабараториялық жұмыс2
- •Лабараториялық жұмыс3
- •Лабараториялық жұмыс6
- •2. Берілген системадағы дисперсті фазанын тұнбаға
- •IV. Жұмыстың барысы:
- •V.Бақылау сұрақтары мен есептері.
Дәріс №5. Гравиметриялық анализ әдісінің орындалу техникасы
5.1 Тұнбаға түсіру
5.2 Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
5.1 Тұнбаға түсіру
Тұнбаны жуатын ерітінді, фильтр қағаз, стақан, воронка, таяқшалар, тигель. Тұнбаға түсіру. Анализге түсетін заттың мөлшері өте көп болмауы керек, себебі тұнба мөлшері көп болады да, оны жөндеп жуу қиындап кетеді, ал егер анализге түсетін затты аз алса, тұнба да өте аз болады, сондықтан өлшеген кезде қате кетсе, не тұнбаның аз мөлшерін жоғалтып алсақ, онда ақырғы нәтижеде өте көп қате болады. Сондықтан кристалды тұнба 0,5 г, ал аморфты тұнба 0,1-0,3 г болатындай етіп анализге түсетін затты есептеп алу керек. Анализге түсетін заттың мөлшерін бірінші техникалық таразыда өлшеп, сосын аналитикалық таразыда өлшейді.
Анализге түсетін затты не суда, не қышқылда, не сілтілерде ерітеді. Егер бұл еріткіштерде ерімесе, онда балқымаға айналдырып, ерітеді. Анализге түсетін заттың қайда еритіндігін алдын ала сапалық реакция көмегімен анықтап алады. Еріткішті таңдау анализденетін заттардың қасиеттеріне де байланысты. Мысалы, егер қорғасынды анықтау керек болса, анализге түсетін затты азот қышқылында ғана еріту керек, себебі PbCl2 және PbSO4 суда ерімейтін заттар, сондықтан тұз қышқылында не күкірт қышқылында ерітуге болмайды.
Анализге түсетін затты еріткен кезде газдар бөлінуі мүмкін, ол газдар ұшқанда анықталатын заттар да бірге ұшуы мүмкін, сондықтан әр уақытта ыдыстың бетін жауып қою керек.
Анализге түсетін затты ерітіндіге айналдырған соң, оны сұйылтып, қайта қыздырып (80-900С-қа дейін) тұнбаға түсіретін ерітіндіні ақырындап, стақанның қыры арқылы тамшылатып, пипеткамен құяды. Тамшы стақанның ортасына тамбауы керек, себебі стақанның ішіндегі ерітінді шашырап кетуі мүмкін. Тұнбаны түсірген кезде ерітіндіні әр уақытта араластырып отыру керек, бірақ таяқшаның ұшы стақанның түбіне не оның қабырғасына тиіп кетпеуі керек, онда стақанды сындырып алуы мүмкін. Тұнбаға түсіретін ерітіндінің есептелген көлемі құйылған соң, тағы да бір-екі тамшы құйып, анықталатын заттың тұнбаға толық түскендігін тексеру керек. Тұнба кристалды болса, оны бір-екі сағатқа қалдырады, сосын фильтрлейді, ал аморфты болса, бірден фильтрлеу керек.
Фильтрлеуге күлсіз фильтрлер қолданылады, олардың тығыздықтары әр түрлі болады. Олардың тығыздығын сыртындағы жолақ қағаз арқылы анықтайды. Орта тығыздықты – ақ лента, қатты тығыздықты – көк лента. Фильтр воронканың қырынан 5-15 мм төмен тұруы керек. Фильтрлеген кезде, алғашында тұнбаның үстіндегі сұйығын өткізеді, сосын ғана тұнбаны фильтрлейді, себебі фильтр тесігі бірден бітеліп қалса, фильтрлеу ұзаққа созылып кетеді. Фильтрге құйылған сұйық оның шетінен 5 мм – дей төмен болуы керек. Фильтрлеген кезде шыны таяқшаны пайдалану керек.
Тұнбаны жақсылап жуу керек, себебі тұнба басқа заттармен кірленуі мүмкін.
Жууға көбінесе суға тұнбаға түсірген ерітінді құйып жасаған ерітіндіні пайдаланады, себебі суда тұнбаның ерігіштігі артуы мүмкін.
Мысалы:1) 0,1г СаС2О4-тің тұнбасын жууға 200 мл су қолданса, қанша тұнба жоғалатынын есептейік.
[Са 2+][ С2О4 2-] = ЕК= 2,310-9 ; [Са 2+] = [ С2О4 2-] = х
Х2 =2,310-9 ; Х =2,310-9 =4,810-5 М, яғни біз ерігіштікті таптық, ал 200 мл =0,2л суда 4,810-5 1280,2=0,0012 г ; 128г ол СаС2О4 молекулалық массасы
0,1 г ----- 100%
0,0012 г --- х ; х=1,2%
2) ал егер тұнбаны 0,01М (NH4)2C2O4 ерітіндісімен жуса,
[Са 2+]=х; [ С2О4 2-] = х+0,01 х0,01, олай болса, 0,01х =2,310-9;
х =2,310-7 М, не граммға айналдырсақ,
2,310-70,2128 =0,0000058 г=5,810-6 г
0,1 ---- 100%
5,810-6 ---- х х = 5,810-3%
Тұнбаны фильтрлеу және жууды бірге жасау керек, себебі тұнбаны фильтрлеген соң қалдырып қойса, ол қатып қалады да, жууға келмейді.
Тұнбаны фильтрлеп болған соң, воронканың бетіне қағаз жауып, тұнбаны кептіруге қалдыру керек, не кептіретін шкафқа 20-30 минутқа 90-1000 С–қа қою керек. Тұнба әбден кепкен соң оны платина не фарфор тигельге салып муфель пешінде қақтайды. Тигельдің салмағы тұрақты болу керек. Яғни оны алдын ала муфель пешінде тұрақты салмаққа келтіріп алады. Тигельдегі тұнба салмағы тұрақты болған соң, оны эксикаторға қойып, суытады. Суыған тигельді аналитикалық таразыда өлшейді.
