- •3. «Өнім-нарық» матрицасын кесте түрінде көрсетіп, талдаңыз
- •4.Экономикалық мәдениеттің негізгі ерекшеліктері.
- •12.Білім беру қызметтерін өндірушілердің жіктемесін көрсетіп, талдаңыз.
- •15. Нарықтық жағдайда білім беру мекемесінің жүзеге асыратын міндеттері.
- •16.Білім беру мекемесін дамытудың стратегиялары.
- •17.Білім беру нарығында маркетингтік зерттеулердің сәні.
- •18.Стратегиялық жоспарлаудың үлгісін көрсетіп, талдаңыз.
- •19. Білім беру мекемелеріндегі іс-қағаздардың ерекшеліктері.
- •20.Білім беру нарығындағы ұйымдастырушылық іс-әрекеттің мәні.
- •21.Білім беру нарығындағы қаржы жүйесі.
- •22.Экономикалық білім беруде кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәні.
- •23.Қаржылық-шаруашылық іс қағаздарын жүргізудің мәні.
- •25.Қаржылық бақылау әрекетінің ерекшеліктері.
- •26 Салық салудың негізгі ережелері.
- •27.Кәсіпкерлерді басқару ұғымы.
- •29.Білім беру мекемелерінде басқарудің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.
- •30. Педагогикалық қызметті белсендіру ерекшеліктері.
- •31. Білім беру қызметіндегі кадр саясаты.
- •32. Білім беру мекемесіндегі басқару жүйесін талдаңыз.
- •34.Жүйе ретінде ұжым құрылымы.
- •35.Қызметтік іс-әрекетті бағалау ерекшеліктері
- •36. Білім беру нарығында жұмысты бағалаудың ерекшеліктері.
- •37.Педагогикалық қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •38. Басқарудағы қақтығыстық жағдаятты шешу жолдары.
- •39.Ұжымдағы қақтығыстың негізгі функциялары.
- •40.Білім беру мекемелерінде басқару шешімдерін қабылдау теориясы.
- •41.Басқару жұмысындағы жоспарлаудың мәні.
- •42.Ұйымдастыру қызметінің ерекшеліктері.
- •43.Басқарушы шешім қабылдау және оның мәні.
- •44.Білім беру мекемелеріндегі басқарушы қызметтер.
- •45.Білім беру нарығында маркетингтік қызметті жоспарлау және бақылау.
- •50. Педагог кадрлармен жұмысты талдау жұмыстары:
- •52. Кәсіпкерлікті реттеудің негізгі бағыттары:
- •59. Оқу орны қызметі қаржымен материалдық – техникалық қамтамасыз етілуін талдау:
- •60. Кәсіпкерлік қызметті міндетіне қарай жіктеу ерекшеліктері.
- •8. Педагогикалық кеңес отырысында жаңа оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспарын талқылау және қабылдау.
- •62.Мектеп басшыларының ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекетінің мәні.
- •63. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
- •64. Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызмет түрлері
- •65. Бәсекелестің мазмұны мен түрлерін айқындау.
- •68. Қызмет көрсетудің әлеуметтік экономикалық жағдайының негізін көрсету.
- •69. Кәсіпкерлік негізінде маркетингтің негізгі белгілері.
- •70..Білім беру мекемелеріндегі тұтынушылардың негізгі талаптары.
- •72. Бизнес-жоспар құруға қойылатын талаптар.
- •73. Кәсіби этиканың негізгі түсінігі мен мәні.
- •74. Білім беру мекемелеріндегі еңбекақы жүйелері және оның нысандары.
- •76.Шет елдердегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.
- •78. Кәсіпкердің іскерлік қарым-қатынасы туралы.
- •79.Тауарлар мен қызметтер сапасын басқару.
- •80. Білім беру мекемелерінің микро және макроаймақтары.
- •81. Білім беру мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі.
- •82.Білім беру рыногын зерделеу – (мақсаты, зерттеу әдістері, білім беру қызметі рыногында жағдаяттардың өзгеруін диагностикалау және болжам жасау).
- •83. Білім беру мекемелерінің имиджінің құрылымы тауардың,қызметкердің имиджі.
- •84. Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында Қазақстан заңдар, жарлықтар, қаулылар мен бұйрықтар қатарына «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен жолдау туралы» қр заңы.
- •85.Кайдзен ұғымы және оның кәсіперлікті дамытудағы орны.
- •86.Білім беру ұйымындағы басқарушылық қызметтің бағыттары.
- •87.Ұйымдағы басқарудағы ұйымдастырушылық-бұйырушы әдістер.
- •88.Қазақстан Республикасындағы салық саясатының ерекшеліктері.
- •89. Қызмет көрсетудің әлеуметтік экономикалық жағдайының негізі.
- •90. Нарықты сегменттеу түсінігі.
73. Кәсіби этиканың негізгі түсінігі мен мәні.
Алғашқы кәсiби әдеп кодексiнiң шығуы 11-12 ғ.ғ. орта ғасыр цехтарының еңбек кәсiбiнiң бөлiну кезеңiне жатады. Қоғамның барлық мүшелерi үшiн өмiрлiк ең маңызды мамандық қатары ежелгi дәуiрде пайда болды, сондықтан мынадай «Гиппократ анты» сияқты кәсiби-әдеп кодексi өнегелi белгiлеу, сот қызметiн орындау өте ертеден белгiлiКәсiби әдеп - ол адамның өз кәсiби борышына деген қарым қатынасын анықтайтын мораль жиынтығының нормасы. Адамдардың еңбек сферасындағы өнегелi қарым қатынасын кәсiби әдеп реттейдi. Кәсiби әдеп мазмұнына адамдар арасындағы өнегелi өзара қарым қатынастың анық түрлерiн жазатын және белгiлi кодекстер әдiстерiн негiздейтiн кодекс тәртiбi жатады
74. Білім беру мекемелеріндегі еңбекақы жүйелері және оның нысандары.
Еңбек ақы нысандары – бұл еңбек ақы төлеу мақсатымен жұмыскердің орындаған еңбегі кезінде ақылы еңбек нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштердің еңбек ақы төлеу жүйесінде жинақталған белгілі бір тобы.
Кәсіпорында еңбек ақының 2 түрлі нысаны кең таралған: кесімді және мерзімдік.
Еңбек ақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:
тікелей кесімді;
кесімді-сыйлықақы;
үдемелі кесімді;
жанама кесімді;
акакордтық
75. Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алудың негізгі мәні. Лицензия (латын. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.
Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.[1]
Мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.[2]
Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат.[3]
76.Шет елдердегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.
Дамыған елдердің экономикасында шағын кәсіпорындар маңызды орын алады.
АҚШ. Мұнда жалпы ұлттық өнімнің 50%-нан астамы және ұлттық жұмыс күшінің 2/3 бөлігі шағын кәсіпкерлікке тартылған. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші роль атқарады. Бұл үшін АҚШ-та 1953 жылы құрылған шағын бизнес әкімшілігі бар. Бұл қызметтің мәні – клиентке бағытталған бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы хабардар ету. АҚШ-та шағын бизнес дамып, олар барлық американдық фирмалардың 99% құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі – ұсақ, жанұялық немесе жеке кәсіпорындар.
Жапония. Жапонияда жаңа жұмыс орындарын құру мен жаңа технологияларды дамытуда маңызды роль атқаратын жаңа кәсіпорындарды ынталандыруға ерекше мән беріледі. Осы мақсатта 10 млн. Иенге дейін арнайы төмен пайыздық несиелер мемлекет кепілдігімен беріледі.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жіктелу кезіндегі ең басты көрсеткіші – ондағы жұмыс істейтін адамдардың саны мен жылдық айналым болып табылады..
Казақстанда шағын кәсіпкерлік 1988 жылдан бастап дами бастады.
Сонымен, нарықтықэкономика жағдайында кез-келген шаруашылық субъекттерінің негізгі мақсаты – шағын бизнес саласында үстеме пайда немесе табыс табу болып табылады.
77. Нарықтық экономика жағдайындағы тауарлар мен қызметтер сапасы. . Қызмет көрсету — заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, т.б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда Қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Материалдық Қызмет көрсету жағдайында материалдық зат өндіріс нәтижесі және тұтыну нысаны болып табылады. Қызмет көрсету аясының ілгерілеуі үшін іргелі негізі болып табылатын материалдық өндірістің дамуы, сондай-ақ Қызмет көрсету аясындағы еңбек бөлінісі Қызмет көрсету түрлерін кеңейте түседі.
Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қаматамасыз етеді.
Білім беру қызметінің түріне мыналар жатады:
- тұтынушыға бюджеттік қаржыландыру есебінен емес, керісінше қосымша еңбек ақы негізінде келісімшартпен ұсынылатын және мемлекеттік стандартпен немесе сертификатпен қарастырылған білім беру қызметтері;
- мемлекеттік стандартты құрамайтын және сертификат бойынша білім беру қызметтерінің тізіміне кірмейтін қосымша білім беру қызметтері;
- оқу, оқу-әдістемелік, оқу-кеңес беру сияқты орталықтар құру;
- кәсіби білім берудің әр түрлі оқу курстарын ұйымдастыру (жүргізуші, шаштараз, бухгалтер, компьютерлік сауаттылық т.б.);
- оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар дайындау, шығару және оларды сату;
- зияткерлік меншік электронды «өнімдерін» (автоматтандырылған оқыту құралдары, бақылау бағдарламалары, электронды оқулықтар, қашықтықтан оқытуға арналған кейстер және т.б.) жүзеге асыру.
