- •3. «Өнім-нарық» матрицасын кесте түрінде көрсетіп, талдаңыз
- •4.Экономикалық мәдениеттің негізгі ерекшеліктері.
- •12.Білім беру қызметтерін өндірушілердің жіктемесін көрсетіп, талдаңыз.
- •15. Нарықтық жағдайда білім беру мекемесінің жүзеге асыратын міндеттері.
- •16.Білім беру мекемесін дамытудың стратегиялары.
- •17.Білім беру нарығында маркетингтік зерттеулердің сәні.
- •18.Стратегиялық жоспарлаудың үлгісін көрсетіп, талдаңыз.
- •19. Білім беру мекемелеріндегі іс-қағаздардың ерекшеліктері.
- •20.Білім беру нарығындағы ұйымдастырушылық іс-әрекеттің мәні.
- •21.Білім беру нарығындағы қаржы жүйесі.
- •22.Экономикалық білім беруде кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәні.
- •23.Қаржылық-шаруашылық іс қағаздарын жүргізудің мәні.
- •25.Қаржылық бақылау әрекетінің ерекшеліктері.
- •26 Салық салудың негізгі ережелері.
- •27.Кәсіпкерлерді басқару ұғымы.
- •29.Білім беру мекемелерінде басқарудің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.
- •30. Педагогикалық қызметті белсендіру ерекшеліктері.
- •31. Білім беру қызметіндегі кадр саясаты.
- •32. Білім беру мекемесіндегі басқару жүйесін талдаңыз.
- •34.Жүйе ретінде ұжым құрылымы.
- •35.Қызметтік іс-әрекетті бағалау ерекшеліктері
- •36. Білім беру нарығында жұмысты бағалаудың ерекшеліктері.
- •37.Педагогикалық қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •38. Басқарудағы қақтығыстық жағдаятты шешу жолдары.
- •39.Ұжымдағы қақтығыстың негізгі функциялары.
- •40.Білім беру мекемелерінде басқару шешімдерін қабылдау теориясы.
- •41.Басқару жұмысындағы жоспарлаудың мәні.
- •42.Ұйымдастыру қызметінің ерекшеліктері.
- •43.Басқарушы шешім қабылдау және оның мәні.
- •44.Білім беру мекемелеріндегі басқарушы қызметтер.
- •45.Білім беру нарығында маркетингтік қызметті жоспарлау және бақылау.
- •50. Педагог кадрлармен жұмысты талдау жұмыстары:
- •52. Кәсіпкерлікті реттеудің негізгі бағыттары:
- •59. Оқу орны қызметі қаржымен материалдық – техникалық қамтамасыз етілуін талдау:
- •60. Кәсіпкерлік қызметті міндетіне қарай жіктеу ерекшеліктері.
- •8. Педагогикалық кеңес отырысында жаңа оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспарын талқылау және қабылдау.
- •62.Мектеп басшыларының ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекетінің мәні.
- •63. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
- •64. Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызмет түрлері
- •65. Бәсекелестің мазмұны мен түрлерін айқындау.
- •68. Қызмет көрсетудің әлеуметтік экономикалық жағдайының негізін көрсету.
- •69. Кәсіпкерлік негізінде маркетингтің негізгі белгілері.
- •70..Білім беру мекемелеріндегі тұтынушылардың негізгі талаптары.
- •72. Бизнес-жоспар құруға қойылатын талаптар.
- •73. Кәсіби этиканың негізгі түсінігі мен мәні.
- •74. Білім беру мекемелеріндегі еңбекақы жүйелері және оның нысандары.
- •76.Шет елдердегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.
- •78. Кәсіпкердің іскерлік қарым-қатынасы туралы.
- •79.Тауарлар мен қызметтер сапасын басқару.
- •80. Білім беру мекемелерінің микро және макроаймақтары.
- •81. Білім беру мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі.
- •82.Білім беру рыногын зерделеу – (мақсаты, зерттеу әдістері, білім беру қызметі рыногында жағдаяттардың өзгеруін диагностикалау және болжам жасау).
- •83. Білім беру мекемелерінің имиджінің құрылымы тауардың,қызметкердің имиджі.
- •84. Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында Қазақстан заңдар, жарлықтар, қаулылар мен бұйрықтар қатарына «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен жолдау туралы» қр заңы.
- •85.Кайдзен ұғымы және оның кәсіперлікті дамытудағы орны.
- •86.Білім беру ұйымындағы басқарушылық қызметтің бағыттары.
- •87.Ұйымдағы басқарудағы ұйымдастырушылық-бұйырушы әдістер.
- •88.Қазақстан Республикасындағы салық саясатының ерекшеліктері.
- •89. Қызмет көрсетудің әлеуметтік экономикалық жағдайының негізі.
- •90. Нарықты сегменттеу түсінігі.
82.Білім беру рыногын зерделеу – (мақсаты, зерттеу әдістері, білім беру қызметі рыногында жағдаяттардың өзгеруін диагностикалау және болжам жасау).
Еңбек нарығы жұмыс күшін бөлу мен қайта бөлу механизмі болса, білім беру қызметтерін көрсету нарығы сұраныс пен ұсыныс, жұмыс күшінің резерві, бәсеке, инфрақұрылым сияқты элементтерді қамтитын жұмыс күшін бөлу мен қайта бөлу механизмі болып табылады. Өз кезегінде білім беру қызметтері нарығы білім беру қызметін өндіру, бөлу және тұтыну үдерістерінде өзара әрекет ететін қоғамдық қатынастардың, институттардың жүйесін береді.
Екі нарық өз мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асырушы қарсы агенттердің әрқайсысының бір-біріне жекелеген және жиынтық әсер етуінің стихиялы немесе ұйымдастырылған үдеріс элементтері түрінде үнемі өзара әрекет жағдайында болады. Бұл үдеріс екі нарықтағы жағдайдың, сонымен қатар, олардың құрылып дамып отырған әлеуметтік-мәдени ортасының әсерімен жүзеге асырылады.
Еңбек нарығы мен білімдік қызмет көрсету нарығының өзара әрекетінің үдерісі бәсеке мен нарықтық қатынастарға қатысушылардың іс–әрекеттік стратегияларының келісілуінің диалектикасын білдіреді.
Осы екі нарықтың өзара әрекетіне қатысушыларының әрқайсысының өз іс-әрекет стратегиясы бар. Өздерінің «нарықтық сегменті» шеңберінде бола тұра, басқа нарықтың субъектілеріне әсер ететін азаматтар мен әлеуметтік институттар ғана өзара әрекеттің қатысушылары бола алады.
Білімдік қызмет көрсету нарығының мәселелерінің зерттелуі: У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, Д.С. Милль, Дж.Миллд т.б.
Білім беру рыногын зерделеу – (мақсаты, зерттеу әдістері, білім беру қызметі рыногында жағдаяттардың өзгеруін диагностикалау және болжам жасау).
83. Білім беру мекемелерінің имиджінің құрылымы тауардың,қызметкердің имиджі.
Имидж – тауардың, қызмет көрсетудің, мекеменің, мемлекеттің бейнесі. Бұл ұғымның екі аспектісі бар: 1) сатып алушының өзін-өзі көруі, сатып алушының өнімді (тауарлар, қызметтер) көруі; 2) сатып алушының мекемеге қатынасы. Сонымен, фирма имиджі – бұл тек тұтынушылардың көрінісі мен жай ғана білімдер емес, сонымен бірге берілген өнімге және сол өнімді шығаратын мекемеге деген эмоционалды қатынасы.
Мекеме имиджі – бұл фирманың коммерциялық маңызды, шынайы сипаттамаларын тұтынушылардың өзі және потенциалды тұтынушылардың сана-сезімінде бейнеленуі.
Имидждің құрылуы – қоғамдық байланыс аймағында және білім беру мекемесіндегі білім беру қызметтерін тұтынушылардың дамытуына, жақсартуына, жалпы жаңартуына деген қатынасы.
Білім беру мекемелері – бұл әр түрлі әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесетін ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Оның сыртқы көрінісі әр уақытта өзекті мәселе болған, бірақ қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайында ол неғұрлым анық айқындалады. Білім беру мекемесінің имиджін қалыптастыру сұрақтарымен ғылыми саланың екеуінде мамандармен зерттеледі:
1) психология саласы бойынша Пискунова Т.Н. «Білім беру мекемесінің имиджі» – бұл белгілі бір бағыттағы жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік қоршаған нақты топтарына психологиялық әсер ету және мақсатты бағытталған сипаттамаларға ие болатын эмоционалды боялған сыртқы бейнесі, – деп түсіндіреді;
2) экономика саласы бойынша Измайлова Е.А. «ЖОО имиджі» – бұл ЖОО-ның әр түрлі әрекеттерін (оқыту, тәрбиелеу, ғылыми, қоғамдық жақтарын) сипаттайтын мақсатты аудиторияның әр түрлі топтар көрінісі мен оларды бағалау жүйесі ретінде қарастырылады.
Кадочников Н.А. «Корпоративті имидж» – жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде корпоративті немесе ұйымдастыру имиджін анықтайды, яғни қоғамның әр түрлі топтарын ұйымдастыру бейнесі. Кез-келген мекеменің жағымды бейнесін құру бойынша негізгі ереже – білім беру мекемесінің сыртқы бейнесі тұтынушылардың санасында педагогикалық ұжыммен құрылған бейнесіне неғұрлым сәйкес келуіне талпыну керек.
Білім беру мекемесінің имиджі сол мекеменің педагогтарымен құрылады және ол шынайы жетістіктерге негізделеді, ал білім беру қызметтерін тұтынушылардың өзімен қосылатын сипаттамалар осы шынайы жетістіктерден шығу керек. Кез-келген имидждің өзіндік мекен-жайы болған дұрыс, яғни белгілі бір тұтынушылар тобының өзіне назарын аудару керек. Әрине, имидж қарапайым және түсінікті, сонымен қатар ерекше болуы керек, өйткені ол басқа фирмалар бейнесінен ерекшеленіп, жеңіл танылатындай болуы тиіс. Сонымен қатар имидждің икемді де болғаны жөн, себебі экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруіне және тұтынушылардың оны дұрыс қабылдауына байланысты икемделуі тиіс.
Білім беру мекемесінің кез-келген уақытта өзінің имиджін құруы үшін, оның барлық компоненттері мен оларға әсер ететін факторлардың бәрін білу керек. Әр түрлі фирма имиджі бойынша жүргізілген көптеген зерттеулер имиджді құрайтын келесідей факторлардың сипаттамасын анықтауға мүмкіндік берді:
- ұйымдастырушылар;
- орналасуы;
- кеңсе;
- баруға ыңғайлы болуы;
- телефоннан қажетті ақпараттарды алу;
- ақпараттың толықтығы;
- жарнаманың ақпараттығы;
- қызметшілердің сыртқы түрі;
- білім беру қызметтерінің кеңдігі;
- қызмет көрсету жылдамдығы;
- өнімнің (тауарлар, қызметтер) сапасына кепілдеме беру;
- міндеттерді орындау;
- жоғары білікті мамандар;
- бұрынғы клиенттердің пікірі;
- бағаның тартымдылығы;
- қызметкерлердің әдептілігі, сыпайылығы;
- филиалдарының мөлшері;
- фирмалық белгісі;
- фирма киімі;
- қамқорлық етушілік;
- қаржы сенімділігі;
- бұрынғы клиенттердің пікірін оқу;
- нарықтағы жұмыс тәжірибесі.
