Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анықтама Жалпы химия.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Қолданылуы

СН4 – табиғи газдың негізгі бөлігі (70-95%). С2Н6, С3Н8, С4Н10, С5Н12 – техникада этилен, пропилен, дивинил, изопрен, бутан, сірке қышқылын алуға қолданылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. С2Н6 + CI2 → Реакциясының барлық сатыларының теңдеуін жазыңыздар

2. Пентанның барлық изомерлерін жазып, аттарын атау керек.

3. Вюрца реакциясы бойынша октанды алудың барлық мүмкін бола алатын реакцияларының теңдеулерін жазу керек.

4. Октанның симметриялы және симметриялы емес крегингісінің теңдеулерін жазу керек.

5. Бутаннан альдегид алу реакциясының теңдеуін жазу керек

6. Дивинил, изопрен алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.

№ 2 Зертханалық сабақтың тақырыбы

Көмірсутектерді (алкандарды) алу және химиялық қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: Көмірсутектерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен жабдықтар: Натрий ацетаты (СН3СООNa), натронды ізбес (NaОН + Са(ОН)2), калий перманганаты (КМnO4), штатив, пробиркалар, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, фарфор тостағаны, бром суы.

1- тәжірибе. Метанды алу және оның қасиеттерін зерттеу

Жұмыс барысы: Бір бөлік сусыз натрий ацетаты мен екі бөлік натронды ізбестің қоспасын фарфор тостағанда араластырып құрғақ пробиркаға салып, аузын газ түтігі бар тығынмен бекітеді де, штативке көлбеу орнатады.

Алдымен пробирканы баяу, ал қоспа салынған жерін қатты қыздырады. Бөлінген метанды су астында жинайды. Метанды екі пробиркаға жинандар.

Метан жақсы жанады. Оны байқау үшін метаны бар пробирканың су астында бармақпен аузын басып тұрып, судан шығарады да спирт шамының жалынына ұстап аузынан тұтатады, метан көкшіл түсті күйесіз жалын шығарып жанады. Метан толық жану үшін пробиркаға шетінен аз- аздап су құю керек, сол кезде пробирка түбіндегі газ біртіндеп жоғары көтеріледі де, жану толық жүреді. Қоспаны қыздыра отырып, газ жүретін түтікшенің ұшын 1 мл калий перманганаты құйылған пробиркаға (1-2 тамшы концентрлі күкірт қышқылы құйылған) батырады, сосын газ жүретін түтікшенің ұшын 1 мл бром суы құйылған пробиркаға батырады.Бұл ерітінділерден газды 20-30 секундтай өткізеді.Қандай өзгеріс болады? Сосын газ жүретін түтікшенің ұшын жоғары қаратып, газ жүретін түтікшенің ұшында газды жағады.

Пробирка суыған соң бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылын құяды. Неге? Байқаған құбылысты сипаттап, реакция теңдеуін жазыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1. Метан суда ери ме? Метанды алу реакциясының теңдеуін жаза керек.

2. Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.Жалын түсі қандай? Неге?

3. Метанның түзілу реакциясын жазыңыздар.

4. Неге сусыз натрий ацетаты қолданылады? Натрон ізбесі не үшін қажет?

5. Калий перманганаты және бром суы ерітінділері арқылы метанды өткізгенде ерітінділер түсі қалай өзгереді? Метан қай гомологтық қатарға жатады?

Алкандар тақырыбына есептер мен жаттығулар

1. Изомерия және номенклатура

    1. С6Н14 көмірсутектің изомерлерінің структуралық формулаларын жазып,

әр изомерді жүйелік номенклатура бойынша атау керек:

а) қалыпты құрылысты;

б) екі үшіншілік көміртегі атомдары болса;

в) төртіншілік көміртегі атомы болса;

г) бір үшіншілік көміртегі атомы болатын 2 изомер.

1.2. Келесі көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек:

а) 2,2-диметилгексан; б) 2,3-диметил-3-этилгексан; в) 2,3,4-триметилпентан;

г) 2,5-диметил-3,3-диэтилгексан.