Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анықтама Жалпы химия.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Аминдер. Амин қышқылдары. Ақуыздар тақырыптарына есептер мен жаттығулар

1. Изомерия және номенклатура

1.1. Ауа бойынша тығыздығы 1,55 болатын, 53,3% көміртегіден, 15,6% сутегіден, 31,1% азоттан тұратын қаныққан аминнің структуралық формуласын жазу керек.

1.2. Қаныққан аминнің 2,36 г массасын жаққанда 5,28 г көмірқышқыл газы мен 0,448 л азот (қ.ж.) түзілген. Аминнің сутегі бойынша (буының) тығыздығы 29,5 болса, оның структуралық формуласы.

1.3. Егер екіншілік аминнің хлорсутекті тұзының құрамында 43,55% хлор болса, оның молярлық массасы қанша?

1.4. Құрамы С4Н11N болатын аминнің изомерлерінің структуралық формуласын жазып, аттарын атау керек.

1.5. Құрамы С4Н9О2N амин қышқылдарының (изомерлер-5) структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.

1.6. Глутамин қышқылы мен лизиннің структуралық формуласын жазып, олардың айырмашылығын көрсету керек.

1.7. Мына амин қышқылдарының формуласын жазу керек: β-аминмай қышқылы; α-аминизокапрон қышқылы; γ-аминвалериан қышқылы; аминсірке қышқылы; δ-амин-α-метил-валериан қышқылы; α-аминпропион қышқылы.

1.8. Бір негізді диаминқышқылдарының структуралық формулаларын жазу керек: α-δ-диаминвалериан қышқылы және α-ε –диаминкапрон қышқылы.

1.9. Мына амин қышқылдарын атау керек: а) NH2-CH2-COOH;

б) СН2-( NH2)СН-СООН; в) NH2-СН2-СН2-СООН; г) NH2-(СН2)3-СООН;

д) СН3-СН(СН3)-СН(NH2)-СН2-СООН; е) (NH2)СН2- (СН2)3-СН(NH2)-СООН. Бұл амин қышқылдарының тарихи атауларын келтіру керек.

1.10. Май қатарының біріншілік аминдерінің жалпы формуласы СnH2n+1NH2

екенін біле отырып, 3 және 4 көміртегі атомдары бар аминдер формуласын құрып, аттарын атау керек.

1.11. Мына аминдерді негіздік қасиеттерінің азаюы бойынша орналастыру керек: а) СН3NH2; б) С6Н5NH2; в) (СН3)3N; г) (С6Н5)2NH3; д)СН3-(СН2)2-NH2; е) СН3- NH- С2Н5. Неге май қатарының аминдеріне қарағанда ароматты аминдердің негіздік қасиеттері әлсіздеу, түсіндіру керек.

1.12.Тұз қышқылды анилиннің (хлорлы фенил аммоний) және күкірт қышқылды анилиннің формулаларын жазу керек.

1.13. Мына формулаларға сәйкес органикалық қосылыстарды кластарға бөліп, аттарын атау керек:

а) СН3СН2СООН; б) СН3-СН2-СОNH2; в) СН3-СН(NH2)-СООН

г) СН3-СН(NH2)-СН3; д) NH2-СО- NH2 е) NH2-(СН2)2-СООН;

ж) СН3-(СН2)2-СН(NH2)-СН2-СООН з) NH2-(СН2)3-СООН.

Әр класс қосылыстарына сәйкес анықтама беру керек.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. Аммиак пен метиламиннің сумен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазып, аминдердің қандай қасиетін көрсететінін сипаттау керек. Электрондық көз қарас тұрғысынан неге метиламиннің аммиакқа қарағанда күштірек негіз екендігін түсіндіру керек.

2.2. Анилиннің химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.3. Метиламинге, диэтиламинге және фениламинге тұз қышқылының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.

2.4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек.

а) СаС2 → С2Н2 → С6Н6 → С6Н5NO2 → С6Н5NН2

б) мұнай → СН4 → СН3-NО2→ СН3- NН2 → СН3 NН3СI

2.5. Аминсірке қышқылының ортасы бейтарап, неге?

2.6. Аминқышқылдарының химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.7. Аланиннің тұз қышқылымен, аммиакпен, калий гидроксидімен, иодты метилмен және этил спиртімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазу керек.

2.8. Мына заттар түзілетін реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) аланиннің метил эфирі; б) глициннің изопропил эфирі; в) лизиннің этил эфирі.

2.9. Амин мен амин қышқылын химиялық әдіспен қалай айыруға болады?

а) Аланиндердің екі молекуласы мен б) глициннің екі молекуласының арасындағы реакциялардың теңдеулерін жазу керек.

2.10. Құрамы С3Н7О2N амин қышқылдарының изомерлерін қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.11. Шығымы 75% болатын 27,9 г анилин алу үшін қанша көлем (ρ=880 кг/м3) бензол керек.

2.12. 268,8 л метиламинді жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) ауа қажет? Осы жағдайдан алынған азот 170 г аммиак алу үшін жеткілікті ме?

2.13. 15 г глицин (аминсірке қышқылы) 91 мл 10%-ті натрий гидроксидімен (ρ=1.1 г/мл) әрекеттескенде қанша тұз түзіледі?

2.14. 31,2 г ароматты көмірсутекті нитрлеп, мононитротуынды алған, содан кейін оны қышқыл ортадағы темірмен тотықсыздандырғанда шығымы 60 % -ті органикалық қосылыс түзілген. Бұл зат 14,04 г натрий хлориді мен концентрлі күкірт қышқылы әрекеттескенде бөлінген газды толық жұтқан. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек. Алынған көмірсутектің құрылысы мен молекулалық массасын анықтау керек.

2.15. 50 г анилин, бензол және фенол қоспасын құрғақ хлорлы сутекпен өңдегенде түзілген 25,9 г тұнбаны фильтрлеп, қалған фильтратқа бром суын қосып 9,93 тұнба алған. Алғашқы қоспадағы заттардың процентті құрамын анықтау керек.

2.16. 9,2 г анилин, фенол, сірке қышқылы және этил спирті қоспасын гександа ерітіп, оған натрийдің артық мөлшерін қосқанда 1,68 л газ (қ.ж.) бөлінген. Осындай массадағы (9,2 г) қоспаға бром суының артық мөлшерін қосқанда 9,91 г ақ тұнба түзілген. Осындай мөлшердегі қоспа 18,5 мл ( ρ=1.1 г/мл) 11%-ті натрий гидроксидімен әрекеттеседі. Қоспадағы әр заттың процентті мөлшерін анықтау керек.