Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анықтама Жалпы химия.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Карбон қышқылдары тақырыбына есептер мен жаттығулар

1. Изомерия және номенклатура

1.1. Мына қышқылдарды халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атау қажет: а) СН3-СН2-СООН; б) СН3-(СН2)2СООН; в) СН3-СН2-СН(СН)СООН; г) СН3-СН2-СН(СН3)-СН(СН3)СООН

Алғашқы екі қышқылдың тривиальды аттарын атау керек.

2.2. а) 2-метилгексан қышқылы; б) 5-метилгексан қышқылы; в) 2,3-диметилпентан қышқылы; г) 3,3-диметилпентан қышқылы формулаларын жазу керек.

2.3. С5Н10О2 құрамды барлық қышқылдар изомерлерін жазып, халықаралық жүйелік және рационалды номенклатура бойынша атау керек. Олардың жалпы тривиальды атын атау керек.

2.4. С4Н6О2 құрамды бір негізді қанықпаған тармақталмаған көміртек тізбегі бар қышқылдар формуласын жазып, аттарын атау керек.

2.5. а) цис-α, β-диметилакрил қышқылының; б) транс-β-изопропилакрилқышқылының формуласын жазу керек.

2.6. Мына қышқылдың СООН-СН=СН-СООН геометриялық изомерінің формуласын жазу керек. Олардың тривиалды аттарын атау қажет.

2.7. Мына қышқылдардың СН3(СН2)14СООН; СН3(СН2)16СООН; С17Н33СООН

тарихи аттарын атау керек. Жоғары май қышқылдары деп қандай карбон қышқылдарын айтады?

2. Химиялық қасиеттері

2.1. Мына заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазу керек: а) пропион қышқылы мен натрий гидроксиді; б) май қышқылы мен натрий карбонаты;

в) валериан қышқылы мен кальций гидроксиді; г) изомай қышқылы мен кальций карбонаты; д) сірке қышқылы мен алюминий гидроксиді.

2.2. Мына заттар арасындағы реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) пропион қышқылы мен пропил спирті; б) май қышқылы мен изопропил спирті;

в) 3-метилбутан қышқылы мен метил спирті; г) сірке қышқылы мен метилэтилкарбинол; д) изомай қышқылы мен 1-бутанол; Түзілген заттарды атау керек. Бұл реакциялар қалай аталады? Бұл реакциялардың шығымын қалай арттырады?

2.3. Мына заттар арасындағы реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) сірке қышқылы мен бес хлор фосфор; б) пропион қышқылы мен бес бром фосфор;

в) 3-метил бутан қышқылы мен РВr5. Түзілген қышқыл туындыларының аттарын жазу керек, қышқыл қалдығы (ацил) деген не?

2.4. Мына заттарға судың әсерін көрсететін реакция теңдеулерін жазу керек:

а) пропион қышқылының хлорангидридін; б) хлорлы ацетилге; в) май қышқылының бромангидридіне.

2.5. Мына заттарды дегидратациялап ангидрид түзілуінің кестесін жазу керек:

а) пропион қышқылының: б) капрон қышқылының; в) 3-метилбутан қышқылының; г) май және сірке қышқылдарының қоспасының; д) пропион және изомай қышқылының. Түзілген ангидридтерді атау керек.

2.6. Қышқылдардың аммонийлі тұздарынан амидтер алу реакция теңдеулерін жазу керек: а) пропион қышқылының; б) изомай қышқылының; в) капрон қышқылының; д) метил-этилсірке қышқылының түзілген амидтерді атау керек.

2.7. Қышқылдар ангидридтерінен а) изомай қышқылының; б) капрон қышқылының; в) триметилсірке қышқылы ангидридінен қышқылдар амидін алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.

2.8. а) сірке қышқылы амидінің (ацетамидтің); б) май қышқылы амидінің гидролиз теңдеулерін жазу керек. Алынған заттар аттары.

2.9. а) пропион қышқылы амидінен; б) метилэтилсірке қышқылы амидінен;

в) 4-метилпентан қышқылы амидінен қышқылдар нитрилдерін алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек нитрилдер аты.

2.10. Қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек:

а) бромның олеин қышқылына; б) хлордың кротон (2-бутен) қышқылына;

в) сутегінің олеин қышқылына; г) сутегінің 2-метил-пентен қышқылына;

в) және г) реакцияларының өту жағдайларын көрсету керек. Реакциялар өнімдерін атау қажет.

2.11. Қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек; а) акрил қышқылына НСl қосу; б) метакрил қышқылына НI қосу; в) 2-бутен қышқылына НВr қосу. Марковников ережесі бойынша қосылу реакциялары жүреді. Қос байланысқа –СООН тобының, электроноакцептарлық сипатын еске ала отырып, галоген сутектердің қосылу ретін көрсету керек.

2.12. а) метакрил қышқылының метил спиртімен; б) олеин қышқылының этил спиртімен әрекеттесулерінің реакция теңдеулерін жазу керек. Түзілген қосылыстарды атау керек.

2.13. а) акрил қышқылының метил эфирінің; б) метакрил қышқылының метил эфирінің полимерлену кестелерін жазу керек. Түзілген полимерлердің практикалық маңызын айту керек.

2.14. а) қымыз қышқылын; б) малон қышқылын; в) метилмалон қышқылын;

г) диметилмалон қышқылын қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек.

2.15. Карбоксил тобының құрылысын көрсету керек. Электрондық тұрғыдан гидроксил тобының карбонил қасиетіне әсерін, және карбонил тобының гидроксил қасиетіне әсерін түсіндіру керек.

2.16. 8% -ті 500 г құмырсқа қышқылында әлде 10,5%-ті 500 г сірке қышқылында еріген зат молекуласы көп?

2.17. Егер альдегидтің тотығуы 95% болса, өндірістік шығын 10% болса, 1 т сірке қышқылын алу үшін қанша ацетилен қажет.

2.18. 10%-ті 200 мл (ρ = 1,104 г/мл) сірке қышқылы ерітіндісіне 5%- ті 100 г натрий гидроксидінің ерітіндісін қосқан соң қалған сірке қышқылы 2 г ізбесті ерітуге жете ме?

2.19. 16 кг метанолды тотықтырғаннан алынған қышқылды бейтараптауға 0,0002 м3 (ρ = 1200 кг/м3) 20%-ті натрий гидроксиді жұмсалған. Түзілген тұз массасын есептеу керек.

2.20. 42 г бір негізді органикалық қышқылға 36,3 мл 20%-ті (ρ = 1,1 г/см3) натрий гидроксидін қосқан, сосын натрий гидрокарбонатының концентрлі ерітіндісінің артық мөлшерін қосқан, сонда 11,2 л (қ.ж.) газ бөлінген. Алынған органикалық қышқылдың құрылысын анықтап, атын атау керек.

2.21. Фенол мен сірке қышқылының 50 г қоспасына бром суымен әрекет еткенде 33,1 г ақ тұнба түзілген. Осындай мөлшердегі қоспаға 139,1 мл

10%-ті (ρ = 1,15 г/мл) натрий гидроксиді ерітіндісі жұмсалған, сонда алғашқы қоспада болған сірке қышқылының концентрациясы қанша?

2.22. Бензол мен толуол қоспасын калий перманганатымен тотықтырған соң (қышқыл ортада) 8,54 г бір негізді органикалық қышқыл түзілген. Осы қышқылды натрий гидрокарбонатының артық мөлшерімен өңдегенде бөлінген газ көлемі көмірсутектер қоспасын толық жаққан кезде бөлінген сондай газ көлемінен 19 есе аз болған. Алғашқы қоспадағы әр компоненттің массалық үлесін (%) анықтау керек.

2.23. 3,664 г фенол, этанол және сірке қышқыл қоспаларының 25 мл бензолдағы ерітіндісіне натрийдің артық мөлшерін қосқанда 672 мл газ (қ.ж.) бөлінген. Осындай мөлшердегі қоспаны толық бейтараптау үшін 18,165 мл 8%-ті (ρ = 1,101 г/мл) натрий гидроксиді ерітіндісі жұмсалған, ал бейтарапталғаннан соң ерітіндіге бром суын қосқанда 3,31 ақ тұнба түзілген. Алғашқы ерітіндідегі еріген әр заттың молярлы концентрациясын анықтау керек (Жауабы: 0,4 М С2Н5ОН; 0,24 М С6Н5ОН; 1,76 М СН3СООН)

2.24. 64,4 кг құмырсқа қышқылмен метанды каталитикалық тотықтырып 2СН4+3О2 → 2НСООН +2Н2О алғанда қанша көлем табиғи газ (98% метан көлем бойынша) қажет?

2.25. 1 г бір негізді органикалық қышқылды бейтараптану үшін 27 мл 0,5 М натрий гидроксиді жұмсалған. Осы қышқылдың құрылысын анықтау керек.