Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметбеков дип.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
19 Мб
Скачать
☆

4 Еңбекті қорғау

1. Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау заңы. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы заңы, елімізде еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлерді сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституциясының 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.Сонымен қатар әркімнің тынығу құқығы бар,еңбек шартына сәйкес. Еңбек қорғау еңбек жағдайларын оңтайландыру мен салауаттандыру, өндіріске жаңа технологиялық жаңалықтар ендіру, еңбекті көп қажет ететін, әрі зиянды өндірістік үрдістерді автоматтандыру, механикаландыру сұрақтарын қарастырады.

2007 жылғы 15 мамырында қабылданған № 251-3 Еңбек кодексінің мақсаты еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтары мен бостандықтарының ең аз кепілдерін белгілеуге бағытталған, тікелей еңбекке байланысты еңбек қатынастарын және басқа да қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.

2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-3 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23 бабында – «Жұмыс берушінің негізгі құқығы мен міндетінде» айтылған:

Жұмыс беруші міндеті: жұмысшыны алдын ала зиянды және қауіпті еңбек жағдайларымен және профессиональдық ауру туралы ескертуге; технологиялық процестерде және жұмыс орында қауіпсіздік шараларын алдын ала қолға алу керек, ҒТП және өндірістік профилактикалық жұмыс атқару керек; әрбір жұмыскер істеген жұмыс уақытын, қосымша жұмыс уақытын, зиянды және қауіпті жұмыс, ауыр жұмыс жағдайын ескеріп дәл санауға; жұмыскердің денсаулығына және өміріне келтірілген зиянға Қазақстан Республикасының заңына сәйкес орнын толтырып, төлеу керек; еңбек жөніндегі жауапты өкілетті адамды, мемлекеттік еңбек қорғау ұйымының территориялық бөлімшесінің өкілетті өкілін, еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспектерлерді қауіпсіздікті тексеру үшін, еңбек қорғау жағдайының ұйымдарда ҚР заңының қауіпсіз еңбек қорғауы, мекемеде және кәсіпорында оқыс оқиға болу жағдайын тексеру үшін кедергісіз жіберуге міндетті.

Адам еңбек ететін ортада салауатты да қатерсіз жағдай жасаумен ұштасқан мәселелерді зерттеп шешу - өңдірістің жаңа технологиясы мен жүйесін орындағанда ескерілетін аса маңызды міндеттердің бірі. Өндірістегі қауіпті оқиғалардың, кәсіптік сырқаттың, апаттың, жарылыстың, өрттің ықтималдық себептерін зерттеп анықтау, оның зардаптарын жоюға бағытталған шаралар мен талаптарды жүйелеу арқылы адамның еңбегіне қауіпсіз, қолайлы жағдай жасауға жол ашылады. Жайлы да қатерсіз еңбек жағдайы – еңбек қауіпсіздігіне, жұмыскерлер дененің саулығына оң ықпал жасайтын негізгі факторлардың бірі.

Басқаша айтқанда, еңбекті қорғау жүйесіне еңбекті қорғауға, техника қауіпсіздігіне және өндірістік санитарияға негізделген заңнама кіреді. Соңғылардың құрамына қауіпті де залалды өндірістік жүйелердің жұмыскерге ықпал жасауын доғаратын ұйымдық, техникалық, гигиеналық, емдік – сақтық және басқа да шаралар енгізіледі.

Осы заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлерді сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

2. Мал шаруашылық кешендеріндегі кездесетін қауіпті және зиянды факторлар. Бүкіл өндірісте, бөлмелер, құрал-жабдықтар, технологиялық желілер салауатты да қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін талаптарға сай болуы тиіс. Өндірістік жабдықтарға, олардың орналасуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды орындауға, өндірісте жарақаттаудан сақтандыруға бағытталған амалдар техника қауіпсіздігіне арналған ережелерде бекітілген. Өндірістік процестерге лайықтанған стандарттар мен өндірістік факторлардың тізбегі жұмыскерлердің кәсіби сырқатының алдын алатын өндірістік санитария нормаларын жүйелейді.

Барлық кешендерде санитарлық-гигиеналық сақтаумен қатар жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Дезинфекциялық құрылғылармен жұмыс атқаруға тек қана медициналық байқаудан, қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж өткен және құрылғыны меңгеріп, оның эксплуатациялық ережелермен танысқан тұлғалар жіберіледі. Техника қауіпсіздігіне қызмет көрсететін жұмыскерлер электр тоқпен зақымдалғанда, улану кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету ережелермен таныс болуы керек. 18 жасқа дейінгі бойжеткендерге, жүкті әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салынады.

Кесте 8 – Мал шаруашылық кешенінде қызмет ету барысында туындайтын зиянды және қауіпті факторлар

№

Зияңды және қауіпты факторлар

Зиянды және қауіпты факторлерді жою тәсілдері

1

Малды некробактериозға тексеру кезңнде, малдың сүзуі, тебуі, тістеуі және т.т.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалау. Малмен жұмыс істеу тәртібін бұзбау, дереу медициналық көмекке жүгіну.

2

Некробактериозбен ауырған малды емдеу кезінде ауруды жұқтыру

Қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалау, жеке бастың гигиенасы ережелерін сақтау, жүйелі түрде медициналық бақылаудан өту.

3

Дезинфекциялау, дезинсекциялау, вакциналау және т.б. шараларды жүргізгенде қолданылатын жабдықтар, қондырғылар

Жұмыс орнын қауіпсіздендіру, жабдықтар және қондырғылармен жұмыс істеу тәртібін қатаң ұстану

4

Дезинфекциялағыш химиялық заттар

Жеке қорғаныс заттарын: комбинизондар, көзілдіріктер, респиратор, қолғаптар пайдалану. Ертінділер көзге түскен кезде, оларды сумен мұқият жуу, медициналық көмек көрсету

5

Емдік препараттар, вакциналар, қан сарысулары және т.б.

Емдік препараттармен жұмыс істеу ережелерін ұстану. Препарат организмге түскен жағдайда, асқазанды шайып, антидот қабылдап, медициналық көмекке жүгіну.

Мал шаруашылық ғимараттарды, зертхана маңының аймағын, құрал-жабдықтарды және тағы басқа нысандарды ветеринарлық санитарлық домдауды маманның басшылығымен атқарылуы керек.

Мобилды дезинфекциялық жабдықтар, сондай-ақ санитарлық домдаудан өтетін орындар алғашқы медициналық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі қажет.

3. Өрт қаіпсіздік шаралары. Бұл шаруашылықтың нысандарында өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер қатаң сақталынады және осыған орай барлық қажетті өрт сөндіргіш құралдармен (өрт сөндіруші баллондар, құм, күрек және т.б.).

Ғимарат ішінде лаймен, шелекпен, ОПУ-5 отсөндіргішімен, күрекпен, топырағы бар. Жәшікпен жабдықталған тақта бар.Отсөндіргіштерді екі жыл сайын бақылаушы органдар тексеріп отырады. Сонымен қатар, жылсайын отсөндіруші қызметші инспекторлары өтке қарсы жағдайды тексеріп отырады. Өртті болдырмау мақсатында ғимарат ішінде ақпараттық беттер ілінген.

Оларда келесі ескертулер мен тыйымдар жазылған:

  • өндірістік ғимараттарда шылым шегуге;

  • орталық жылыту радиоторларының бетінде, электр-жабдықтары мен электроөткізгіштер маңында қағаздар, басқа да тез өрттенетін заттар қалдыруға;

  • электрожабдықтары мен электрошамдарын сөндірусіз қалдыруға;

  • тез өрттенетін, жарылғыш, басқада өртке қауіпті заттарды (бензин, скипидар, эфир, спирт,т.б) тиісті ережелер сай сақталмау;

  • электроөткізгішті зақымдап,бетіне плакаттар іліп, шкафтар қою;

  • өртсөндіргіш құралдарға өтетін жолдарды қиындатып, бөгеттеуге тыйым салынған.

4. Өндірістік санитария. Зерттеу жүргізілген «Родина» АФ Астана қаласынан 71 шақырым қашықтықта, ал малшаруашылық кешені елді мекеннен 500 м қашықтықта орналасқан. Шаруашылық аумағы дуалмен қоршалған. Шаруашылық аумағына санөткізгіш арқылы өтеді. Санитарлық өткізгіштер тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Келіп-кету тіркеу журналы бар. «Родина» АФ еңбек қауіпсіздігіне жауапты инженер Қабылов А.Ж. Ол еңбек қауіпсіздігін қадағалап, еңбек қауіпсіздігі бұзылған жағдайда тиісінше заңға сәйкес іс-шараларды қолданады.

Барлық заң нормативтері «Родина» АФ толығымен дерілік сақталынып жасалады. Жұмысшыларға жаз уақытында 1 ай еңбек демалысы беріледі. Ауырып қалған кезінде денсаулық жағдайына байланысты уақытша демалысқа шығарады.

Жұмыс уақытты 8 сағаттық, ал егер одан ұзақ уақыт жұмыс істесе қосымша жалақы беріледі. Жексенбі күнгі жұмыс уақытына 2 есе жалақы мөлшері сақталған.

«Родина» АФ еңбекті қорғауға көп көңіл бөлінеді. Жаңадан жұмыс орындарына келіп түскен жұмысшыларға, шаруашылықтағы мамандар еңбек қорғау ережелерімен таныстырып олары терең түсіндіреді. Әрбір жұмыс орындарында еңбекті қорғау шаралары көрсетіледі, бұл үшін бөлімше, ферма басшылары, бригадирлер жауапқа тартылады. Осы басшылар күнделікті және мерзімділік еңбек қорғауды жүргізіп отырады.

Алты айда бір рет бұл саланың мамандары шаруашылықта тексеріс жүргізеді. Тексеріс барысында басты назарды жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғау туралы шараларға деген білімін, еңбек әдістеріне аударады. Еңбек қорғау ережелерімен танысқан жұмыскерлер бақылау карточкасына қол қояды. Жұмыс орнында өткен еңбек қорғау туралы бақылаулар, арнайы журналдар бекітіліп отырады, бұл журнал шаруашылықтың әрбір бригадасына, бөлімшелерінде және фермаларда болады.

Шаруашылықтағы жұмыскерлердің еңбек қорғау жөнінде білімі жоғары болуы үшін, еңбек қорғау ережелерін шаруашылықтың әрбір өндіріс ғимараттарында және басқару мекемесінде көзге түсетіндей етіп ілінген. Шаруашылықтың инжинерлеріне және барлық басшыларына еңбек қорғау жөнінде дәріс өткізіледі. Өндірісте істейтін жұмыскерлерге арнайы киімдер беріледі. Қауіпті, улы заттар және дизинфекциялық ертінділермен жұмыс атқаратын болса, оларға қорғаныс көзілдірігі, респиратор және қолғаптар беріледі.

Қажетінше бұл бұйымдар шаруашылықтаң әрбір жұмысшыларында болуы қажет. Жұмыс беруші жұмысшыларды арнайы тамақтандырады. Шаруашылықта жұмысшылар үшін санитарлық – гигиеналық жағдайлар жасалынады және де шаруашылықта дәрігерлік дәрі – құты болады. Дара және ұжымдық қорғаныш құралдарын тағайындау үшін арнайы киімдермен бақылау жүргізіледі. Әрбір тракторда дәрі –дәрмектің, орау, қан тоқтататқыш құралдардың толық жиынтығы бар медициналық қобдишалар бар.

Дератизация және де басқа ағзаға қауіпі бар зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде респираторларды немесе марлы маскаларды қолданады.

Шаруашылықтағы малдардан күнделікті бөлінген нәжісі қи қоймаларында сақталады. Қи қоймалары ережеге сәйкес, бөлек тұрған ғимараттарда орнатылады. Бұл ғимараттарда қи үйіндісінен шырақтар және электр өткізгіштер 0,5м қашықтықта болу керек. Қи қоймаларында 10% шамасында бос орын қалдырылады, бұл ондағы қидың өздігінен қызып жануына мүмкіншілік бермейді. Қи қоймаларында қимен қоса өртке қауіпті заттарды сақтауға болмайды, бұл қандай да бір құрал, жұмыс істеуге келмейтін машиналармен жұмыс істеу және жұмыс машиналарын қараусыздан қалдыруға тиым салынады. Ғимараттардың барлығында желдету алдын – ала ескертілген. Шаруашылық территориясында бөтен адам болмауы тиіс.

Шаруашылықта химиялық құралдармен сәйкес барлық жұмыстар МС сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік міндеттері шаруашылық бастықтарына жүктеледі. Өңдеу жұмыстарына арнайы қызметші алынады, қызметші жұмыс тәжірибесі бар адамдар арасынан алынады.

Дезинфектаттармен жұмыс істейтіндер арнай киімдермен қамтамасыз етіледі, яғни комбинезон және халат, резеңке етіктермен және қолғаптармен, алжапқыштармен және көзілдіріктермен. Тыныс алу органдарын қорғау үшін арнайы респираторлар және противогаздар қолданылады. Күн сайын жұмыс аяқталысымен резеңке противогаздарды және респираторларды жылы сумен жуады, мақтамен дезинфекциялайды, мақтаны алдымен спиртта немесе 0,5% маргацовка қышқылды калий ерітіндісінде сулайды. Дезинфекциядан кейін қайта таза сумен шайып, кейін кептіреді.

Жұмыс уақытында темекі шегуге және тамақ ішуге , қолмен көзді және бетті ұстауға қатаң тиым салынады. Жұмыс аяқталысымен және тамақ ішер алдында қолмен бетті сабындап жылы сумен жуып және жаңбырлатқыш қабылдау қажет. Арнайы киімді арнайы бөлмеде сақтайды. Жұмыс жүргізілетін жерлерде дәрігерлік дәрі – құт болады, онда: бинт, лейкопластырь, қайшылар, дәрі – дәрмектер , зеленка және спирт, ауруды сездірмейтін заттар болады. Дезенфекцияға қажетті улы заттармен жұмыс істейтіндерге 0,5л сүт беріледі. Дезенфектаттарды құрғақ, жақсы жабылған жерлерде сақтайды. Әр орамада этикетка болады, онда әсер етуші зат пайызы және дезенфектат аты жазылады. Дезенфектаттар сақталу қоймасы тұрғын үйлерден 200м қашықтықта болу қажет. Шаруашылық территорияларына (дәріханасы, қи қоймалары, гараждар) өрт сөндіру қалқандары орнатылған, олардың әрқайсысында екі от сөндіргіш болады (ОВП - 5), екі сүймен, бір балта, екі күрек, құм салынған жәшік. Дәріханада, қоймаларда, гараждарда техникалық қауіпсіздік бойынша эвакуация жоспары орналастырылған. Өртке қарсы сақтану қауіпсіздігі өрттерді ескерту үшін, тұтануға шек қою, сонымен қатар өрт болу жағдайында адамдар эвакуациясы үшін қажет. Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі ережелері сақталады және шаруашылық бастығы жауапты адамдарды тағайындап, оған өртке қарсы қауіпсіздік туралы ескертеді.

Сонымен қатар лабороторияда анықтау жұмыстары атқарылды. Лабораторияда әрбір құрал-жабдықта дұрыс қолдану туралы және онымен дұрыс жұмыс істеу туралы нұсқау ілініп тұрады. Құрал-жабдықтар арнайы орындарда сақталады. Реактивтерге тоқталатын болсақ, олар шкафтарда, яғни шыны банкілерде сақталады. Реактивтер сырттары жазылған, сақтау мерзімі шығарылған күні және сақтау шаралары жазылған колбаларда сақталады.

Нысандағы бөлмелердің желдетілуі жаңа сорғыш шкафтармен жүзеге асырылады. Жарықтандырылуы – табиғи және жасанды түрде, табиғи жарық жақсы түсетін бөлмелерде микроскоптау, фонды салыстыру жұмыстары жасалады.

Еңбек қорғау бойынша мәліметтерді сараптай отырып, келесі шараларды ұсынамын:

  • қауіпсіздік техникасын орындау жөніндегі бақылауды күшейту;

  • жұмысшыларды арнайы киіммен қамту;

  • жылумен қамтамасыз етуді жөндеу;

  • бөлмелердің жарықтандырылуын күшейту;

  • еңбек қорғау шараларын ұйымдастыру үшін қаржыландыруды көбейту.

Шаруашылықта жұқпалы ауру байқалса жұмысшыларды бірден дәрігерлік қараудан өткізеді.

Шаруашылықта еңбек құқықтарын бұзуы туралы жұмысшылар арасында ешқандай шағым болмаған.

Ғимарат (қоралар) ішінің микроклиматы ауаның көптеген физикалық, химиялық, биологиялық шамаларымен(температура, ылғалдылық, қозғалыс жылдамдылығы, жарық мөлшері,ауа құрамы, микрофлора және басқа да көрсеткіштер) сипатталады.Жұмыс орнындағы барлық көрсеткіштер тиісті зоогигиеналық талаптарға сай келеді.

Мал қораларында жарық көздері-табиғи және жасанды, УЗ-200 қыздырғыш лампалары қолданылады. Ғимараттардың ішін жылыту үшін бу пештері қолданылады. Ветеринарлық жүйенің өзгерістері, мекемелерінде жұмыскерлер еңбегінің қорғалуы мен ұйымдастырылуын қатысты шаралардың жүзеге асырылуына осы өндірістер мен мекемелердің басшылары жауапты. Олар заман талабына сай техника қауіпсіздігі құралдарын ендіруге, еңбек жағдайының зиянды факторларын жоюға немесе азайтуға оқыс аппараттардың алдын алуға, өндірістік ғимараттарда тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайды қалпында ұстауға міндетті..

Шаруашылық аумағында дәрілік препараттары бар дәріхана, дезинфекциялық және улы заттар сақталатын қоймалар бар.

Шаруашылық жұмысшыларына арнайы киімдер (халаттар, комбинезондар, курткалар, дене жылытқыштар), арнайы аяқ киім (резеңке етік,галоштар, тапочкалар), қорғаныс құралдары (қорғаныс көзілдіріктер, респираторлар, резеңке қолғаптар) беріледі.

Мал ұстайтын ғимараттар типтік түрде салынады. Азықтандыру, қиды жинау жартылай автоматтандырылған. Ғимарат ішіндегі ауа температурасы суық жыл мезгілдерінде 18-19 ºС, ал жазда 20-21 ºС аралықтарында ауытқиды. Ауаның ылғалдығы 50-75%.

5. Қорытынды, тұжырымдама. Қорытындылай келе зерттеу жұмыстары жүргізілген Целиноград ауданының «Родина» АФ еңбек қорғауға қатысты шаралардың негізінен сақталатынынкөреміз.

Жануарлармен жұмыс істейтін қызметкерлер жыл сайын толығымен медициналық тексерістен өтіп тұрады (жылына бір-екі рет).

Еңбек қорғау жағдайын жақсарту үшін келесі шараларды ескеру қажет:

  • Қауіпсіздік техникасын кабинетін ашып, оны қажетті әдебиет көздерімен, техникалық құралдармен, әр мамандық түріне қатысты нұсқамалармен жабдықтау;

  • Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар өткізіп, арнайы журналдар жүргізу, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қадағалау;

  • Жұмысшылардың күнделікті еңбегіндегі санитарлық жағдайды жақсарту;

  • Жаз мезгілінде ыстық суды үздіксіз келіп тұруын қамтамасыз ету;

  • Ғимарат ішіндегі жарық көзін жақсарту;

  • Дер кезінде есіктерді жөндеп, терезелерді әйнектермен жабу;

  • Жұмысшылардың демалып отыруы үшін арнайы орындар бөліп, тиісінше жабдықтау;

  • Емхана маңын көгалдандыру;

  • Барлық бөлімдердің, дәретханалардың санитарлық жағдайын бақылау;

  • Жеке қорғаныс құралдарының, техника мен жабдықтардың дұрыс жұмыс атқаруын қадағалап отыру.

Сондықтан осы ережелер мен шараларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңын іске асыра отыра, нәтижелі еңбек көрсеткіштеріне ие боламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]