- •Белгілер мен қысқартулар
- •Әдебиетке шолу
- •1.1.1 Шаруашылықта некробактериоздың пайда болу этиологиясы
- •1.1.2 Некробактериоз кезінде қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар
- •1.1.3 Некробактериозды алдын алу шаралары
- •1.2 Өндірістік нысанның қысқаша сипаттамасы
- •1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •1.3.1 Зерттеу материалдары
- •1.3.2 Зерттеу әдістері
- •1.4 Зерттеу нәтижелері
- •1.4.1 Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайының сипаттамасы
- •1.4.2 «Родина» аф індеттік жағдайы
- •1.4.3 Бактериологиялық зерттеулер
- •1.4.4 Алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру
- •2 Экономикалық бөлім
- •3 Қоршаған ортаны қорғау
- •4 Еңбекті қорғау
- •Қорытынды және ұсыныстар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.1.3 Некробактериозды алдын алу шаралары
Инфекциялық аурулардың алдын алудың басты негізі – малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін әрбір аурудың өзіне тән арнайы биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарладың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады [27].
Инфекциялық ауруларды алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі.
Инфекциялық аурулардың алдын алу үшін жаңадан салынатын мал фермаларына орынды дұрыс таңдап алу қажет. Әсіресе топалаң секілді қоздырушысы топырақта ұзақ жылдар бойы сақталатын аурудан ол жердің сау болуы шарт. Инфекциялық ауру фермаға басқа мал фермаларынан, елді мекендерден келеді. Сондықтан да мал фермаларын әртүрлі объектілерден санитариялық талаптарға сай ара қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Инфекциялық аурудың таралуы үшін терісі бағалы аңдарды, үй қояндарын және құс өсіретін шаруашылықтар ерекше қауіпті болып саналады. Өндіріс орындарының ішінде бұл тұрғыдан мал өнімдері мен шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындары (тері заводы, ет комбинаты, т.б.) қауіп тудырады. Сондай-ақ қатынас жолдарынан, әсіресе ірі транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастырған дұрыс [24, 28].
Санитариялық тұрғыдан мал фермалары мен кешендері жабық кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан оларды қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен кешеннің күллі территориясы тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның биіктігі кемінде 180 см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1 м, тереңдігі 1,5 м ор қазылады.
Ферманың ішкі территориясына қатынайтын көлік, егер мал тұрмайтын шаруашылық аймағына баратын болса (мысалы, жем-шөп әкелгенде) дезтосқауыл арқылы өтеді. Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адамдар ветсанөткелек арқылы өткізіледі.
Бүгінгі күнде әр түрлі меншіктегі ауылшаруашылық құрылымдарының мал шаруашылық фермаларында туберкулезді алдын алу шаралары, мал шаруашылығы саласының қайта құрылуға ұшырауын және аймақтың нақты індеттік жағдайын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Жануарлар арасында инфекциялық ауруларды оның ішінде некробактериозды болдырмауға және жаңа оқиғаларының тіркелуіне жол бермеуге бағытталған ветеринариялық-санитариялық алдын алу шараларының кешенін іске асыру, шаруашылықтардағы ветеринариялық мамандардың кәсіби қызметтерінің негізі болып саналады [29].
Мал шаруашылық нысандарының жалпы жағдайларына, төсеніш материалдарының бар-жоқтығына, жүйелі түрдегі серуендету шараларынң іске асырылуына, жануарларды зерттеп ванналардан жүргізілуіне, үнемі тұяқтарың тазаланылуына аса назар аударылып отырылуы тиіс.
Ауылшаруашылық малдарының тұяқтарын күту шараларының дұрыс ұйымдастырылуы, тұяқ ауруларын алдын алуда негізгі шарттардың бірі болып саналады (А.М. Голубев, 1969) [7].
Бұл шараларды жүргізу бойынша жауапкершілік шаруашылық басшысына, ал оларды ұйымдастыру ветеринариялық қызметке жүктеледі. Бұл шараларды іске асыру кезінде ветеринариялық мамандар, үнемі шаруашылықтағы мал басына жоспарлы түрде профилактикалық тексеріс жүргізеді, уақытысында тұяқтарды тазарту жұмыстарын ұйымдастырады, әр түрлі тұяқ аурулары бар жануарларды анықтап оларға қажетті емдік көмек көрсетеді, жануарларды азықтандырудағы және күтудегі зоогигиеналық талаптардың орындалуын қадағалайды [30-33].
Мал шаруашылығы кешендерінде ірі қара малдың некробактериозын алдын алу үшін түрлі антибиотиктар қолданылады. Оларды азық арқылы береді немесе бұлшық етке егу арқылы енгізеді (Джонсон қызмет. бірге 1957; В.И. Овчаренко, 1959; К.И. Михайлова, 1963; Р.Ф. Самохина, 1963; С.Т. Унгуряну, 1965; Б.Н. Барадиев, 1969 және т.б.) [34, 35 ].
Сонымен қатар аяқ некробактериозын алдын алу үшін көптеген зерттеушілер аяқ ванналарын қолдануды ұсынады. Н.А. Прудентов және В.С. Анисимовтардың айтулары бойынша аяқ ванналарын ауруды емедеу үшін емес, тек алдын алу үшін ғана қолдану керек [36, 37, 38].
Ванналар жасау үшін 5-10%-ды креолин, 2-10%-ды формалин, 2%-ды мыс купоросын қолданған дұрыс (А.А. Пальгов, Н.И. Мошкин, Н.К. Коровин және т.б.).
Жануар сауыққаннан кейін, мал тұрған қораларды жақсылап механикалық тазалап дезинфекциялау жүргізеді; малдың қиын жеке бекітілген орынға үйеді. Ауру мал жайылған жайылымдарды, тек, кем дегенде 1,5-2 ай мерзім өткесін ғана қайта қолдануға болады.
Жануарларды азықтандыруда толықтырылған рационмен қамтамасыз ету керек, әсіресе Са және Р бойынша, витаминдік терапия қолданылып, малдарға белсенді моцион ұйымдастырылуы тиіс. Тұяқ мүйізін қатайту үшін мал рационына, бір малға 5 грамм немесе 1 кг құрғақ азыққа (концентраттар) 2,5 грамм есебінен күкірт қосу тиімді болып саналады. Тұяқ мүйізінің тұрақтылығын жоғарлату үшін, мал рационын күніне 10 грамм метионин қосу арқылы байытқан пайдалы болып саналады. Д витаминдерін малдың 100 кг салмағына 3-5 мың әсер ету бірлігінде ішке беру жалпы тұрақтылықа жақсы әсерін тигізеді (А.А. Сидорчук с соавто., 1994) [22, 39, 40 ].
Көптеген ғалымдардың некробактериозға қарсы вакцинаны ойлап шығару бағытында зерттеулер жүргізулеріне қарамастан, соңғы жылдарға дейін неркобактериозды арнайы алдын алу шаралары біздің елімізде де, шетелдерде де әзірленбеген болатын. Бірақ бұл жұмыстар қажетті нәтиже бермегендіктен барлық аймақтарда зерттеулер тоқтатылып, тек 20 ғасырдың 80-ші жылдары қайтадан жандана бастады.
Осы зерттеулердің нәтижелерінде Скрябин атындаға Мәскеудің Ветеринариялық Академиясында алғашқы болып «Нековак» вакцинасы әзірленіп шығарылды. Әзірленген эмульды вакцинаны солтүстік бұғыларда апробациялау барысында, оның тиімділік коэффициенті 85%-дан 98%-ға дейін екендігі анықталды. 1989 жылы бұл вакцина арнайы іріктелініп алынған ірі қара мал тобында зерттелініп, сынақтардан сәтті өтті (О.И. Соломаха, 1994) [37, 41, 42].
1992 жылы өндірістік мақсатта жалпы 1000 литрға жуық вакцина өндіріліп шығарылды. Қолдану нұсқауына сәйкес вакцина тері астына бір және екі мәрте егіліп отырылды және вакциналаудан кейін егілген малдарда асқынулар байқалған жоқ.
Вакциналау жүргізілген барлық шаруашылықтар, көптеген жылдар қатарынан некробактериоз бойынша қолайсыз болып саналған және жылдық шалдығу деңгейі 15-30%-ға дейін болып отырған. Комиссиялық бақылау кезінде бір рет егілген малдар арасында 5% ауруға шалдықса, екі рет егілген малдардың тек 0,4% ғана ауырды. Вакциналау шараларының нәтижесінде некробактериозбен ауырған малдардың арасынан сауыққан малдардың саны арта бастады (О.И. Соломаха, 1997) [37, 43, 44].
Қазіргі кезеде Ю. Караваев пен И. Семёнованың әзірлеп шығарған – некробактериозбен ауырған малдарды емдеуге арналған гиперимунды қан сарысуы сәтті қолданылып жүр (Ю. Караваев, 1995); препаратты бұлшық етке екі мәрте егу және гиперимунды қан сарысуымен ылғалданған дәкелі-мақталы тампонды зақымданған жерге таму арқылы, химиялық препараттарды қолданумен салыстырғанда, ауырған жануарды 2-3 есе жылдамырақ сауықтыруға мүмкіндік береді [45, 46].
Әдеби шолуды қортындылай келе, некробактериозды алдын алу жүйесі, мал шаруашылығын жүргізу технологиясын ескере отыра, өзіне ұйымдастыру-шаруашылық, санитариялық және арнайы ветеринариялық шараларды енгізіп, малдарды қажетті деңгейде күту және азықтандыру жағдайларын жасауы тиіс.
Некробактериоздан сәтті шаруашылықтарда індетті алдын алудың негізі болып қоздырушының сырттан енбеуіне мүмкіндік беретін ветеринариялық-санитарлық талаптарды ұстану және дер кезінде осы ауруды анықтауға және емдеуге мүмкіндік беретін шараларды орындау табылады.
