- •Белгілер мен қысқартулар
- •Әдебиетке шолу
- •1.1.1 Шаруашылықта некробактериоздың пайда болу этиологиясы
- •1.1.2 Некробактериоз кезінде қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар
- •1.1.3 Некробактериозды алдын алу шаралары
- •1.2 Өндірістік нысанның қысқаша сипаттамасы
- •1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •1.3.1 Зерттеу материалдары
- •1.3.2 Зерттеу әдістері
- •1.4 Зерттеу нәтижелері
- •1.4.1 Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайының сипаттамасы
- •1.4.2 «Родина» аф індеттік жағдайы
- •1.4.3 Бактериологиялық зерттеулер
- •1.4.4 Алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру
- •2 Экономикалық бөлім
- •3 Қоршаған ортаны қорғау
- •4 Еңбекті қорғау
- •Қорытынды және ұсыныстар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу жұмыстарының негізгі бөлімі Целиноград ауданының «Родина» АФ жүргізілді. Шаруашылықтың індеттік жағдайын зерттеу жұмыстары, індеттанулық тексеру, салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы-геаграфиялық талдау негіздеріне сүйеніп әдістемелік нұсқауларға сәйкес атқарылды. Некробактериозды анықтау мақсатындағы зерттеу жұмыстары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Биотехнология ғылыми-зерттеу институтының зертханасында іске асырылды. Некробактериозға шалдыққан сиырларды емдеу шаралары, шаруашылықта бұрыннан қолданылып келе жатқан және қолдансықа жаңа енгізілген препараттардың көмегімен, әр түрлі емдеу үлгілері жүзінде жүргізілді. Алынған мәлметтерді талдау және өңдеу жұмыстары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ветеринариялық медицина кафедрасында өткізілді.
1.3.1 Зерттеу материалдары
Дипломдық жұмысты орындау кезінде мәліметтер көздері ретінде келесі құжаттар қолданылды: «Ауру малдарды тіркеу журналы» (форма №1); «Індетке қарсы шараларды тіркеу журналы» (форма №2); «Ауданның індеттік жағыдайын жазу журналы» (форма №3). Соныман қатар акттерден, есептен және басқа материалдардан алынды.
Зерттеу нысаны ретінде «Родина» АФ қарасты әр түрлі аяқ ауруларына шалдыққан ірі қара мал табылды. Жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында ауруға шалдыққан 56 бас ірі қара мал зерттелінді.
Ауруға шалдыққан малдарда некробактериозды анықтау мақсатында олардан сынама алынып зертханалық жұмыстар жүргізілді. Тәжірибелік жұмыс кезінде зат шынысына барлығы 72 жұғынды жасалынып, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Биотехнология ғылыми-зерттеу институтының зертханасы жағдайында Грам әдісі бойынша боялып микроскопиялау жүргізілді.
Шаруашылықта ірі қара малдардың некробактериозын емдеу мақсатында кеңінен қолданылатын және өндіріске жаңа енгізілген көптеген преапарттар қолданылады. Біз зерттеу жұмыстарымыздың мақсатына сәйкес ауруға шалдыққан малдардың ішінен 2 топ құрып оларға келесі препараттарды қолдандық:
- 0,2%-ды калий перманганаты ертіндісі;
- Чим Спрей аэрозольдық препараты;
- АлюмиСпрей аэрозольдық препараты;
- ихтиол майы;
- тетрациклин майы;
- АСД-3 фракциясы;
- деготь;
- мыс купоросы;
- йод;
- трициллин ұнтағы);
- нитокс;
- эфикур;
- тетравит;
- элеовит.
1.3.2 Зерттеу әдістері
Шаруашылықтың індеттік жағдайын зерттеу барысында негізінен кешенді індеттанулық зерттеу әдістерінің қағидаларын ұстануға тырыстық.
Шаруашылықта індеттік зерттеулер індеттік жағдайға негізделген мәліметтер жинау арқылы өткізілді.
Сонымен қатар, клиникалық зерттеу мәліметтері, патологоанатомиялық, серологиялық және аллергиялық зерттеулерден алынған мәліметтер пайдаланылды.
Салыстырмалы-тарихи сипаттама, зерттелетін нысанның соңғы жылдардағы індеттік жағдайна тарихи талдау барысында алынған көрсеткіштер аспектісіне негізделіп жасалды. Біздің зерттеулерде 2006-2010 жылдардағы мәліметтер жинағына талдау жасалды.
Салыстырмалы-геаграфиялық сипаттама Ақмола облысы Целиноград ауданының аймақтық инспекциясында жұмыс істеген кезіндегі мәліметтерден алынды. Жұмыс аудандық індеттік картасына, соңғы 5 жылда тіркелген аурулардың нозологиялық бағыттарына байланысты мәліметтеріне негізделді.
Некробактериозға шалдыққан малдан сынама алу тәртібі. Ауру малдан сынама алу тәртібі, бактериологиялық зерттеулерді жүргізу талаптарына сәйкес атқарылды. Алдымен қажетті мөлшерде зат шынылары дайындалады. Ол үшін олар сабынды сумен жуылып, ағынды сумен, кейіннен дистилденген сумен жақсылап шайылып, майсыздандырғыш ертіндіде (спирт-эфир қоспасы) ұсталынды. Жұмыс алдында зат шынылары құрғатылып арнайы штативте ұсталынады.
Некроздық ошақтан сынама алу үшін стерилденген бактериалдық ілмектер және хирургиялық скальпель қолданылды.
Ауруға шалдыққан малды арнайы станокта бекітіп, зақымданған аяғын сынама алуға ыңғайластырып көтереді. Жараның бетін скальпелмен өлеттенген ұлпадан, іріңді массадан терең қабаттарына дейін тазалаймыз. Содан кейін стерилді бактериалдық ілмекпен зақымданбаған ұлпа мен некрозданған ошақтың шекарасынан сынама аламыз. Сынаманы, алдын ала бетіне бір тамшы физиологиялық ерітінді тамызылған стерилді зат шынысына жұқтырып шынының бетіне жұқа жағынды жасаймыз. Әр ауру малдан зерттеуге екі сынамадан алынып отырды. Сынмалары бар зат шынылары ауада кептіріліп штативке салынып зертханаға зерттеуге жіберіп отырдық.
Сынмаларды Грам әдісі бойынша бояу. Реагенттер және олардың құрамы:
1. Генцианвиолеттің фенолды ерітіндісі (күлгін): 1,0 г генцианвиолет, 10 мл 96%-ды этил спирті, 2,0 г фенолдық кристалл, 100 мл дистилденген су. Кейбір жағдайларда генцианвиолеттің спиртті ерітіндісі қолданылады: 1,0 г генцианвиолет (немесе кристалды фиолет), 100 мл 96%-ті спирт (ректификат), 5 мл глицерин. Шөлмектегі қоспаны 24 сағатқа термостатқа қойдық (көп уақыт тұрса да болады), сонан соң сүзгінің көмегімен сүземіз.
2. Люголь ерітіндісі (2,0 г йодты калий, 1,0 г йодты кристалл, 300 мл дистилденген су). Бастапқыда 5 мл суға концентрленген йодты калий ерітіндісін дайындадық, онда йодты еріттік, сосын 300 мл-ге дейін су қостық.
3. 96%-ды этил спирті.
4. Пфейфер фуксині (карболды циль фуксинінің сулы ерітіндісі): 1 мл карболды циль фуксиніне (1 г негізгі фуксин, 1 г кристалданған карболды қышқыл, 10 мл 96%-ды этил спирті, бірнеше тамшы глицерин, 100 мл дистилденген су) 9 мл дистильденген су қосамыз.
Бояу тәсілі. Зат шынысынаа бекітілген жұғындының үстіне сүзгі қағазын қойып генцианвиолет карболын тамызамыз да, 2-3 минутқа қалдырамыз. Сонан соң жұғынды бетінен сүзгі қағазды алып, оның орнына Люголь ерітіндісін құйып, 2-3 минуттай ұстағаннан кейін, Люголь ерітіндісін төгіп тастап, оның үстіне 96%-ды спирт тамызып, 30-40 секунд ұстап, уақыт өткен соң сумен шаямыз. Жұғындыны Пфейфер ерітіндісімен 1-2 минут бояп, уақыт жеткен соң сумен шайып, жұғындыны сүзгі қағазбен кептіріп, жарық микроскобының көмегімен қараймыз. Егер аламыштанып боялған, жіпше созылған немесе ұзын жіңішке грамтеріс таяқшалар болса, некробактериоз дәлелденіп диагноз қойылады.
Емдік шараларды жүргізу. Некробактериозға шалдыққан малдарды емдеу жұмыстары және тәртібі зерттеу жұмыстарының мақсатына сәйкес екі топтағы малдарды емдеу нұсқасы бойынша жүргізілді.
Ауру малдың зақымданған жерін скальпельмен зақымданбаған ұлпаға дейін өлеттенген телімдерден тазалап, үнемі емдік шара жүргізер алдында 0,2%-ды калий перманганаты ертіндісімен жуып шайып отырдық. Ашық жараға мал тобына сейкес Чим Спрей немесе АлюмиСпрей аэрозольдық препараттарының біреуі себіледі (жараның көлеміне сәйкес 3-5 секунд). Кейіннен жараға арнайы дайындалағн құрама майдан тампон жасалынады: 1 топқа – ихтиол майы, АСД-3 фракциясы, деготь, йод ерітіндісі, трициллин ұнтағы; 2 топқа – тетрациклин майы, АСД-3 фракциясы, мыс купоросы. Көрсетілген дәрілік заттардың қоспасынан тампон жасалынып жараға таму салынады. Бұл шаралар күніне немесе бір күннен кейін қайталанып отырылды. Екі топтағы малдарға екі түрлі антибактериалдық препарат (нитокс және эфикур) және витаминдер (тетравит және элеовит) егіліп отырылды.
