- •Белгілер мен қысқартулар
- •Әдебиетке шолу
- •1.1.1 Шаруашылықта некробактериоздың пайда болу этиологиясы
- •1.1.2 Некробактериоз кезінде қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар
- •1.1.3 Некробактериозды алдын алу шаралары
- •1.2 Өндірістік нысанның қысқаша сипаттамасы
- •1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •1.3.1 Зерттеу материалдары
- •1.3.2 Зерттеу әдістері
- •1.4 Зерттеу нәтижелері
- •1.4.1 Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайының сипаттамасы
- •1.4.2 «Родина» аф індеттік жағдайы
- •1.4.3 Бактериологиялық зерттеулер
- •1.4.4 Алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру
- •2 Экономикалық бөлім
- •3 Қоршаған ортаны қорғау
- •4 Еңбекті қорғау
- •Қорытынды және ұсыныстар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2 Өндірістік нысанның қысқаша сипаттамасы
«Родина» АФ Қарағанды облысы, Целиноград ауданының солтүстік-батысында, аудан орталығынан 45, ал Астана қаласынан 71 шақырым жерде орналасқан. Шаруашылық 1961 жылы «Новый быт» колхозының негізінде құрылған және бүгінгі күнде шаруашылықтың құрамына келесі елді мекендер кіреді:
Приозерный ауылы – шаруашылықтың орталығы болып саналады және ауыл тұрғындарының саны шамамен 1400 адам;
Зеленый Гай ауылы – ауыл тұрғындарының саны шамамен 800 адам. Бұл ауылда шаруашылықта қыс айларында құрама азықтарды өндіретін цех орналасқан.
Садовое ауылы. Бұл ауыл шаруашылықтың құрамына 1998 жылы қабылданған және бұнда да азық өндіру цехы жұмыс істеп, бір сменада 25-30 тонна азық өндіреді.
«Родина» АФ Қосшеку теміржол станциясының маңында орналасқан. Шаруашылық орталығынан теміржол станциясына дейін 35 шақырым, Астана қаласына дейін 71 шақырым, Тастақ азық қабылдау пунктіне дейін 41 шақырым. Шаруашылықтың көлік байланысы жақсы жетілген. Аудан орталығымен және Астана қаласымен көлік байланысы асфальтталған тас жолы арқылы іске асырылады. Шаруашылықтың мал шаруашылық кешені, елдімекеннен 0,5 шақырым жерде оңтүстік–шығыс аймағында қыратты жер бедерінде орналасқан.
Шаруашылық салыстырмалы – құрғақ, жазықты – қыратты аумақта орналасқан тиімді температура көрсеткішінің сомасы – 2200 – 2400 °С өлшемінде. Шаруашылық орналасқан жердің климаты жылдам өзгермелі және жылдам өзгермелі температура қысы – жазы, күндіз – түні сақталады. Қысы боранды, қайтымсыз аязды суық қалын қарлы жер жамылғысы (5 ай шамасында), күшті желді, тұманды ауа райы сақталады. Жазы аптап ыстық, салыстырмалы қысқа болып келеді.
Орташа қолайлы температурасы +2,3 °C тең, ең суық уақыт қаңтар айы орташа температура –17,9 °С , ал ең жылыға шілде айы +20,5 °С жатады. Жаздың аптап ыстығында күнің температурасы +40 °C көтерілуі мүмкін, ал қатаң қыстың қаһарлы кезеңінде ауа температурасы шамамен –44 °C құрауы мүмкін.
Төмен температурада, оңтайлы қыс уақтында шамалы қар жабындысы жердің тоңарсуына себепкер болады (1,5 м, кей уақыттарда одан да көп), оның шаруашылықтық маңызы зор.
Жылдың ең жылы айлары болып маусым және шілде айлары саналады. Жергілікті климаттың қолайсыз факторы ретінде жыл бойы үздіксіз соғылатын жел саналады. Маңызды болып саналатын уақытқа ауаның орташа тәуліктік алмасу температурасын жатқызуға болады 0 ° +5 ° + 10 °C. Көктем уақытында ауа алмасу кезеңі 0°C құраса, көктем айының басталуы деп саналады, ал күз кезінде қыстың басталуы ретінеде саналады .
Жер қыртысының беті қара – қоңыр топырақты, қалыңдығы орташа шамамен 25 – 45 см құрайды.
Шаруалықтың салыстырмалы ірге тасы берік, өнім алудан да, экономикалық жағынан да қалыпты дамып келе жатқан, мекеме болып саналады.
Өткен жылмен салыстырғанда, экономикалық көрсеткіші біршама жоғарлаған, мал өсіру шаруашылығы секторының сапасы және өнімділік көрсеткіші 2005 тен 2007-і жылдары өте тиімді сәтті менеджіменттік, практикалық тәжірибе жинақтағанын және жұмыс дәрежесі мамандардың бұл салада жоғарлағаны анық байқалады.
Негізгі шаруашылық бағыты дәнді-дақылдарды өсіріп өндіру сонымен қатар мал шаруашылығы – жылқы және сүт, ет бағыттарындағы сиыр өсіруімен, айналысады. Екі ауылшаруашылық саланы да қарқынды дамытуға кәсіпорынның толық мүмкіндіктері бар. Бүгінгі күнде «Родина» АФ өсімдік және мал шаруашылықтары бойынша асылтұқымды шаруашылық дәрежесіне ие.
«Родина» АФ мал шаруашылығы саласына тоқталатын болсақ, шаруашылықтағы малдар саны жылдан жылға аусып отырған және мал шаруашылығы өндірісінің көрсеткіштері келесі кестеде берілген (1 кесте).
Кесте 1 – «Родина» АФ мал шаруашылығы саласының сипаттамасы
Көрсеткіштер |
Өлшем бір. |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
Ірі қара мал саны Оның ішінде сиырлар |
бас бас |
2120 813 |
3073 1354 |
3356 1304 |
2851 981 |
Бір сиырға шаққанда сүт өнімі |
кг |
4106 |
4040 |
4579 |
4516 |
Алынған бұзау саны
|
бас |
832 |
566 |
895 |
857 |
100 сиырдан алынған бұзау |
% |
94 |
88 |
95 |
92 |
Шығынға ұшыраған ірі қара мал саны |
бас |
42 |
46 |
179 |
156 |
Ірі қара малдың тәуліктік салмақ қосуы |
гр |
398 |
429 |
451 |
458 |
1 ц өнімге жұмсалған аз/бір: сүтке салмақ қосуына |
|
0,99 10.84 |
1,92 11.22 |
1,23 11.62 |
1,37 11.49 |
1 кестенің жалғасы |
|||||
Жылқы саны |
бас |
272 |
276 |
275 |
319 |
Алынған құлын |
бас |
36 |
48 |
40 |
54 |
Шығынға ұшыраған жылқы саны |
бас |
7 |
4 |
8 |
9 |
Тірі салмақ күйінде өндірілген ет |
тонна |
346 |
370 |
278 |
294 |
Асылтұқымдық сатылымдар |
тонна |
2 |
19 |
305 |
337 |
Өндірілген сүт |
тонна |
3016 |
2756 |
2368 |
2885 |
1 кестенің мәлметтеріне сүйенсек шаруашылықтың мал шаруашылығы саласы жылдан жылға қарқынды даму сатысында. Орташа жылдық ірі қара мал саны 2010 жылы 2851 басты құрап, бір сиырдан алынатын сүт өнімі жылына 4516 кг жеткен. Сонымен қатар ірі қара малдың тәуліктік салмақ қосуы да артуда. Мысалы 2007 жылы бір ІҚМ тәулігіне орта есеппен 398 гр қосса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 458 гр жетіп отыр. Шаруашылықта ірі қара мал шаруашылығымен қатар жылқы шаруашылығын да қарқынды дамытуға тырысуда. Соңғы жылғы деректерге сәйкес «Родина» АФ 319 бас жылқы өсіріледі.
Бұл көрсеткіштердің барлығы, шаруашылықта, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру деңгейін әрі қарай жоғарлатуға бағытталған іс шаралар дұрыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Шаруашылықта малдарды бағып күтуі, азықтандыруы, жайылу және суаттандыру жағдайы, мал басын толықтыру шаралары жоғары деңгейде барлық технологиялық талаптарға сай орындауға тырысуда. Бірақ бұл шаралардың іске асырылуы біркелкі емес.
Соңғы жылдары шаруашылықтағы мал шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу технологиясына сәйкес ірі қара мал жылдың барлық мезгілдерінде типтік жобаларға сәйкес салынған мал қораларында ұсталынады. Сиырлардың рационы толықтырылған азық құрамынан тұрады және оның ішіне: 4 кг – еркек шөп, 6 кг – сабан, 15 кг - сүрлем, 2 кг – құрама жемдер кіреді, жалпы азық бірлігінің мөлшері 7-8. Мал шаруашылық кешені қажетті мөлшерде білікті қызметкерлермен (сауыншылар, малшылар, бақташылар) қамтамасыздандырылған. Малды өсіру технологиясына сәйкес малдардың моционы ұйымдастырылып отырылады.
Мал қораларында азықты тарату және қиды жинау автоматандырылған түрде жүргізіліп отырады. Атап кетсек сиыр қораларында азық, азық таратқыш транспортер (ТВК) арқылы таратылып, малдың қиы, қи жинағыш транспортер (ТСН) арқылы сыртқа шығарылады.
Далалық азық өндіру, негізінен жүгері, дәнді фураж және қатты азық есебінен жүргізіліп отырылады. Қатты азық көзі ретінде бір және көпжылдық шөптер және сабан саналады. Қыс мезгілінде фермаларда құрама азықтарды дайындайтын азық цехтары жұмыс істейді, олар бір жұмыс кезегінде 25-30 тонна азық өндіреді. Соңғы жылдары шаруашылықтың азық өндіру саласында шөп, балауса шөп өндірудің және табиғи шабындықтардың жалпы үлестік қатынастары айтарлықтай өзгеруде. Табиғи шабындықтардың алқабы, олрадың өнімділігі жылдан жылға төмендеуіне байланысты айтарлықтай қысқарылуда. Сонымен қатар егістік шөптердің өнімділігі қазіргі кезде табиғи шабындықтардан екі есе жоғары. Шаруашылықтың азық қорын дайындауда жүгері өсіруге көп мән беруде. Бүгінгі күнде жүгерінің үлесі барлық егістік дақылдардың 5% құрайды, бірақ оның өнімділігі тұрақты емес және жылдан жылға өзгеріп отырады.
Мал басының өсуіне байланысты шаруашылықтағы мал шаруашылығы саласының ифрақұрылымы да толық жаңартылуы тиісті. Бұл жағдайда ең басты көңіл аударатын мәселе, ол шаруашылықтағы нысандардың ветеринариялық-санитариялық жағдайы және жалпы ветринариялық істің ұйымдастырылуы.
