- •Белгілер мен қысқартулар
- •Әдебиетке шолу
- •1.1.1 Шаруашылықта некробактериоздың пайда болу этиологиясы
- •1.1.2 Некробактериоз кезінде қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар
- •1.1.3 Некробактериозды алдын алу шаралары
- •1.2 Өндірістік нысанның қысқаша сипаттамасы
- •1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •1.3.1 Зерттеу материалдары
- •1.3.2 Зерттеу әдістері
- •1.4 Зерттеу нәтижелері
- •1.4.1 Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайының сипаттамасы
- •1.4.2 «Родина» аф індеттік жағдайы
- •1.4.3 Бактериологиялық зерттеулер
- •1.4.4 Алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру
- •2 Экономикалық бөлім
- •3 Қоршаған ортаны қорғау
- •4 Еңбекті қорғау
- •Қорытынды және ұсыныстар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.4.2 «Родина» аф індеттік жағдайы
Індеттанулық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, «Родина» АФ құрылған кезінен бастап топалаң, қарасан сияқты жіті өтетін инфекциялық аурулардан таза болып саналады. Сонымен қатар 2005-2010 жылдардағы мәлметтер бойынша шаруашылықта құтырық, туберкулез, пастереллез сияқты зооантропоноздық індеттер кездеспеген. Бруцеллез бойынша індеттік жағдай 2008 жылдан бері қолайлы болып саналады.
Бүгінгі күнде шаруашылықта жиі тіркелетін инфекциялық ауру болып сиырлардың некробактериозы саналады. Себебі «Родина» АФ Ақмола облысы бойынша экономикалық дамуы жағынан және мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы бойынша алдынғы қатарда тұрған кәсіпорын болып саналады. Шаруашылық, шетелден әкелінген сүт бағытындағы асылтұқымды ірі қара мал өсіруге бағытталған болғандықтан, малды бағып-күту технологиясы жабық типте, яғни қорада ұстау арқылы жүргізіледі. Осының салдарынан бүгінгі күнде, шаруашылықта, ірі қара мал некробактериозы өзекті мәселе болып отыр.
Некробактериоз шаруашылық жағдайында көбіне мал аяқтарының төменгі бөлімінің әр түрлі себептерден пайда болған жарақаттану, қабыну процестерінің асқынуынан болады. 2010 жылғы мәлметтерге сәйкес, ірі қара малдың аяқ ауруларының үлесі келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 2 – «Родина» АФ ірі қара мал арасында кездесетін негізгі аяқ ауруларының үлестері (2010 ж.)
№ р/с |
Анықталған клиникалық белгілер |
Болжамдау диагноз |
Ауырған мал саны |
1. |
Тәж тері асты қабатының іріңді немесе іріңді-некротикалық жіті қабынуы |
Тәж флегмонасы |
27 |
2. |
Тұяқша тері негізінің жапрақша қабатының қабынуы |
Ламинит |
8 |
3. |
Тәж терісі, тұяқаралық саңылау, табан аумағындағы эрозиялар |
Тәж, тұяқаралық саңылау аумағының дерматиті |
21 |
4. |
Тұяқ (тұяқша) тері негізінің қабынуы |
Пододерматиттер |
54 |
5. |
Тұяқтың өсуі, пішінінің ір түрлі сатыдағы және формадағы қисаюы |
Тұяқ пен тұяқшалар пішінінің өзгеруі |
98 |
6. |
Аяқтардың төменгі бөліктерінің терісі мен терең қабаттарының іріңді-некротикалық жарақаттануы |
Некробактериоз |
76 |
|
БАРЛЫҒЫ: |
|
284 |
Кестедегі деректерге сәйкес шаруашылықтың 284 бас ірі қара малында әр түрлі, аяқтың төменгі бөлігінің аурулары анықталған. 2010 жылы «Родина» АФ барлығы 2851 бас ірі қара мал тіркелсе, ауруға шалдыққан 284 бас жалпы мал басының 10%-ын құрайды. Ауру сиырлардың 76 жағдайында (26,8%) некробактериоз деп диагноз қойылған (1, 2 және 3 суреттер). Сонымен қатар жиі байқалатын ауру болып тұяқ пен тұяқшалар пішінінің өзгеруі табылды, 98 оқиға немесе (34,5%). Сонымен қатар ірі қара малдың арасында байқалатын аяқ ауруларының ішінен пододерматиттерді (54 оқиға), тәж флегмонасын (27 оқиға), тәж, тұяқаралық саңылау аумағының дерматиттерін (21 оқиға) атап кетуге болады.
Сурет 1. Некробактериоз кезіндегі тұяқтың және тәждің зақымдануы
Сурет 2. Некробактериоз кезіндегі тәж, тұяқаралық саңылау аумағының зақымдануы
Суреттерде көрсетілгендей патологиялық процестердің өрбуіне байланысты некробактериозға шалдыққан сиырлардың аяқтарында, індеттің ағымына қарай әртүрлі зақымдануларды байқауға болады.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес шаруашылықта некробактериоздың пайда болуына көптеген факторлар ықпал ететіндігі анықталды. Оның ішінде, едендердің конструкцияларнда жіберілген кемшіліктердің тигізетін әсері өте зор. Едендердегі саңылаулардың тым үлкен болуы (5-6 см), өскен тұяқтың саңылауға кіріп сынуына әкеп соғады, нәтижесінде тұяқта пайда болған жарылымдар, ойықтарда саз және ки жиналып тұяқтың пішіні өзгеріп оның қалыпты қызмет ету мүмкіндігі бұзылады, бұның барлығы жиі жағдайда саусақтардың және аяқтардың басқада құрылымдық бөлімдерінің ауруларына әкеліп соғады. Беті тегіс емес бетонды және темір едендерде тұяқтардың кейбір бөлімдеріне тым қысым түсу салдарынан әр түрлі асқынулардың пайда болуына себеп туындайды. Бұндай едендерде табан беткейі өшіріліп, тұяқ терісінің жалаңаштануы салдарынан ол жерге инфекцияның енуіне және патологиялық процестің өрбуіне болуы мүмкін.
Сонымен қатар күнделікті моционның болмауынан мал тұяғының мүйізді капсуласы тым өсіп деформацияланады да, бұның салдарынан мүйізді қабығы сылынып, жарылып, сынықтар пайда болуынан сол жерлерге некробактериоз қоздырушысы түседі.
Ғылыми деректерге сәйкес, жануарларды ылғалды ғимараттарда ұстау немесе ылғалды аймақтарды бағу, аяқтардың дисталды бөлімінің мацерациясына, мүйізді қабаттарының жұмсаруына, терінің ісінуіне әкеліп соғады. Бұл жерлердің қан айналымы бұзылып, нәтижесінде жарылымдар пайда болған жағдайда, мүйзді қабаты сылынып немесе жарақаттар байқалған кезде некробактериоз қоздырушысының енуіне және көбеюіне қолайлы жағдайлар туындайды. Сонымен қатар аяқтардың некробактериозының туындауына тұяқтарды дұрыс күтпеу немесе ондай шаралады мүлдем жүргізбеу себепкер болады.
Сурет 3. Некробактериоздың асқынған түрі
«Родина» АФ некробактериоз бойынша індеттік жағдайды зерттей келе жұмысымыздың келесі сатысында індетке шалдыққан малдардың жастық-жыныстық ерекшеліктерін анықтауға тырыстық. Себебі ауруға малдың қай тобы жиі шалдығатындығы анықталынып жатса, індетті алдын алуда, онымен күрес шараларын ұйымдастыруда, осы мәлметтерді ескеріп, сол бағыттарда жұмысты белсендірек жүргізуге болады. 2010 жылғы деректерге сәйкес, шаруашылықта ірі қара мал топтары бойынша некробактериозға шалдығу қарқындылығы 3 кестеде көрсетілген.
Кесте 3 – Некробактериозға шалдыққан малдардың жастық-жыныстық ерекшеліктері (2010 ж.)
Мал топтары |
Жалпы саны (бас) |
Ауруға шалдыққан мал саны (бас) |
Шалдығу көрсеткіші (%) |
Ірі қара мал саны |
2851 |
76 |
2,66 |
Оның ішінде: сиырлар |
981 |
39 |
3,97 |
Құнажындар |
679 |
25 |
3,68 |
Бұқалар |
16 |
0 |
0 |
Биыл туған бұзаулар |
854 |
3 |
0,35 |
Бордақылаудағы малдар |
321 |
9 |
2,8 |
Кесте мәлметтеріне сәйкес «Родина» АФ ірі қара малдың некробактериозға шалдығу көрсеткші орта есеппен 2,66%-ға тең. Оның ішінде мал топтары бойынша шалдығу көрсеткіштері бойынша талдау жасасақ, ең жиі шалдығатыны сиырлар мен құнажындар. Зерттеу мерзімінде 981 бас сиырдың 39 (3,97%) басы індетке шалдықса, құнажындар арасында бұл көрсеткіш 679 бастың 25 (3,68%) байқалып отыр. Бұқаларда 2010 жылы некробактериоз анықталмаған, ал бұзаулардың арасында 854 бастың тек 3 ғана тіркеліп, шалдығу көрсеткіші 0,35%-ды құраған.
