Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметбеков дип.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
19 Мб
Скачать
☆

1.4 Зерттеу нәтижелері

1.4.1 Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайының сипаттамасы

Шаруашылық аймағында келесі ветеринарлық нысандар орналасқан: санитарлық өткізгіш, ветеринариялық дәріхана, қоймалар, мал шаруашылық фермалары, сүт блогы, сою пункті, техникаға арналған гараж, мал моласы, қи қоймасы.

Ветеринариялық-санитариялық өткізгіш: 3 бөлмеден тұратын ғимараттан тұрады, шлагбауммен жабдықталған және үнемі жұмыс істейтін дезөткізгіші бар. Сонымен қатар санитарлық өткізгіште ветеринариялық маман мен зоотехниктің бөлмелері орналасқан.

Ветеринариялық дәріхана көлемі 20 м2 құрайтын бөлмеден тұрады. Бұл жерде қаланың ветеринариялық дәріханаларынан әкелінетін дәрі дәрмектер, құрал жабдықтар және мал шарушылық кешендерінің нысандарында жұмыс істеуге арналған ветеринарлық қызыметкерлардің аранайы киімдері (халаттар, алжапқыштар, қолқаптар, етіктер,бас киімдер) сақталады. Дәріханада бар барлық дәрі дәрмектер және басқада қолданғыш материалдар онда түсуіне қарай сұраныс бойынша нысандарға бөлініп таратылады. Жалпы айтқанда шаруашылықта ветерианриялық мақсатта барлық жаңа препараттар және құрал жабдықтар қолданылады.

Қоймалар дезинфекциялағыш заттарды, құрал жабдықтарды, қондарғылардың бөлшек заттарын және көлемді дәрілік препараттарды сақтауға пайдаланылады. Олар бөтен адамдардың қоймаға кірмес үшін темір есікпен және құлыппен жабдықталған.

Мал шаруашылық фермалары негізінен мал тұратын ғимараттардан құралған. Фермалар периметр бойынша қоршалған аймақтан тұрады. Оның ішінде арнайы мал тұратын ғимараттар, 100, 200 және 250 мал басына арналған баздар, оттықтар, суаттар орналасқан. Малдар бос және байлауда ұсталынады. Баздарда сонымен қатар бордақылау цехы, туу бөлмелері, азық дайындау цехы, қойма бөлмелері және басқада қажетті бөлмелер ұйымдастырылған. Барлық ғимараттар электр тоғымен жабдықталған.

Сүт блогы бір қабатты жеке орналасқан сырты шарбақпен қоршалған ғимарат, ғимаратқа сүттасушылар өте алатындай жолдар қарастырылған. Сүт блогы келесі бөлімдерден тұрады:

1) өндіріс цехы;

2) сүтті ветеринариялық-санитариялық бағалау зертханасы;

3) электр жүйесімен қамтамасыздандыру бөлмесі;

4) жылу беру бөлмесі;

5) сүт блогын меңгерушінің бөлмесі;

6) басқада қосалқы бөлмелер.

Өндіріс цехы, сүтті өңдеуге және өндіруге бағытталған желілерден тұрады және оның құрамына: сүтті қабылдау, таразылау бөлімдері, тазартқыш, ажыратқыш (сепаратор), гомогенизатор, қалыптандырғыш, пастерлегіш, ыдыстарға құю бөлімі және тоңазытқыш камера кіреді. Өндірілген сүттің әр партиясы зертханада тексеріліп, тауарлық ыдыстарға автоматтандырылған түрде құйылып Астана қаласының дүкендеріне сатылымға жіберіледі.

Сою пункті жеке орналасқан ғимарат. Айналасы шарбақпен қоршалған және оған арнайы, мал тұратын қоршау бекітілген. Онда союға әкелінген малдар тұрады. Сою пункті малды союға және ұшасын бөлшектеуге арналған бөлмеден, терісін уақытша сақтауға арналған бөлмеден, және сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің жуынуына және киінуіне арналған бөлмелерден тұрады.

Шаруашылықтың арнайы техникаларына арналған гаражында ветеринариялық мақсатта пайдаланылатын техника және көлік түрлері орналасады. Оларды негізінен малдарды жаппай ветеринариялық өңдеу шараларын, дезинфекциялау, дезинсекциялау және т.б. шараларын ұйымдастыру кезінде пайдаланады.

«Родина» АФ толығымен механикаландырылған тракторлық паркімен жабдықталған. Ауылшаруашылық агрегаттармен ягни тиегіштер, транспортерлер, азық таратқыштар, ки транспортерлері және тағыда басқа қондырғылармен қамтамасыздандырылған. Барлық нысандар электр тоғымен қамтамасыздандырылған және автономды түрде (дизелдік жанармайдағы пештер) жылтылады.Мал моласы бірінші бөлімшеде орналасқан мал шаруашалық ферма аумағының сыртында, қи қоймасының маңында орналасқан. Айналасына ор қазылып шарбақпен қоршалған. Мал моласының ішінде Беккари биотермиялық шұңқыры орналасқан, оның да айналасы қоршалған тереңдігі 10 метр, ені 3 метр.

Әр мал шаруашылық ферма аймағының сыртында 500 метр қашықтықта қи қоймалары орналасқан. Қи қоймаланып жиналып биотермиалық жолмен зарарсыздандырылады аэробты-анаэробты тәсілмен. Зарарсыздандырылған қи кейін егістік алқабтарға шығарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]