- •1 Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфия
- •1.3 Тектоника
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау
- •2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.5 Қабатты және ұңғыны газогидроданамикалық зерттеу
- •2.2 Мұнай және газды өндірудің техникасы мен технологиясы
- •2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезіндегі қиындықтардың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Қабаттың түп маңы аймағына әсер ету
- •Қабатты гидравликалық жарудың түрлері
- •Коллектордың өткізгіштігі және мұнайдың тұтқырлығы
- •Қабаттың қалыңдығы
- •Экрандардың қалыңдығы
- •Ұңғыманың техникалық жағдайы
- •Перфорация интервалы
- •Скин – эффект
- •Жұмыстық сұйықтықтар
- •2.3.2 Қабатты гидравликалық жарудың есебі
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері
- •3.2 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •4.1 Жаңажол кен орнында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың қамтамасыз ету шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны қорғау
- •5.2 Су ресурстарын қорғау
- •Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
2.3 Арнайы бөлім
2.3.1 Қабаттың түп маңы аймағына әсер ету
Қабатты сұйықпен жару – ұңғыманың түп маңы аймағына әсер етудің тиімді әдісі болып келеді. Бұл әдісті мұнай және газ кен орындарының өнімділігін арттыру, айдау ұңғымаларының жұту қасиеттерін арттыру, қабат суларын саңылаусыздандыру кезінде қолданады.
Қабатты сұйықпен жарудың негізі болып ұңғымаға жоғарғы қысымда сұйықтықты айдау арқылы түп маңы аймақтарындағы жыныстарда жарықтар жасау және бар жарықтарды кеңейту табылады. Жыныста қысымның көбею әсерінен жаңа жарықтар пайда болады немесе болғандары кеңейеді. Осы барлық жарықтар жүйесі ұңғыманы түптен алыстаған өнімді қабаттармен байланыстырады. Қабаттың түсуінен кейін жарықтардың жабылуын болдырмау үшін айдау сұйығымен бірге ірітүйірлі құм айдалады. Жарықтардың радиусы бірнеше ондаған метрге жетуі мүмкін.
Қазіргі кезде бұл технология мұнай кен орындардағы өткізгіштігі аз, әлсіз дренаждалатын қабаттардың мұнай бергіштігін көтеру және игеруді күшейтудегі ең белгілі әдістердің бірі болып саналады. Көптеген аймақтарда бұл технология өндіруді елеулі түрде көтеретін және ұңғымаларды рентабельді категорияға шығаратын жалғыз технология болып табылады. Батыс Сібір объектілерінде қабатты терең енетін г жаруды қолдану (ҚГЖ) саздалған, өткізгіштігі аз қабаттарды игеруде өзінің тиімділігін көрсетті.
Қабатты терең енетін гидравликалық жару өнімді қабатқа әсер ету арқылы ұңғыманың өнімділігін көбейту, мұнайды алу темпын жылдамдататын және қабаттың мұнай бергіштігін көбейтетін әдіс болып табылады. ҚГЖ өндіру ұңғыларында да, айдау ұңғыларында да қолданылады.
ҚГЖ процесі екі этаптан тұрады: бірінші этапта өнімді қабатқа жоғары қысымда және қажетті жылдамдықта жұмыс сұйықтығын айдайды, осының нәтижесінде коллектор жынысы жарылып, қолдан жасалған жарықтар пайда болады. Екінші этапта процесс біткен соң жоғары өткізгішті сақтап қалу және артық қысымды түсіру мақсатында қабатқа жарықтың қабырғаларын ашық күйінде ұстап тұратын жарықтарды кеңейткіш айдалады.
ҚГЖ жүргізілген кездегі өнімділіктің көтерілу деңгейі жарықтың еніне және жарылған материалдың өткізгіштігіне байланысты. Соңғы жылдары ғылыми – зерттеу зертханаларында және шетел фирмаларының орталықтарында әртүрлі геологиялық жағдайларда қабатты терең енетін гидравликалық жару технологиясын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, яғни жарудағы жұмыс сұйықтығын, жарықтарды бекіту материалдарын таңдау, айдаудың оптималды қысымы мен жылдамдығын, сонымен қатар ҚГЖ – нің периодтылығын анықтау және т. б. ҚГЖ – ні жүргізу жобалаудың жетілдірілген әдістері мен зертханалық зерттеулер гидрожару операциясының максималды экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Полимерлер химиясындағы зерттеулер, сонымен қатар қабатты жару технологиясындағы жетістіктер үлкен масштабтағы өңдеулерді жүргізуге мүмкіндік берді. 7600 м3 сұйықтық және 1300 т құм айдау арқылы өңдеу жұмыстары жүргізілген. Әдетте айдау темптері 0,8 – 16 м м3/мин аралығында болады. Қазіргі таңда жарғыш материал концентрациясы 600 – 960 кг/м3 аралығында өзгереді, және де операцияның басында бұл материалдың концентрациясы 120 кг/м3 көлемінде болады, ал операция соңында 1700 – 1900 кг/м3 – ке дейін өседі.
Қабатты терең енетін гидравликалық жару қондырғысы жоғары дәрежеде қиын болып кетті, ол көп мөлшерде құрғақ және сұйық қоспаларды дозалауға, сәйкесінше олардың жұмыстық сұйықпен араласуына және оларды әртүрлі концентрациядағы жарғыш материалдармен айдауға мүмкіндік береді. Кеңейткіш концентрациясы 2400 кг/м3 мөлшерге жеткен кездер сирек емес. Үлкен көлемді материалмен жұмыс істеу үшін, оларды сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы қондырғылар жасалған, бұл олардың сұйыққа үлкен жылдамдықпен берілуін, жүйеге қоюландырғыштарды, фильтрация көрсеткішін төмендеткіш қоспаларды, полимерді деструкциялайтын реагенттер және БАЗ – ды енгізуді және жозалауды жеңілдетуге арналған.
