Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаңажол кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері

Қабатқа әсер ету агенттері ретінде МЕСТ-39225-88 «Мұнай қабатын суландыруға араналған су спасына қойылатын талаптарға» сәйкес қабат суы және альб-сеномандық сулар таңдалған.

Жаңажол кен орнының барлық кеніштерінде қабат қысымын ұстау шаралары жүргізіледі. В солтүстік объектісінің кенішінде су айдау 1986 -жылы басталды. Айдау ұңғымалары барьерлік қатар құрып, газдың кеніштің мұнай бөлігіне өтуіне жол бермейді. Су айдау 1996-жылы 820 мың.м3 құрады, бұл жабаның 92 %-ын құрайды. Негізінде су айдау деңгейі жоба деңгейінен біршама жоғары болды. Мысалы; максималды су айдау 1993-жылы жүргізілді, айдалған судың мөлшері 1542,3 мың.м3 болды, бұл жобадан 48,2%-ға жоғары.

Су айдаудың жоғары мөлшеріне қарамастан жобалық деңгейлер орындалмайды. Бұл кенішке су айдау тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді, игеру басынан бастап, 8971,6 мың.м3 су айдалды. Жылдық орнын толтыру 217,2 %, ал жинақталған орнын толтыру 69,8% құрады. Су айдау мөлшерінің жоғары болуы ұңғымалардың жоғары қабылдағыштығымен қамтамасыз етіледі.

В оңтүстік объектісінің кенішінде су айдау 1991-жылы басталды. Айдау ұңғымалары барьерлік қатар құрып, газ бүркемесінің жылжуына жол бермейді, игеру басынан бастап, 4544,9 мың.м3 су айдалды. Жылдық орнын толтыру 163,9%, жинақталған орнын толтыру 67,9% құрады. Айдау ұңғымасының орташа қабылдағыштығы 285,7 м3/тәул, бұл жобадан 3,4 есе жоғары.

Су айдаудың жоғары мөлшеріне қарамастан мұнай өндірудің жобалық деңгейлері орындалмайды. Бұл кенішке су айдау тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді.Кеніштерде қысым төмендеген кезде өндіру ұңғымаларының өнімділігінің өзгеруі рационалдық қабат қысымы. Алғашқы 5 жылда Жаңажол кен орнын игеру табиғи режимде жүзеге асырылды. Кейін барьерлік және ошақтап су айдау кезіндегі игеру жүйесі қабылданды. Айдау және өндіру ұңғыларының біртексіз торда орналасуының әсерінен қабат қысымы едәуір төмендеді, осыған сәйкес өнімділік те төмендеді. Басқа елдердің карбонатты кен орындарында сумен ығыстыру кезінде, қабат қысымы әдетте 80% деңгейінде және бастапқы қабат қысымынан жоғары ұсталады. Жаңажол кен орнында бастапқы қабат қысымының гидростатикалық қысымнан жоғары (1,031-1,039) болуын, фонтандау аяқталғандағы жоғары түп қысымын және КТ-І және Г солтүстік бумасындағы қанығудың жоғарғы қысымын ескергенде, КТ-І кенішінде және Г солтүстік бумасындағы рацоналды қабат қысымы бастапқы қабат қысымының 80-90% қсқарау керек, яғни КТ-І кенішінде – 23,42-26,4 МПа, ал Г солтүстік бумасында 31,60-35,55 МПа. КТ-ІІ горизонтының Д бумасы – толық қанықпаған кеніш, оның қабат қысымы бастапқы қабат қысымының 80% деңгейінде ұсталады. Кесте 2.3 қабат қысымдары көрсетілген.

2.3 - кесте - Қабат қысымдары

Жылдар

Боңт

Бсолт

Воңт

Всолт

Гсолт

Дн

Дв

2006

25,3

25,3

26,0

25,6

28,4

29,4

29,4

2007

24,8

24,8

24,1

25,4

27,4

27,9

27,8

2008

24,6

24,5

23,6

24,6

27,5

27,2

27,0

2009

24,3

24,2

23,8

24,9

27,4

27,3

27,0

2005

24,1

24,0

23,6

24,7

27,2

27,1

26,8

2005жылы бастапқы қабат қысымынан қолдау пайызы,%

83,3

82,8

81,7

85,3

71,3

71,6

71,2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]