Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаңажол кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Жұмыстық сұйықтықтар

ҚГЖ – ды жүргізу кезінде жұмыстық сұйықтық ретінде көмірсутек және су негізіндегі сұйықтықтар және эмульсиялар қолданылады. ҚГЖ процесі кезінде төмендегідей жұмыстық сұйықтықтарды қолданылады:

  • көмірсутек негізді – газсыздандырылған мұнай, амбар мұнайы, қою мұнай, мазут немесе оның мұнаймен қоспасы, арнайы реагенттермен қоюлатылған керосин және дизель отыны;

  • су негізді – сульфит – спиртті барда, су, тұз қышқылының ерітінділері, әртүрлі реагенттермен қоюлатылған су, тұз қышқылының қоюлатылған ерітінділері;

  • эмульсиялар – гидрофобты мұнайсулы, гидрофильді мұнайсулы, мұнай қышқылды және керосин қышқылды;

2.3.2 - сурет - ҚГЖ кезіндегі қондырғыларды өзара байланыстыру.

1 – мұнайлы сыйымдылық; 2, 4 – жоғары қысым агрегаттары: 3 – ұңғы: 5 – көмекші агрегат; 6 – құм араластырғыш;

7 – автоцистерналар.

Әдетте, мұнай ұңғымаларында ҚГЖ жүргізуде жару сұйықтығы және сұйық – құм тасығыш ретінде бір сұйықтықты немесе оның қоюландырғыштармен қоспасын қолданылады.

Айдау ұңғыларында жару сұйықтығы ретінде су қолданылады. Су негізді басқа жұмыстық сұйықтықтар жару сұйықтығы немесе құм тасығыш сұйықтық ретінде қолданылады.

Мұнай ұңғыларында басу сұйықтығы ретінде мұнайдың өзін қолданады. Тұщы немесе қабаттық суларды ҚГЖ-ды жүргізу технологиясы бойынша олардың өнімді қабат кеуектеріне енуі болмайтын жағдайларда пайдаланады.

Бекіткіш материалдар

Жарықтарды ұстауға арналған бекіткіш материал ретінде аса төзімді материал – пропанткарболит қолданылады, оның физика-химиялық қасиеттері кестеде 2.3 көрсетілген.

ҚГЖ-ды жүргізу барысында бекіткіш материалдан басқа жару сұйықтығын және құмтасығыш сұйықтықты дайындауда гельтүзуші, активатор, деструктор, БАЗ қолданылады.

ҚГЖ кезінде қолданылатын құрылғылар

ҚГЖ кезінде қолданылатын құрылғылар ретінде ҚГЖ – ға арналған шағын комплекстер (ШК) қолданылады.

2.3 - кесте - Физика-химиялық қасиеттері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Мәні

Түйіршіктердің өлшемдері

мм

0,42-0,84

Түйіршіктерінің орташа өлшемдері

мм

0,71

Абсолют тығыздығы

кг/м3

2650

Сығылуға беріктігі

рsi

8000

Өткізгіштігі

мкм2

0,121

Кеуектілігі

%

35

Сфералығы (Кромбейн бойынша)

0,8

Кремний мөлшері

%

98

Қолданылатын ШК өзара байланысқан өздігінен жүретін немесе тіркемелі агрегаттардың жиынтығы болып табылады және келесі қызметтерді атқарады:

  • технологиялық құрылғыларды жұмыс орнына жеткізу;

  • сұйық және сусымалы материалдарды уақытша сақтау;

  • көп компонентті гетерогенді жұмыс сұйықтықтарын дайындау;

  • гидравликалық қуаты жоғары сораты қондырғылар көмегімен жұмыстық сұйықтықты ұңғыма түбіне айдау;

  • технологиялық процестің жүру барысын құжаттау, бейнелеу және комплекс агрегаттарын автоматты, автоматизациялы және автономды режимдерде басқару;

  • жұмысшылардың еңбегін қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

ҚГЖ ШК – нің құрамы және агрегаттардың қызметі

ҚГЖ ШК – нің құрамына келесідей құрылғылар мен агрегаттар кіреді:

сусымалы компоненттердің агрегаттары (СКА), сусымалы компонентерді тасымалдауға, сақтауға және қоспаны дайындау агрегатына беру үшін;

жұмыстық сұйықтықты дайындау агрегаты (СДА), алдын – ала немесе ҚГЖ барысында сұйық және сусымалы қатты компоненттерден күрделі жұмыстық сұйықтықтарды дайындау үшін;

сорапты агрегаттар (НА – 1050) – жұмыстық сұйықтықты ұңғыға айдау үшін;

манифольдтар машинасы – комплекстің гидравликалық жүйесін тасымалдау және гидрожаруға арналған ұңғыманың сорапты агрегаттармен гидравликалық байланысы үшін;

автоматты басқару және бақылау жүйесінің машинасы (АББЖМ) – технологиялық процестің алгоритміне сәйкес агрегаттар комплексін басқару және процестің параметрлерін құжаттау үшін;

сұйық компоненттер агрегаттары (СҚА) жұмыс сұйықтығының сұйық компоненттерін сақтауға және дайындауға арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]