Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаңажол кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.2 Стратиграфия

Кен орнының ашылған және зерттелген шөгінді жыныстар қимасының қабаттары таскөмір жүйесінен (төменгі, ортаңғы және жоғарғы бөлім), пермь (төменгі, жоғарғы бөлім), триас, юра, бор және де төрттік қабаттың (антропо- гендік) жүйелерінен құралған.

Тас көмір жүйесі (С)

Төменгі бөлім - С1. Жаңажол ауданында ашылған ең көне шөгінді 1-С скважинадағы орта визейлік жастағы, терригенді жыныстар болып саналады. Олар 4190-4200 м интервал аралығында кездеседі. Көрші Қожасай, шығыс Түгіскен, шығыс Төрткөл аудандарында орта және төменгі визе және турне ярусында анықталған терригендік шөгінділер қалыңдығы 1000 м-ден асады.

Орта бөлім (С2 )

Орта бөлім башқұрт және москва ярустарының шөгінді қабаттарынан тұрады.

Башқұрт ярусының шөгінді қабаты тек қана -синельников скважинасында толық өтілді. Толық қалыңдығы 224 м-ге жетеді. терригенді жыныстар болып саналады. Олар 4190-4200 м интервал аралығында кездеседі. Олар сұрғылт ізбестастардан және ашық-сұр оргоногенді түйірлі доломиттенген массивті, сирек қабықты аргилиттерден құралған.

Москва ярусының (С құрамында екі ярус бөліктері айрықша білінеді, төменгі және жоғарғы москвалық. Төменгі москвалық ярус бөлігінің шөгінді қабаты 3668-3560 м аралығында 23-ші ұңғымада ашылған вере және кашир горизонттарынан тұрады. Ашылған ярус бөлігінің қалыңдығы 108-156 м аралығында. Ол бірлі-жарым қабықты жұқа аргилитті карбонат жыныстарынан құралған. Карбонат шөгінді қабаттың кешенде жоғарғы визе және төменгі москва ярус бөліктерінің ашылған қалыңдығы 630 м-ге жетеді де, төменгі карбонат қалыңдығын құрайды. КТ- индексі арқылы көрсетілген жыныстарда ярус бөлігі жынысында мұнайдың өндірістік қоры белгіленген.

Жоғарғы москва ярус бөлігі подольск және мячиковскі горизонттарынан тұрады. Подольск горизонтының төменгі бөлігі көбіне 266-366 м қалыңдықтағы сирек ізбестастардан, қабықталған аргилиттерден, құмдардан, аллевролиттерден, гравелиттерден тұратын терриген жынысының қалыңдығынан тұрады. Жоғарғы бөлім С3. Жоғарғы карбонның ортаңғымен шекарасы қисық ГК жазбасы сипатының өзгеруі бойынша жеткілікті айқын бөлшектенеді. (Максимов М.И. «Геологические основы разработки нефтяных месторождений» Москва «Недра», 1975 г.)

Касимов ярусы (С3К) шөгінділердің жасы фораминефер кешені бойынша номері5-ші скважинада (2832-2824; 2824-2819) 1-ші скважинада (2900-2898) 6-шы скважинада (2909-2906, 2899-2897; 2894-2888; 2884-2879) 12-шы скважинада (3113-3001) және коноданттар 5-ші скважинада (2832-2824; 2819-2816) 8-ші скважиналарда болып анықталады. Гжель ярусы (С3д). Екі бөліктен құралады. Төменгі бөлігінің қалыңдығы 53-136м, шөгіндіде сульфатты және карбонатты жыныстардың таралуы төмендегі келесі ярустарға келесі ярустарға ұқсас құрылымды болып табылады. Гжель ярусы оңтүстікте және оңтүстік-батыста 65-68 фауна мен су өсімдіктерінің сынықтарынан тұратын аргоногенді ізбестастардан тұрады. Солтүстік- шығыс бөлікте қиманың ангидриттері толық ангидритке айналғанша күшейеді.

Пермь жүйесі (Р)

Пермь шөгіндісі төменгі және жоғарғы бөліктерден тұрады. Төменгі бөлім (Р1). Төменгі бөлім ассель, сакмар, кунгур ярустарының шөгінді қабаттарынан тұрады.

Ассель + сакмар ярусы (Р1а+С)

Ассель-сакмар (терригенді қабаты) жыныстарының терригенді қабаты гжель терригенді пачкасымен бірге, кен орнында гегиональды аймақтың сұйық тірегін түзеді. Құрамының едәуір дәрежесі газды болып келетін бұл қаптаманың жеткілікті кең мөлшерде 16м-ден(24-скважина) 598м-ге дейін (8-скважина) солтүстіктен оңтүстікке қарай азаю тенденциасымен өзгереді.

Кунгур ярусы (Р1к). Кунгур ярусының гидрохимиялық шөгіндісі жоғарғы карбонат үсті терригенді қабатымен бірге, карбонатты жыныстардың таралуы төмендегі келесі ярустарға келесі ярустарға ұқсас құрылымды болып табылады және кунгур қимасына дейінгі мұнай газ қаныққандылық бөлігі үшін, күшті сұйық тіректі қаптаманы түзеді. Кунгур ярусы шөгіндісінің төменгі бөлігінің қалыңдығы 10м-ден 60м-ге дейін жететін сульфатты-терригенді жыныстардан құралады (ангидрит, аргилит тектес қою саз). Мезозой тобы (М). Бұл қабат Жаңажол ауданында көлемді түрде триас, юра және бор жүйелерінен құралған.

Триас жүйесі (Т)

Триас шөгіндісі тек қана төменгі бөлігіне (Т2) бөлінеді және литологиялық жағынан шұбар тасты саздан, құмдақтардан, аллевролиттерден құралған және де баяу цементтелген құмдардан түзілген қатпарларда кездеседі. Шөгінді қабаттың қалыңдығы 65м-ден 371м-ге дейінгі аралықта.

Юра жүйесі (J)

Юра шөгіндісі төменгі және орта бөлімдерге бөлінеді. Олардың жиынтық қалыңдығы 60 метрден 246 метрге дейін. Олар саздардан, сұр құмдақтардан, тығыз алевролиттерден және сұр, жасыл-сұр полимиктопты әртүрлі қиыршықтопты құмдардан құралады.

Бор жүйесі (К)

Бор жүйесі жоғарғы және төменгі бөліктерден тұрады.

Төменгі бөлім (К1). Төменгі бөлік құрамында гатеривтік, алпьтік және альбтік ярустардың жиынтық қалыңдығы 298 м-ден 437 м-ге дейін жететін құмдақты саздақты шөгінділерден тұрады.

Жоғарғы бөлім (К2). Жоғарғы бор басым көпшілігінде жасыл-сұр саздардан, мергельді қатпарлы конгломераттардан тұрады. Жоғарғы бөлімнің қалыңдығы 28 метрден 132 метрге дейінгі аралықта.

Антропогендік жүйе (Q). Қалыңдығы аз 2-3 метрлік төрттік шөгінді барлық жерде жоғарғы бор шөгіндісін жауып жатыр. Ол саздақты және құмдақты болып келеді.

Тектоникалық жағынан аудан Каспий маңы ойпатының борт алдындағы ватолы бөлігінде орналасқан. Ол өз кезегінде Орал геосинклиналь аймағындағы Ащысай мен Сакмар – Көкпекті бұзылымдарымен бөлінген.

Геологиялық дамуының ерекшеліктерінің бірі болып, аумақтың жедел түсуі және мықты шөгінді түзілімнің қалыптасуы болып табылады. Оның негізгі бөлігін тұзасты кешені құрайды (7 – 10 км). Тұзасты қалыңдығының жапсарлары батысқа қарай еңкейген кезде, бір қатар жекелеген баспалдақтармен қиындатылады (жату тереңдігіне байланысты). Оларға: Жаңажолдық (5,5 – 6 км), Кеңқияқтық, Қоздысайлық және Шұбарқұдықтық (7 – 7,5) баспалдақтары жатады, олар өз кезегінде түзу емес ақауларымен сипатталады. Шектерінде қарастырылып отырған кен орын орналасады, яғни Жаңажол баспалдағындағы ерекшеліктерінің бірі болып, брахиантиклиналды түріндегі ірі ашылымдарымен қиындатылған мықты карбонатты массивтердің дамуы табылады.

Жаңажол кенорыны Гжель – Подоль (КТ – 1) және Кашир – Венев (КТ – 2) жастағы жыныстардан құралатын карбонатты массивінің жоғарғы бөлігіне бейімделген. Құрылым үлкен емес тоқымымен бөлінген, иррационалды созылған солтүстік пен оңтүстік күмбездері бар, ірі брахиантиклинальмен сипатталған.

Барлау ұңғыларымен ауданды бұрғылаған кезде, карбонатты қалыңдығының төменгі қимасында тектоникалық ақаулар бар екендігі анықталды, олардың ішінде аса созылғандары 100 – 150 м ығысу амплитудасымен батыс қанаты бойынша өтеді, қалған екеуі 40 – 50 м амплитудасымен ығысып орталық бөлігін қиындатады (61 – шы ұңғыманың ауданында). Осы ақаулардың арқасында жалпы құрылым 3 блокқа бөлінеді: 1 (оңтүстік бөлік), 2 (61 – шы ұңғыманың ауданында), 3 (солтүстік бөлік). Сұйықтардың қорлары негізінен 1 мен 3 блоктарда шоғырланған.

Кенорынның өндірістік мұнайгаздылығы екі карбонатты қалыңдықпен байланысады: бірінші және екінші, олар өз кезегінде қалыңдығы 206 – 417 м болатын терригенді жыныстардың жиынтығымен бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]