Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаңажол кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қорытынды

Қазіргі уақытта - ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, өндіріс техникасының жетілдірілуі, жоғары сапалы мамандардың жетіспеуі, өндіру көлемінің өсуі жағдайы аса күрделі мәселелер тудырады. Мұнай газ саласы да, жаңа технологиялар және басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдануды талап етеді.

Өндірістің тиімділігін, оның көпжақты жеделдетілуін дамыту және арттыру керек. Сондықтан негізгі қорларды, айналымдағы құралдарды, өндірістік қуаттарды максималды пайдалану қажет, ішкі өндірістік резервтерді уақытысында анықтап пайдалану керек, өндіріске ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу керек және ресурстарды үнемді етіп пайдалану керек, өндіріліп жатқан өнімнің жоғары сапалығының қатаң режимін қамтамасыз ету қажет. Өндірудегі ұңғымалармен, құрал жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы тексерілуі тиіс.

Кен орнын дұрыс игеру үшін жалпы ішкі өндірістегі жинақтау жүйесі өндірілетін өнімнің игеру шарттары мен спецификалық ерекшеліктерін ескеруіміз керек: күрделі климат жағдайы, жоғары қабат қысымдары, көмірсутекті өндірудің профилі, күкіртті сутектің және меркаптанның болуы, өндірілетін өнімде көмірқышқыл газының болуы, жабдықтар мен құбырлар жүйесіне коррозиялық қауіп төндіретін судың болуы.

Тармақталған көлбеу ұңғыларды пайдалану кезінде қабатта мұнай өнімін ұлғайтып осы кен орнының жағдайы үшін қолайлы болып келеді және жұмыс жүргізу технологиясы мен қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптарына жауап береді.

Жаңажол кен орнында көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жару әдісін қолдануы экономикасын жақсартады және сәйкесінше, кен орынды меңгеруге қосымша мүмкіндіктер туғызады. Көлденең ұңғыда сумен жару қабаттың өнімділігін арттырудың тиімді жолы болып келеді.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, мұнай және газ кен орындарында көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жару әдісін қолдану - тиімді игеру жүйесін құрудың тәсілі. КҰҚСЖ ұңғыларда фильтрация ауданы үлкейеді, пайдалану процесіне судың енуін төмендетеді және тік жарықшалары бар өткішгіштігі төмен комплекстер үшін тиімді. Олардың көмегімен кен орынның өнімділігін қалпына келтіруге болады.

КҰҚСЖ пайдалану тәжірибесі олардың өнімділігі жанындағы орта дебитті тік ұңғылардан 30-35 есе артық, ал жоғарғы тік ұңғылармен салыстырғанда 5-10 есе артық екендігін көрсетеді. Сонымен қоса, кеніштің жалпы мұнай бергіштігін едәуір (20-30%) жоғарлатады.

Ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін ең тиімді шаралардың бірі ретінде ұңғыманың түп аймағындағы жыныстарға әсер ету, яғни көлденең ұңғыда қабатты сумен жару тәсілін көрсетуге болады. Бұл тәсіл қиын, әрі қымбат болғанымен өте эффективті болып келеді. Себебі, көп жағдайларда қабатты сұйықпен жару жұмысын өткізгеннен кейін ұңғыманың дебиті бірнеше ондықтарға көбейеді. КҰҚСЖ шығымы аз ұңғымалар таңдалып, бұл жұмыс жүргізілгеннен кейін ұңғыма дебитінің артуын, 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын, бұл жұмысқа кеткен шығындарды, т.б. көрсеткіштерді талдап, КҰҚСЖ– ның қаншалықты тиімді болғанын анықтайды. Қабатты сумен жаруға кететін шығындар ретінде мыналарды көрсетуге болады:

-айдалатын сұйықтық мөлшеріне және құрамына байланысты шығындар

-сорапты агрегаттарды жалға алу үшін шығындар

-жер асты жөндеу жұмыстары

-жұмысшылардың төлем ақылары

және т.б. шығындарға көп қаржы кететіндіктен көбінесе КҰҚСЖ жұмыстарын мұнай табу компаниялары емес, қызмет көрсету компаниялары жасайды.

` Қабатты сұйықпен жарудың экономикалық есебі осы шараны жүргізу тиімді екендігін көрсетеді. Егер бір ұңғымадан экономикалық тиімділік 12848315 тенгені құраса, онда осы санды өндіру ұңғымаларының санына көбейтсе, біз қабатты сұйықпен жару шарасын енгізу керек пе деген сұраққа өзі жауап беретін нәтижені көре аламыз.

77

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]