- •1 Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфия
- •1.3 Тектоника
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау
- •2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.5 Қабатты және ұңғыны газогидроданамикалық зерттеу
- •2.2 Мұнай және газды өндірудің техникасы мен технологиясы
- •2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезіндегі қиындықтардың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Қабаттың түп маңы аймағына әсер ету
- •Қабатты гидравликалық жарудың түрлері
- •Коллектордың өткізгіштігі және мұнайдың тұтқырлығы
- •Қабаттың қалыңдығы
- •Экрандардың қалыңдығы
- •Ұңғыманың техникалық жағдайы
- •Перфорация интервалы
- •Скин – эффект
- •Жұмыстық сұйықтықтар
- •2.3.2 Қабатты гидравликалық жарудың есебі
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері
- •3.2 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •4.1 Жаңажол кен орнында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың қамтамасыз ету шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны қорғау
- •5.2 Су ресурстарын қорғау
- •Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
2 Технологиялық бөлім
2.1 Кен орнын игеру жүйесі
Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында 2000-жылдың «Жаңажол мұнайгазды конденсатты кен орнын игерудің технологиялық схемасы» жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша КТ-І қабаттарында жаңа ұңғымалар бұрғылау қарастырылмады, өндіруді көтеру негізінен газлифт жұмыс көлемін көбейту, қосымша перфорация және тұз қышқылмен өңдеу сияқты технологиялық шаралар көмегімен жүргізіледі. Жобаны жүзеге асыру процесінде, мұнайдың қалдық қоры көп аймақтарда ұңғымалар торын тығыздау үшін және кейінгі мұнай өндіру қарқынын жоғарылату үшін ұңғымадан мұнай өндіруді оңайлату мақсатында мұнайдың қалдық қорларының таралуын ескеру қажет. КТ-ІІ горизонтында мұнай қабатының қалыңдығы 16м және өткізгіштігі жоғары аймақтарда кен орнының игерілу жағдаын жақсарту және өнім алу қарқынын жоғарылату үшін ұңғымалар торын тығыздау қажет.
Ұсынылған нұсқада жаңа 116 ұңғыма бұрғылау қарастырылды, олардың ішінде: 92 ұңғыма өндіру, 24 ұңғыма айдау, 70 ұңғыма резервтегі, 16 ұңғыма адауға ауыстырылатын, 49 ұңғыма өндіру ұңғымаларын қосымша перфорациялау үшін, 36 ұңғыма айдау ұңғымаларын қосымша перфорациялау үшін, 136 газлифтілі және сорапты ұңғымалар, 193 ұңғыма өндіру ұңғыларында ТҚӨ жүргізу үшін, 65 ұңғыма айдау ұңғыларында ТҚӨ жүргізу үшін. Жобамен жалпы кен орны бойынша барлығы 572 ұңғыма бұрғылау қарастырылды, оның ішінде 431 өндіру және 141 айдау ұңғылары. Максималды жылдық мұнай өндіру 4,0844 млн.м3 (2004 жыл), мұнай алудың максималды қарқыны-1,02%. 2017 жыл соңына мұнай өндірудің жалпы қосындысы 82,2525 млн.т. құрайды, КИН (мұнай алу коэффициенті) - 20,57%, алынатын қордың алыну дәрежесі - 69,62%.
2000 -жылғы игерудің технологиялық схемасы жалпы кен орны (негізінен КТ-І) бойынша өнімділікті және қабылдағыштықты жоғарылатуға бағытталған ТҚӨ, қосымша перфорация, газлифт, сулы қабаттарды шектеу және сұйықпен жару сияқты шаралар кеңінен қолданылды. Ал КТ-ІІ горизонтынды 2002 жылдың соңына дейін ұңғымалар торын тығыздау және жетілдіру мақсатында негізінен жаңа ұңғымалар бұрғыланды. Жалпы кен орын бойынша жаңа 80 ұңғыма бұрғыланды, 76 ұңғыма пайдаланылуға еңгізілді. Г солтұстік бумасында 59 ұңғыма, Д солтұстік-12, Д оңтұстік-4, Г солтұстік және Д солтұстік бумаларында бір ұңғыма. Ұсынылған нұсқада жаңа 116 ұңғыма бұрғылау қарастырылды.
2000-жылғы техсызбанұсқаға сәйкес 4 жыл ішінде, яғни 2003 жылдың соңында барлық жұмыстар көлемі аяқталады: өндіру ұңғымаларының өнімін жоғарылату шараларымен 378 ұңғыма, айдау көлемін жоғарылату шараларымен 117 ұңғыма, бұрғылауы аяқталған 160 ұңғыма. Кесте 2.1 кенорнынды игерудің негізгі технологиялық көреткіштер берілген.
2.1 - кесте - Бекітілген негізгі технологиялық көрсеткіштер
Жылдар |
Өндіруұңғыларының қоры |
Айдауұңғыларының қоры |
Жылдық мұнай өндіру, 10мың.т |
Жылдық су айдау көлемі, 10мың.м3 |
Жылдық газ өндіру, 10 млн.м3 |
Мұнайды алу қарқыны,% |
КИН, % |
Сулануы, % |
Өнім алудың жылдық орнын толтыру, бірл. |
1999 |
355 |
103 |
205,51 |
638,28 |
10,07 |
0,51 |
7,66 |
2,00 |
1,167 |
2000 |
359 |
116 |
225,02 |
734,73 |
10,52 |
0,56 |
8,23 |
5,02 |
1,267 |
2001 |
381 |
130 |
270,49 |
915,43 |
11,73 |
0,68 |
8,90 |
6,89 |
1,230 |
2002 |
406 |
141 |
337,26 |
956,31 |
14,21 |
0,84 |
9,74 |
7,10 |
1,189 |
2003 |
431 |
141 |
383,62 |
1042,15 |
16,08 |
0,96 |
10,70 |
8,56 |
1,149 |
2004 |
431 |
141 |
408,44 |
1146,84 |
17,78 |
1,02 |
11,73 |
10,72 |
1,159 |
2005 |
431 |
141 |
392,69 |
1117,95 |
17,43 |
0,98 |
12,71 |
12,85 |
1,151 |
