- •1 Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфия
- •1.3 Тектоника
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау
- •2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.5 Қабатты және ұңғыны газогидроданамикалық зерттеу
- •2.2 Мұнай және газды өндірудің техникасы мен технологиясы
- •2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезіндегі қиындықтардың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Қабаттың түп маңы аймағына әсер ету
- •Қабатты гидравликалық жарудың түрлері
- •Коллектордың өткізгіштігі және мұнайдың тұтқырлығы
- •Қабаттың қалыңдығы
- •Экрандардың қалыңдығы
- •Ұңғыманың техникалық жағдайы
- •Перфорация интервалы
- •Скин – эффект
- •Жұмыстық сұйықтықтар
- •2.3.2 Қабатты гидравликалық жарудың есебі
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері
- •3.2 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •4.1 Жаңажол кен орнында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың қамтамасыз ету шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны қорғау
- •5.2 Су ресурстарын қорғау
- •Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
Коллектордың өткізгіштігі және мұнайдың тұтқырлығы
Қабатты гидравликалық жару өткізгіштігі аз коллекторларды игерудің қарқындылығын жоғарылатуда қолданылатын тиімді әдіс. Сондықтан ҚГЖ – ды жүргізетін объектілерді таңдаудың негізгі критериі - өнімді қабаттың орташа өткізгіштігі болып табылады. ҚГЖ – ды табысты жүргізу үшін қабаттық жағдайдағы тұтқырлығы 5 МПа·с - тен аспайтын мұнайлар үшін қабаттың өткізгіштігі 0,03 мкм2 және тұтқырлығы 5-50 МПа·с мұнайлар үшін 0,05 мкм2 – тан аспау керек. Өнімді қабаттың өткізгіштігі жоғары болған жағдайда гидрожару жарықтары фильтрация процесіне елеулі әсер етпейді, нәтижесінде ұңғымалардың өнімділігін көбейту ҚГЖ – ды жүргізуге кеткен шығындардың орнын тлтырмай қалуы мүмкін. Өткізгіштігі орташа және жоғары қабаттарда ҚГЖ – ды тек ластанған түп зонасын тазарту үшін қолдану тиімді нәтиже береді.
Қабаттың қалыңдығы
Өнімді қабаттың тиімді қалыңдығы 4-5 метрден аз болмау керек. Егер қабат қалыңдығы аз болса, ҚГЖ жұмыстарын жүргізу қиындайды және оның тиімділігі төмендеу мүмкін.
Экрандардың қалыңдығы
ҚГЖ – ды жүргізудің маңызды шарттарының бірі - өнімді қабатты жоғарыдағы және төмендегі коллекторлардан (әсіресе олар жоғары өткізгішті және суға қаныққан болған болса) бөліп тұратын, жеткілікті қалыңдықты және ауданы бойынша төзімді экрандардың болуы. Жарылатын қабатты сенімді оқшаулауға жеткілікті экрандардың қалыңдығы қабат пен экрандағы табиғи кернеулерге, сонымен қатар ҚГЖ – ды жүргізу технологиясына байланысты. Ең үлкен кернеулер, әдетте, саз және алевролит сияқты пластикалық жыныстарда байқалады. Саздың құрамындағы құмды және алевролитті материалдың көбеюі және олардың аргилиттелуі экрандаушы қасиеттердің нашарлауына әкеп соғады. Саздардың экрандаушы қасиеттері тереңдікке байланысты тығыздалуынан (сусыздану нәтижесінде) нашарлайды. Әдетте 2500-3000 м тереңдіктегі жарықтың жарты ұзындығы 50-100 м және айдау темпы 2,5 м3/мин ҚГЖ үшін экрандардың қалыңдығы 8-10 м болу керек.
Ұңғылардың су – мұнай және газ – мұнай жапсарынан алыстығы
ҚГЖ – ға арналған ұңғылар су – мұнай және газ – мұнай жапсарынан біршама қашақтықта, әдетте ұңғымалардың арақашықтығынан аз емес, жату керек. Егер ұңғылар мұнайлылық контурына жақын жатса, олардың тез сулануы немесе газды телпектегі газдың шығуы байқалуы мүмкін, әсіресе егер жарықтардың бағыты контур сызығына перпендиккуляр болса.
Қабаттың бөлшектілігі
ҚГЖ – ды жүргізу үшін ең оптималды объект - өткізгіштігі біртекті, жеткілікті қалыңдықтағы қабат. Өнімді қабат қимасының бөлшектенуі ҚГЖ – ды қолданудың тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Сонымен қатар, біртекті емес қабаттардағы жарықтарды жобалауда жарықтардың ұзындығын, пішімін және енін бағалауда қателер кетуі мүмкін.
Қабаттың тереңдігі
ҚГЖ – ды қолданылу арқылы игерілетін объектілердің максимал тереңдігі гтдрожаруға арналған қондырғылар комплексінің техникалық мүмкіндіктерімен және бекіткіш материалдардың төзімділігімен анықталады. Төзімділігі жоғарырақ материалдарды пайдалану ҚГЖ – ды қолдану арқылы игерілетін объектінің максимал жату тереңдігін көбейтеді.
Қабатты гидравликалық жаруды жүргізетін ұңғыларды таңдау шарттары
Жоғарыдағы шарттар бойынша игеру объектілерін таңдаған соң, ҚТЕГЖ – ды жүргізетін ұңғыларды таңдайды. Кенішті игеруді оптимизациялаумен қатар ұңғының техникалық жағдайы, оның өндірістік көрсеткіштері ескеріледі; таңдауға алынған ұңғымалардың қалдық дебиті 7 т/тәуліктен кем болмауы керек. Таңдау жарудан соң ұңғылардың 80 % -нің дебитінің өсуі 15 т/тәуліктен аз болмауы керек, қалғанының дебиті 8 т/тәуліктен кем болмауы керек.
