- •1 Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфия
- •1.3 Тектоника
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау
- •2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.5 Қабатты және ұңғыны газогидроданамикалық зерттеу
- •2.2 Мұнай және газды өндірудің техникасы мен технологиясы
- •2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезіндегі қиындықтардың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Қабаттың түп маңы аймағына әсер ету
- •Қабатты гидравликалық жарудың түрлері
- •Коллектордың өткізгіштігі және мұнайдың тұтқырлығы
- •Қабаттың қалыңдығы
- •Экрандардың қалыңдығы
- •Ұңғыманың техникалық жағдайы
- •Перфорация интервалы
- •Скин – эффект
- •Жұмыстық сұйықтықтар
- •2.3.2 Қабатты гидравликалық жарудың есебі
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері
- •3.2 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •4.1 Жаңажол кен орнында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың қамтамасыз ету шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны қорғау
- •5.2 Су ресурстарын қорғау
- •Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
5.2 Су ресурстарын қорғау
Гидрографиялық бау Каспий теңізінің бассейніне жататын Ембі және Атжақсы өзендерімен берілген. Режимге байланысты бұл өзендер көктемгі уақыт мезгіліндегі ағынның ерекше басымдылығымен айқындалған Қазақстанның үлгісіне жатады.
Ембі өзені бұлақтан шығысқа қарай 20км орналасқан, Мұғалжардың батыс баурайында өзінің бастауын алады. Өзен ұзындығы 712км, су жиналымның жалпы ауданы 40400 шаршы км.
Өзеннің бас жағында гидрокарбонаттық иондардың басымдылығы (26-27мг-экв/л) белгіленеді, су жұмсақ (шамамен 2мг-экв/л). Өзеннің төмен жағында су тасудың су минералдауы 300-400мг/л құрайды, гидрокарбонаттық иондар басымдылығы әлсіз көрсетілген (20-24мг-экв/л), су біркелкі қатты (3-4мг-экв/л Са оо + М’’).
Жазғы және қысқы уақыттағы өзен суының төменгі және жоғарғы учаскесінде судың минералдауы 800мг/л дейін, қаттылығы 6-8мг-экв/л дейін үлкейеді және сәйкесінше төменгісінде 1,5г/кг және 9-12мг-экв/л дейін құрайды, яғни су қатты және өте қатты болады.
Жер ресурстарын қорғау
Жер қойнауын қорғау дегеніміз – фонтанды ұңғы атқылауын, ұңғы оқпанының опырылып қалуын, бұрғылау кезінде өнімділік қабатты дұрыс ашпағандықтан, мұнайдың жер қойнауынан жоғалуын, өндіру процесі кезінде олардың уақытынан бұрын сулануын болдырмау үшін кешенді шараларды іске асыру. Сонымен қатар оған мұанй, газ, су қабаттарын бір-бірінен айыру, құбардың бетіндегісін қамтамасыз ету бірінші рет цементтеген кезде сапасының жоғары болуын және ұңғының техникалық жағдайларын жақсы сақтай білу жатады.
Топырақ пен жер қойнауын қорғау үшін жобада келесілер қарастырылған:
-ҚР нормативтік актлерін және заңдарын сақтау:
-қалдықтар шығармайтын және қабат флюидтеріңнің төгілуін болдырмайтын барлама ұңғымалар констукциясын және технологиялық құрылысын қолдану;
- улылығы аз бұрғылау ертінділерін және жуу сұйықтарын, сондай-ақ табиғи негізді ертінділерді қолдану;
-нақты жолдар бойынша көліктер қозғалысы;
ескі нашар цементтелген ұңғылардан күкірттісутегінің жер қабатына жайылуын болдырмау;
- ұңғыларда ақаудың немесе басқа себептердің болуына байланысты мұнайдың жерге төгілуі және материалдар мен қалдықтардың сақталынуы;
- өндірістік операциялар аяқталғанан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
- мониторинг жүргізу.
Геологиялық ортаға әсер ететін мүмкін негативті әсерлер:
- кен орынды пайдалану кезінде және ұңғыларды бұрғылау кезінде – жыныстардың мұнаймен, қабат сулармен, бұрғылау ерітінділерінің токсикалық реагенттерімен ластануы тау жыныстардың табиғи жату жағдайын бұзу, жәнеде
қалпына келтіру.
- автокөліктің қозғалысы кезінде топырақ түзуші субстраттардың бұзылуы, рельефке әсер етуі, топырақты ластауы. Мұндай негативті әсерлерді
азайту үшін келесі шараларды іске асыру керек:
- ластану потенциалы және қоршаған ортаға әсері минимал материалдарды, техникалық құралдарды, технологиялық процесстерді қолдану;
- ұңғыларды пайдалану кезінде ластаушы заттардың көлемін минималдау;
- қауіпсіз көму үшін максималды утилизациялау, қайта өңдеу.
Жер қойнауын ластайтын деңгейді төмендететін шаралар 4-ке бөлінеді:
- ұйымдастырылған шаралар;
- технологиялық шаралар;
- проектілі-конструкциялық шаралар;
- анитарлық-эпидемияға қарсы шаралар.
Ұйымдастырылған шаралар: қалдықтармен айналысатын ұйымдар, кен орын территориясы бойынша техникалар және автокөліктер қозғалысы мен ұйымы.
Мұнай кен орны, пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пункттері 2–ші немесе 3–ші категориясына жатады. Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резеруарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығаратын трубалары, сораптар. Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар.
Жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау бойынша жобада келесі шаралар қарастырылған:
- ішкі құжаттарды және ҚР нормативтік актілерімен заңдарды сақтау;
- жануарлар және құстар тіршілік ететін жерлерге жақындауды шектеу;
- ұңғымаларды сынауды күндізгі уақытта жүргізу;
- бондық қоршаулардың болуы;
- көліктердің жылдамдығын шектеу және олардың нақты айналым бойынша жүруі;
- жер қойнауына, өсімдіктер әлеміне зиянды әсері бар химиялық реагенттерді, мұнай өнімдерін және т.б. қалдықтарды тастауды қадағалау;
- жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау және аң аулауға тыйым салу үшін әкімшілік, құқықтық және экономикалық шаралар қабылдау;
- мониторинг жүргізу.
Флора мен фаунаның жағдайы туралы жалпы мәлімет және оларды қорғау шаралары.
Мұнай және газ өндіру операторлары ұңғының пайдалану және жұмыс істеуін тексеру, қондырғылардың ақаулы жерін анықта.Жанажол кен орнын қоршаған территорияның өсімдік жамылғысы флораның аздығымен және биологиялық түрлерінің төмендігі деңгейімен, бірқалыпты кеңістікті құрылы -
мымен сипатталады. Аумақтың өсімдігі табиғаттың қатаң жағдайында тіршілік етеді, климаттың құрғақтылығына, температураның жоғарғы амплитуда да тербелуі, тұзды топырақ түзетін жыныстардың кеңінен таралуына байланысты ылғалдылықтың жетіспеуі өсімдіктердің таралуына үлкен дақ қалдырады, территорияның өсімдік жамылғысы өсімдік пен қоршаған ортаның байланыстылықтарының күрделі процестерін көрсетеді. Ерекшеліктері бар өсімдіктер геологиялық құрылымымен, су режимдерімен, климаттық көрсеткіштермен және шаруашылық жағдайыментығыз байланыста.
Топырақты-өсімдікті жамылғының ластануы. Топырақ мұнай және мұнайгаз кен орындарын игеру процесінде мұнаймен, мұнай өнімдерімен, әр түрлі химиялық заттармен және жоғары минерализацияланған сулармен ластануы мүмкін. Мұнай төгілген аймақтарда өсімдіктер толығымен жойылған, мұнай төгілген аймақтардағы өсімдіктерді арнайы шаралар қолданбай қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
Қазіргі уақыттағы жануарлар әлемі бұл аймақта өте тапшы, жануарлардан аймақта қоян, түлкі, борсық, қасқыр, қарсақ, қабан, күзен, өмір сүреді. Көптеген көлемде кеміргіштер мен саршұнақтарды кездестіруге болады. Құстардан кекілікті, жабайы үйректерді, сүңгуір үйректерді кездестіруге болады. Бірақ жұмыс аймақтарында миграция (қоныс аудару) жолы қарастырылмаған.
