- •1 Әдеби шолу
- •Бастапқы айдаудың түрлері
- •1.2 Мұнайды мазут пен гудронға дейін айдау
- •Атмосфералық және атмосфералы-вакуумдық процестерінің өнімдерінің түрлері
- •Бастапқы мұнай айдау қондырғыларының технологиялық сызбалары
- •1.5 Қондырғылар сызбасы
- •1.6 Мұнай өңдеуді тереңдету
- •1.7 Шетел ұсынатын мұнай мен мазутты айдаудың сызбанұсқасы
- •1.8.1 Мұнай қоспасының физика-химиялық қасиеттері
- •1.8 Өндірістің орнын таңдау
- •1.8.2 Атмосфералы- вакуумдық қондырғының сызбанұсқасын сипаттау
- •1.8.3 Технонологиялық сызбаны сипаттау
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Авқ қондырғысының технологиялық режимі
- •2.2 Вакуумды колоннаның технологиялық есебі
- •2.3 Вакуумды колоннаның жылулық балансы
- •2.4 Вакуумды колоннаның негізгі өлшемдерін есептеу
- •2.5 Вакуумды колоннаның механикалық есебі
- •Бақылау өлшегіш аспаптары және автоматтандыру
- •3.1 Автоматтандыру құралдарын таңдау
- •3.1.1 Температура өлшеуге арналған аспаптар мен түрленгіштер
- •3.1.2 Қысымды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.3 Шығынды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.4 Деңгейді өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.2 Реттеудің автоматтандырылған жүйесін реттеу заңдылығы
- •4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •4.1 Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы
- •4.2 Технологиялық процесті қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелері
- •4.2.1 Өндірісті қолданғандағы қауіпсіздік шаралары
- •4.2.2 Жарылыс өрт қауіптілігін, зияндығы тұрғысынан технологиялық процестің сипаттамасы
- •4.2.3 Жеке қорғаныс құралдары
- •4.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
- •4.4 Жарықтандыру
- •4.6 Өртке қарсы шаралар
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Мұнай өңдеу зауытындағы зиянды қалдықтарынан ауаны және суды қорғау
- •5.1.1 Ауаны қорғау
- •5.1.2 Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жолдары
- •5.1.3 Су қоймаларын өндірістік қалдықтарынан тазарту
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Капиталды шығындардың есептеулері
- •6.2 Өндірістің негізгі жұмысшыларының санын есептеу
- •6.4 Негізгі техника экономикалық көрсеткіштерінің есептеулері
- •Қорытынды
2.5 Вакуумды колоннаның механикалық есебі
Түтікше сипаттамасы: қысымы – 60 атм;
температура 370 (400) 0 С
жұмыс ортасы – мұнай өнімдері
7 – кесте
Түтікшенің негізгі бөліктері туралы мәлімет
Аталуы |
Саны |
Ішкі диаметр, мм |
Қабырға калыңдығы, мм |
Болат маркасы |
Корпус |
1 |
4260 |
60 |
13 Cr Mo 4.4 |
Жоғарғы түбі |
1 |
6000 |
34 |
13 Cr Mo 4.4 |
Төменгі түбі |
1 |
3000 |
34 |
13 Cr Mo 4.4 |
8 – кесте
Негізгі металдың механикалық қасиеті
Аталуы |
Созылымдылық шегі кг/мм2 |
Бекемлік шегі кг/мм2 |
Созылу |
Түбі |
41,0 |
60,4 |
25,0 |
Обечайкасы |
37,8 |
56,9 |
31,0 |
Жел жүктемесінің есебі
Н-D=17/6=2,8 болғандықтан консольді қатты бекітілген сап түріндегі есептік сызбаны қабылдаймыз.
Биіктік аппаратын шартты түрде n=2 биіктік учаскесіне hі=16,23м. бөлеміз.
Шоғырланған көлденең күштер 1 және 2 учаскелерінде таратылған желдік жүктемені мына формула бойынша анықтаймыз.
Рі=0,6 βі gі Dн hі
Онда
Р1 = 0,6• 1,5135•0,07245•10-2•4,26•16,23=0,0454
Р2= 0,6•1,5135•0,05625•10-2•4,26•16,23=0,0353
бұл формулада βі - жылдамдық қысымын көбейту көэффицентін; g1-1 учаскедегі жел күшінің нормативті жылдамдығы, Мпа
βі =1+Еmi=1+1,58•0,325=1,5135
gi=gӨi=0,045•10-2•1,61=0,072475•10-2
g2= 0,045μ•10-2•1,25 = 0,05625 •10-2
χ0 = 1,5 и χ0 = 0 биіктігі келісімінде әрекет ететін жел сәтін мына формуламен анықтаймыз
Μb= 0,0353 (5-1,5)+0,0454 (15-1,5)=0,73645 МНм
Μb/ = 0,0353 (5-0)+0,0454 (15-0)=0,8575 МНм
Сақинаның сүйемелдеуіш беткі қабатының максималды кернеуін мына формула рақылы анықтаймыз.
σмах
=
бұл жерде Wk – сүйеніш сақинасының кернеу сәтін тең деп аламыз 0,2984 м3; Fk = 0.888 м2 – тіректік сақина; N2 – колонна салмағы
σmax
=
тіректік сақинаның қалыңдығын мына формуламен анықтаймыз
S2
= 1,73b
бұл жерде b-0,082 м- сақинаның томпақ бөлінің сүйеніш обечайкаға дейінгі арақашықтығы; Ggon – 140 МПа – иілімнің рұқсат етілген кернеуі.
S2
= 1,73•0,082
Таңдап алынған сүйеніш S2 = 0,02 м; соның салдарынан бекемдік шарттары сақталады.
Ngon = 3,14•4,26•0,006•0,867•130= 9,046
мұнда φс= 0,867
Μgon= 0,785 •0,907•130•4,262•0,006 = 10, 078
мұнда φс= 0,907
мағынасы Рр = 0 и Рgon = 0
соның салдарынан, қатерлі кесуін тексеру
0,1157< 1
Бекемдік шарттары сақталады [14].
Бақылау өлшегіш аспаптары және автоматтандыру
Мұнай өңдеу және мұнай химия өндірісінде кешенді механизация мен автоматтандыруға үлкен назар аударылады. Ол технологиялық процесстердің өтуінің күрделігімен және аса жоғары жылдамдығымен, сонымен қатар режимнің бұзылуына қатысты сезімталдығына, жұмыс жағдайының зияндығымен, өңделіп жатқан заттардың жарылыс және өрт қаупімен және т.б. түсіндіріледі.
Өндірістің механизациясын орындаумен байланысты ауыр физикалық еңбек қысқарды, тікелей өндіріспен айналысатын жұмысшылар саны қысқарды, жұмыс өнімділігі артады. Механизацияланған технологиялық процесс бойынша адам тікелей қатысуын жалғастыра береді. Алайда оның физикалық еңбегі тек тетіктер мен тұтқаларды және т.б.басумен ғана шектеледі.
Қысым мен температураның, химиялық реакцияның жоғарылауымен байланысты қол еңбегі қажетсіз болып табылады. Мысалы, полиэтилен шығаруда қысым 300МПаға дейін жетеді, кальций карбидін шығару кезінде электр пештерінде температура 3000 0 С дейін жетеді, күкірт колчеданын қайнап жатқан қабатта қыздыру бірнеше секунд жалғасады. Бұндай жағдайларда мамандардың өзі апатқа келтіруі мүмкін нормадан ауытқу кезінде уақытылы процесске ықпал ете алмайды.
Адам ағзасының шектелген мүмкіндіктері өндірісті әрі қарай қарқындауына кедергі болады. Автоматтандырылған жаңа машиналы өндіріс дәуірі туды, ол кезде адам өндіріске тікелей қатысудан босатылады, ал технологиялық процесстерді, механикалық машиналарды функционалды басқару автоматтандырылған жабдықтарға беріледі.
Өндірістік процесстерді автоматтандыру мысалы технологиялық қондырғы секілді арнайы нақты объектінің деңгейін анықтайтын міндеттерін белгілеу. Осы арқылы барлық әрі қарай жұмыс, оның көлемі және шығындар белгілеу. Осы арқылы барлық әрі қарай жұмыс, оның көлемі және шығындар құны, автоматтандыру құралдарын алу және енгізу анықталады. Автоматтандыру міндеттерін шешудегі ең маңызды басқару жүйелерінің жиынтығы болып табылады, яғни адамдардың басқару процесінде, автоматты жабдықтардың, есептеу техникасының құралдарында адамдардың қатысу деңгейін анықтау.
Осы мәселелердің барлығы процестердің автоматтандыруына қатысты түбегейлі зерттелуі негізінде шешідеді. Бастапқы, аралық және дайын өнімдердің қасиеттері оларды жарылыс- өрт қауіпі, улылығы және физика – химиялық қасиеттері зерттеледі. Технологиялық аппараттардың статикалық және динамикалық сипаттамалары зерттеледі, өндіріс бөлмелерінің жарылыс- өрт қаупі класстары мен категориялары анықталады. Белгіленген міндеттердің және бастапқы мәліметтері негізінде автоматтандыру жобасы жасалады. Бұл жағдайда ұқсас процестер мен жабдықтардың автоматтандыру тәжірибесі есепке алынады.
Технологиялық қондырғылар үшін басқарушы жүйені жасау мақсатында келесі негізгі бағыттарды белгілеу:
Басқару ұйымдастыру мәселелерін шешу, ол жергілікті немесе орталықтандырылған болуы мүмкін. Технологиялық қондырғылардың жұмысын басқару орталықтандырылған және операторлық нүктелерден басқарылады. Осыны есепке ала отырып, басқа да мәселелер шешіледі;
Технологиялық процесс, жабдықтың жұмысы туралы ең толық өлшем ақпаратын алуды қамсыздандыратын бақылау параметрлерін таңдау. Бақылау әдетте басты процесс параметрлері – температура, қысым, деңгей және т.б. алынады. Технологиялық қондырғының техникалық- экономикалық көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігі үшін және есептік операцияларды орындау үшін шикізаттың, дайын өнімнің , жылу тасымалдағыштардың және т.б. шығындарын өлшеу қажет. Мүмкіндік туған жағдайда, сапалы көрсеткіштерді анализаторларын қолдану қажет- хроматографтар, газанализаторлары, концентрат өлшегіштер, тығыздық өлшегіштер, жабысқақтықты өлшегіштер және т.б.,соның ішінде қалдық сулардың анализаторлардың және атмосфераға газ қалдықтарын тастау;
Реттелгіш параметрлері мен реттегіш ықпалдарының каналдарын таңдау.
