- •1 Әдеби шолу
- •Бастапқы айдаудың түрлері
- •1.2 Мұнайды мазут пен гудронға дейін айдау
- •Атмосфералық және атмосфералы-вакуумдық процестерінің өнімдерінің түрлері
- •Бастапқы мұнай айдау қондырғыларының технологиялық сызбалары
- •1.5 Қондырғылар сызбасы
- •1.6 Мұнай өңдеуді тереңдету
- •1.7 Шетел ұсынатын мұнай мен мазутты айдаудың сызбанұсқасы
- •1.8.1 Мұнай қоспасының физика-химиялық қасиеттері
- •1.8 Өндірістің орнын таңдау
- •1.8.2 Атмосфералы- вакуумдық қондырғының сызбанұсқасын сипаттау
- •1.8.3 Технонологиялық сызбаны сипаттау
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Авқ қондырғысының технологиялық режимі
- •2.2 Вакуумды колоннаның технологиялық есебі
- •2.3 Вакуумды колоннаның жылулық балансы
- •2.4 Вакуумды колоннаның негізгі өлшемдерін есептеу
- •2.5 Вакуумды колоннаның механикалық есебі
- •Бақылау өлшегіш аспаптары және автоматтандыру
- •3.1 Автоматтандыру құралдарын таңдау
- •3.1.1 Температура өлшеуге арналған аспаптар мен түрленгіштер
- •3.1.2 Қысымды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.3 Шығынды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.4 Деңгейді өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.2 Реттеудің автоматтандырылған жүйесін реттеу заңдылығы
- •4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •4.1 Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы
- •4.2 Технологиялық процесті қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелері
- •4.2.1 Өндірісті қолданғандағы қауіпсіздік шаралары
- •4.2.2 Жарылыс өрт қауіптілігін, зияндығы тұрғысынан технологиялық процестің сипаттамасы
- •4.2.3 Жеке қорғаныс құралдары
- •4.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
- •4.4 Жарықтандыру
- •4.6 Өртке қарсы шаралар
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Мұнай өңдеу зауытындағы зиянды қалдықтарынан ауаны және суды қорғау
- •5.1.1 Ауаны қорғау
- •5.1.2 Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жолдары
- •5.1.3 Су қоймаларын өндірістік қалдықтарынан тазарту
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Капиталды шығындардың есептеулері
- •6.2 Өндірістің негізгі жұмысшыларының санын есептеу
- •6.4 Негізгі техника экономикалық көрсеткіштерінің есептеулері
- •Қорытынды
1.7 Шетел ұсынатын мұнай мен мазутты айдаудың сызбанұсқасы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы мұнай өңдеу өнеркәсібінің дамуы мұнай өнімдерін сапасын үзіліссіз көтерумен сипатталады. Өндіріс технологиясы аясында крекинг, риформинг және полимеризациялау процесстерін кеңінен қолдану нәтижесінде АҚШ мұнай өңдеу зауыттарындағы басты өнім автокөлік бензині болып табылады. Орташа есеппен ол мұнай зауыттарының барлық өнімдерінің 50 пайызына дерлік мөлшерін құрайды. Мұнайды өңдеуге дайындау саласындағы жұмыстар ең алдымен мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру термалдық және электрлік әдістерін жақсартуға негізделген. Барлық жаңадан құрылып жатқан зауыттарда әдетте фирма қондырғылары секілді төменгі жиілік тұзсыздандыру қондырғылары құрылады.
Жекелеген фирмалар жеке электрлік жолмен тұзсыздандыру қондырғыларын құрудан бас тартады, олардың орнына қондырғылар сызбасына мұнайды алдын-ала жылытуға арналған ыстық ағым (дистиллят) жылуын қолдану арқылы электрлік дегидраторлар қамтылған.
Мұнайды термалдық және электрлік дайындаумен қатар өңделмеген мұнай құрамынан бейорганикалық тұздарды және кей жерлерде мышьяктың, металдың және басқа да қоспаларының іздерін кетіруге мүмкіндік тудыратын химиялық тұзсыздандыру процесстері дамытылуда.
Шетелдерде
түрлі типтегі мұнай және мазут сызбалары
кездеседі. 7 суретте мұнайды алдын-ала
буға айналдыру сызбасы бойынша жұмыс
жасайтын АВҚ қондырғысының атмосфералық
бөлімі көрсктілген, жылына 6,0 млн тонна
өндіретін мұндай қондырғы Уайтинг
(АҚШ), Индиана штатында мұнай өңдеу
зауытында құрылған.
1,3,5- жылу алмастырғыштары; 2- электродегидраторлар; 4- буландрғыш; 6- пеш; 7,8- циркуляциялық суарғыш тоңазытқыштары; 9- негізгі ректификациялық колонна; I-жуатын су; II-өңделмеген мұнай;III-бұғаз қоспасы; IV-бензиндендірілген мұнай; V-бензин мен су булары; VI-IX-ашық түсті мұнай өнімдерінің компоненттерінің екі жақтық фракциялары; X-су буы; XI-мазут қалдығы;
7-сурет. Уайтинг зауытындағы АВҚ қондырғысының атмосфералық бөлімі
Өңделмеген мұнай жылу алмастырғышта 3 қыздырылғаннан кейін жеңіл фракцияларды айдау үшін буландырғышқа 4 түседі.
Жеңіл фракциялар булары буландырғыштың жоғарғы жағынан негізгі ректификациялық колоннаға бағытталады. Бензиндендірілген мұнай буландырғыштың төменгі жағынан жылу алмастырғыш арқылы пешке жіберіледі, сол жерден ол да колоннаға барып түседі. Колоннаның 9 биіктігі бойынша температураларда қажетті ауытқуы флегманың екі ағымдарын айналдыру арқылы сақталып тұрады. Негізгі ректификациялық колонналардан жеңіл, орташа және ауыр бензин, жанармай және газойль алынады. Колоннаның төменгі жағынан ары қарай өңделуден өту үшін вакуумды секцияға бағытталады.
Орташа және жоғары күкірт деңгейлі мұнайды өңдеп, лигроин жеңіл бензині, жеңіл де ауыр газойль және вакуумды колонна қалдығы- гудронды тәулігінен шамамен 20000 т өңдейтін Делвордағы (АҚШ) ең ірі қондырғы үлкен қызығушылықты тудыруда. Бұл қондырғының атмосфералық бөлімі екі мәртелік буландыру сызбасы бойынша жұмыс атқарады. Бірінші колоннаның жеңіл фракциялар шығады, ал екінші колонна болса ақ түсті мұнай өнімдерінің басты компоненттерін алуға негіз болған.
Мазутты
көптеген жағдайларда бір колонна сызба
бойынша қуалайды. 8 суретте Уатинг (АҚШ,
Индиана штаты) зауытында вакуумдық
айдау сызбасы келтірілген
1- пеш; 2-вакуумдық колонна; 3-үшсатылы эжектор; 4,5-жылу алмастырғыш; I-мазут, II-таралу газдары; III-циркуляциялық суару; IV- V-май фракциялары; VI-су буы; VII-гудрон
8 – сурет. Уатингі (АҚШ) зауытында вакумудық айдау сызбасы
Ыстық мазут атмосфералық колоннаның төменгі жағынан АВҚ вакуумдық бөлігінде орналасқан пешке бағытталады. Пеште жоғарғы температураға дейін қыздырылған мазут вакуумдық колоннаның ортасына түседі. Сол жерге су буын жібереді.
Вакуумдық колонналардың екі жақты дистиллятты фракциялары таңдап алынды. Колоннадағы артық жылу 4 және 5 жыл циркулляцияғышта екі айналып тұрған суару арқылы жылу алмастырғыш арқылы төмендетіледі. Жылу циркулерлеуші суарғышы қондырғыға келіп түсетін мұнайды қыздыру үшін қолданылады. Вакуумдық колоннаның төменгі жағынан гудрон шығарылады. Колоннаның жоғарғы жағындағы вакуумды үш сатылы эжектор 3 тіреп тұрады.
