Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

3.1 Автоматтандыру құралдарын таңдау

3.1.1 Температура өлшеуге арналған аспаптар мен түрленгіштер

Басқару функцияларын жүзеге асыратын автоматтандыру жабдықтары мен есептегіш техниканың құралдары мүмкіндік бойынша аспаптардың мемлекеттік жүйесі аясында таңдап алынуы қажет, сонымен қатар объект күрделілігі мен олардың жарылу және өрт қаупін, агрессиялығын және қоршаған ортаға улылығын, өлшенетін технологиялық параметрлері және ортаның физика- химиялық қасиеттері, сигналдардың датчиктерден берілу қашықтығы, талап етілетін туралық пен орындағыш жабдықтарын басқару пункттеріне дейінгі қашықтығы, рұқсат етілетін өлшеуіш аспаптардың қателіктерін, электр жабдығының орналасу жеріне дейін есепке алу қажет. Ол кезде біртипті, орталықтандырылған және сериялық түрде шығарылатын жабдықтарды таңдау қажет. Ол міндетті және басқару жүйесін қолдануды біраз жеңілдетеді.

Температура химиялық, технологиялық процесстердің ең маңызды параметрлерінің бірі болып табылады. Температураны өлшеу үшін өндірісте келесі түрлендіргіштер кеңінен таралған: кеңейту термометрлері, манометрикалық термометрлер, термоэлектрикалық термометрлер, кернеу термометрлері, пирометрлер.

Металл электродтары бар ТХК-0806 және ТХА-0515 типіндегі термоэлектрлік термометр таңдап алынды, олар температураны өлшеуге арналған және МЕСТ-6616-6 сәйкес жасалған. Сезімтал элемент жұмыс аяғында екі термобу (жапсырылған) термоэлектродтан құрылған және толық ұзындығы бойынша бір немесе екі арналық құбырлар мен пирометрикалық фарфор мен альюминий тотығынан жасалған моншақтар арқылы изоцияланған.

ТЭПті тұрақты тоқтың унифицерленген үзіліссіз сигнал электрпневматикалық түрлендіргішімен қосады. Түрлендіргіш шыға берісте, пневматикалық унифицирленген сигнал береді. Аспаптың жұмысы тоқты түрлендіруге негізделген және пропорционалды талпыныс магнитэлектрлік механизм арқылы жүзеге асырылады. Бұл жігер күшті компенсациялау әдісі арқылы өлшенеді; ол үшін сопло- жапқыш пневматикалық жүйесі қарастырылған, ол қатаң кері байланыспен қамсыздандырылған. ЭПП температурасын өлшеу және реттеу сызбасында қалыптастыратын түрлендіргіштермен унифицирленген ток сигнал ТЭДС ТЭП кешенімен жұмыс жасайды. Қалыптастырушы түрлендіргіштің шығу сигналы НП-ТЛ1 4.

Қалыптастырушы түрлендіргіш НП-ТЛ1-4 ТЭПке унификацияланған ток сигналына арналған ТЭДС ТЭП түрлендіргіші. Ол шығу тоғы арқылы кері байланысымен қамтылған өлшегіш тоқ пен күшейткіштен тұрады. Сыртқы жүктеме арқылы өтетін тоқ күші шығатын кернеуге пропорционалды болып келеді. Қалыптастырушы түрлендіргіш стандартты градуировка ТЭП. Қалыптастыратын түрлендіргіштің шығу сигналы I=0-5мА.

Екіншілік аспаптар ретінде ПВ2.2 көрсететін пневматикалық бақылау аспабы және ПВ 10.1 П басқару бекеті бар өзі жазып алатын пневматикалық бақылау аспабы қолданылады, олар СТАРТ аспаптары мен регуляторы жүйесіне кіреді. ПВ 2.2 аспабы бір ғана параметрді көрсетуге және параметрдің берілген диапазон шегінен шығып кеткен жағдайда сигналдар шығару үшін арналған. Аспап көлемдері 60x160x360мм. Тез әрекет етуі 1;2,5 и 10с. Туралық класстары 0,25;0,5.

ПВ 2.2 көрсететін пневматикалық бақылау аспабы және ПВ 10.1П басқару бекеті бар өзі жазып алатын пневматикалық бақылау аспабы реттегіш параметрлерді бақылауға, жазуға мүмкіндік береді; процессті қолмен басқару; Аспаптың үш өлшегіш жабдықтары, тапсырма бергіш және тетікті басқышы бар басқару станциясына ие. Аспаптың көлемдері: 160x200x513мм.

ПР 3.15 реттегіш блогі екі параметрдің арақатынасының белгіленген көлемін қолдауға арналған. Құрылымдық жағынан аспап регулятордан және дроссельдік приставкадан тұрады, сол арқылы 1:1 ден 5:1 дейін диапазонда регулятордың қолдап тұратын параметрлердің арақатынастарын белгілеуге болады. Блоктің габариттік монтажды көлемі: блок биіктігі 230мм және бекітілген саңылаулары арасындағы қашықтық 130мм құрайды.