Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

1.8.2 Атмосфералы- вакуумдық қондырғының сызбанұсқасын сипаттау

Мұнай алдымен резервуар паркіндегі электротұздандыру және сусыздандыру қондырғыларына түседі: ЭЛОУ–АҚ-ға қосындысы Маңғыстау, Мартышинск, Теңіз кен орындарынан түседі.

Тұссызданған және сусызданған мұнайдан алынған бензиндік және дизельдік дистилляторы алғашқы айдау қондырғысы арқылы алынады б.қ-1800 С бензиндік фракциясы каталитикалық риформингіне шикі зат ретінде жіберіледі, б.қ-2000С фракциясы автомобильдік бензинді дайындауға жұмсалады.

Дизельдік фракция дизельдік жанармай компоненті ретінде қолданылады. 3060С жоғары фракция М-10 мазут маркасының тауарлық өндіріс коипоненті түрінде қолданылады.

АВҚ атмосфералық дистилляттары: ТС-1 (авиакеросин) және уайт-спирт- тауарлық өнімдер, дизельдік жанармайды дайындайтын дизельдік фракцияның компоненті ретінде қолданылады. Вакуум қондырғысының өзге осы қондырғыдан вакуумдік дистиллят -390-5000С фракция (вакуумдік газойль) және гудрон алынады, ол кокстеу қондырғысында шикізат болып табылады.

Каталитикалық риформинг қондырғысында қайта өңдеу нәтижесінде АҚ және АВҚ бензиндік фракцияларын дебутандалған бензин –АИ-80, АИ-91, АИ-93 тауарлық бензин маркілерінің компонентін алады.

1.8.3 Технонологиялық сызбаны сипаттау

Н-4 сорғышы (Н-4 а,4б) арқылы мазут төрт параллельді ағыммен П-2 пештен айдалады. Мазуттың ағымдарға тарауы ағымның пешке кірер жерінде орналасқан шығын регуляторының поз.26, 27, 30, 32, клапандарымен реттеледі. 420 0С температураға дейін қыздырылған мазут К-5 колоннасының қоректендіру секциясының 4а табақшасына түседі. Ағымдардың пештен шыққандағы температурасы клапандары газ жанармайын беретін деңгейде орналасқан П-2 форсунка пешіне по.96, 96а, 97, 97а арқылы қамтамасыз етілед. Газдық түтіннің температурасы асуларда поз. 95, 98 температура құралдары арқылы тіркеледі. Ағымға кірердегі мазуттың қысымы поз. 142, 142а, 171, 172 қысымды өлшеу құралдарымен тіркелінеді. Вакуумды колоннаның жоғарғы жағында 15 табақша, төменгісінде 6 табақша.

К-5 колоннасының төменгі бөлігіне П-1 пешінің бу қыздыруынан дымқыл бу беріледі, буды тарату поз.47 клапан-регуляторы арқылы реттеледі. П-2 пешінің змеевиктеріне турбулизатор ретінде дымқыл бу ағымға 0,3% көлемінде беріледі. Қалған қысым вакуум колоннасының жоғарғы бөлігінде 40-60 мм.сын.бағ. аспауы тиіс. Колоннадағы вакуум тұрақсыз термиялық қоспаларды бөлу үшін қызмет етеді. Қалған қысымның көбеюі, вакуумдік колоннаның ағымдары бөлу қабілетін күрт азайтады.

Дымқыл булар, таратылатын газдар және құмарту мұнай булары К-5 колоннасының жоғарғы жағы ХВ-41 конденсаторы арқылы Е-30 вакуум-қабылдағышқа түседі, бұл жерден конденсатталмаған газдар А-18 эжекторларымен сорып алынады, ал деңгей арқылы конденсат Е-30 конденсатымен Е-31 ыдысына түседі. Е-31 ыдысынан мұнай тауарлы Н-43 (43а) соғышымен сорып шығарылып Н-1а сорғышына өтеді, су канализацияға дренирленеді, газдық фаза П-2 пешіне жығылу үшін түседі.

Вакуум колоннасында колоннадағы артық жылуды алып тастау үшін циркуляциялық суландыру арқылы қарастырылған.

І-ші циркулияциясының суландыру К-5 колоннасының 17 табақшасына 1620 С температурадан жоғары емес жағдайда Н-93 (Н-94) сорғыштың қабылдауына шығарылады және Х-28, Х-19, Х-23 тоңазытқышқа айдалады және 600С температурасымен К-5 колоннасының 19б табақшасына беріледі. Схема бойынша ағымдағы 1-ші циркуляциялық сусыздандырудың жартысын К-5 ЦО қайтару деңгейіне беру мүмкіндігі қарастырылған. І ЦО шығыны клапаны қайтару К-5 колоннасының деңгейінде орналасқан, тарату поз. 494 құралы арқылы реттеледі.

ІІ циркуляциялық сусыздандыру 2700С жоғары емес температурада К-5 колоннасының 13 табақшасы арқылы шығарылады, Т-13/1,Т-12/, Т-12/1,Т-6/2,6/1,Т-5/3 жылу алмастырғыштарын, ХВО-15 ауамен су тоңазытқышы, Х-26, Х-15 су тоңазытқышы Н-54 (Н-56) сорғышы арқылы айдалады және К-5 колоннасының 16 табақшасына қайта оралады. Схемамен сондай-ақ ІІ ЦО ағымының К-5 колоннасын І ЦО қайтару деңгейіне берілу мүмкіндігі қарастырылған. ІІ ЦО-ны тарату поз.31, клапандары К-5 колоннасына ІІ ЦО-ның қайтатын деңгейінде орналасқан, құралдары арқылы реттейді.

Кең вакуумдік фракция 350-5000С К-5 колоннасының 2 табақшасынан К-11 колоннасының бусыздандыруына шығарылады. К-11 колоннасының үстінен булар К-5 колоннасының 16 табақшасына қайта оралады, ал астынан К-11 колоннасының Н-25(25а) вакуумдық дистиллят сорғышы арқылы Т-45/2, Т-43/1, Т-42, Т-41 жылу алмастырғышы, Х-24, Х-25 су тоңазытқыштары, ХВ-5 тоңазытқышы 900С жоғары емес температурада қондырғыдан шығарылады. Колоннаның төменгі деңгейі поз.544 деңгей құралы арқылы реттеледі, клапаны вакуумды фракциялық қондырғыдан шығарылатын деңгейде орналасқан.

Қараңғылатылған өнім 500-5200С фракциясы К-5 колоннасының 5-ші табақшасынан бусыздандыру К-10 колоннасына шығарылады. К-10 колоннасының үстінен бу К-5 колоннаның 7 табақшасына қайта келеді. К-10 колоннасының астынан бусыздандырылған 500-5200 С фракция Т-44/4 жылу алмастырғыштың алдында қондыра Н-55 (55а) сорғышымен мазут деңгейіне шығарылуы. Колонна астының деңгейі поз.619 құралы арқылы реттеледі, клапаны 500-5200С фракцияны шығару желісінен мазут желісіне шығу жерінде орналасқан.

Колонна вакуумның үсті поз.143 қысымды өлшейтін құрал арқылы реттеледі. Колонна температурасының үсті поз.101 температура өлшейтін құралмен тіркелінеді. К-5,К-10, К-11 колонналарының әр жердегі температурасы мен ағым поз.121 температураны өлшейтін құрал арқылы бақыланады.

К-5 колоннасының астынан гудрон Т-7/8-1, Т-48/3-1, ПХ-42 енгізу тоңазытқышы температурасы 1000С жоғары немесе Н-32(2а) сорғышы арқылы қондырғыдан шығарылады. К-5 колонна астының деңгейі клапандары гудрон деңгейіндегі қондырғыда орналасқан поз.314 деңгей құрал арқылы реттеледі.