Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

1.5 Қондырғылар сызбасы

Мұндай өңдеу зауыттарында жоғарыда келтірілген барлық мұнай және мазут айдау схемалары қолданылады, жеке атмосфералық және вакуумдық айдау қондырғылары аралас құбырлы атмосфера- вакуумды қондырғылар салынуда.

Жылына 1 млн.т. өнімділігімен негізінен шығыстық күкіртті мұнайды өңдеуге және көптеген мұнай өңдеу зауыттарында эксплутацияланатын қондырғы схемасы 4 суретте келтірілген.

Аралық парк резервуарынан мұнайды Н-1 сорғышымен алып, екі ағыммен шикізат жылу алмастырғыштарынан өткізеді. Қондырғыда коррозияны болдырмас үшін мұнайға сілтінің ерітіндісін қосады. Тұрақтандыру үшін беріледі немесе қондырғыдан шығарылады.

I-мұнай; II-газ; III-стабилизацияның басы; IV-фракция н.к.-85 °С;V-фракция 85-180 °С; VI-фракция 180-240 фракция °С; VII-фракция 240-300 °С; VIIIфракция 300-350 °С; IX-вакуумды колоннаның бірінші айдауы (фракция 350 °С); X-вакуумды колоннаның екінші айдауы (фракция 350-400 °С); XI-вакуумды колоннаның үшінші айдауы (фракция 400-450 °С); XII-вакуумды колоннаның төртінші айдауы (фракция 450-490 °С); XIII-гудрон (фракция 490 °С);XIV-су буы;XV-су;XVI-сілті; XVII-аммиакты су.

4–сурет. Атмосфера- вакуумды құбырлы қондырғының технологиялық сызбасы

Бірінші ағымдағы мұнай Т-1- 180-2400С фракциясымен, Т-2-де вакуумды колоннаның 1-ші айдауымен, Т-3-240-3600С фракциясымен, Т-4-300-350 0С фракциясымен, Т-7-вакуумды колоннаның 3-ші айдауымен, Т-8- гуронмен қыздырылады.

Мұнайдың 2-ші ағымы Т5 атмосфералық колоннаның суландыру жылу алмастырғыштары арқылы Т-6 вакуумды колоннаның орта циркуляциялық суландыру мен Т-9-да гудрон арқылы өтеді. Жылу алмастырғыштардан соң мұнай бір ағымға жалғасады және 220 0С-мен бірінші К-1 бензинсіздендіргіш колоннасына түседі.

К-1 колоннасының жоғарғы өнімі-бензин фракциясының буы қайнау шегі 120-150 0С ХК-1 тиеу типтес конденсат- тоңазытқышта конденсацияланады және Е-1 рефлюксті ыдысқа түседі, бұдан жоғарғы фракция өнімнің жартысы Н-3 сорғышы арқылы К-1-ге суланған (флегма) ретінде қайтып келеді, ал балансты мөлшер Н-5 сораппен К-4 бензин стабилизаторына шығарылады.

Е-1 рефлюксті ыдыста газ бөліну жүреді, ол атмосфералық айдау қондырғысына мұнаймен бірге түседі. Сондықтан рефлюсті ыдыстың газдарында және бензинсіздендіру колоннасында жоғары, ол 3-4 ат құрайды.

К-1 төменгі өнімі- бензинсіздендірілген мұнайды- Н-2 сорғышымен алып, П-1 құбырлы пешіне жібереді, оның пайдалы жылу жүктемесі 16 млн.ккал/сағ құрайды. К-1 қайта оралып, өзімен бірге қосымша жылу мөлшерін, ректефикацияға қажетін әкелді.

Қалған қыздырылған жартылай бензинсіздендірілген мұнай К-2 атмосфералық колоннаға түседі, мұнда бірнеше фракцияға бөлінеді. К-2 керісінше жоба бойынша мұнай температурасы 3200С болуы керек, ал практика жүзінде әлдеқайда жоғары-350 0С.

Колонна астының температурасын төмендету үшін және мазуттан жарық мұнай өнімдерін алу үшін К-2 ректификациясына су буының бар кезінде жалғайды. Бу колоннаның төменгі бөлігінде 1,5-2% қалдыққа мөлшерінде беріледі.

К-2 колоннасының үстінен бензин фракцияларының буы 180 0С қайнау шегімен, сондай-ақ су буы кетеді. Булар ХК-2 конденсатор-тоңазытқышқа түседі, конденсациядан кейін өнім Е-2 суды бөлуші ыдысқа түседі. Суда тұрған ауыр бензинді Н-6 сорғышымен алады және К-1 жоғары айдауымен бірге К-4-ке жібереді. Е-2-дегі бензиннің жартысы К-2-ге өткір суландырғыш ретінде қайтып келеді.

Сондай-ақ К-2 колоннасынан 3 бүйірлі айдау шығарылады- 180-2400С фракциясы, 240-3000С және 300-3500С. Бастапқыда бұл айдаулар К-3 колоннасының бусыздандыру жеке секцияларына түседі, бұнда бүірлі айдаулардан су буының көмегімен жеңіл фракциялар жоғалтылады. Жеңіл фракциялардан босаған негізгі өнімдер сұйық күйінде қондырғыдан шығарылады, ал жеңіл булардың фракциялары К-2-ге қайтып келеді. Су буының шығыны негізгі өнімге шаққанда 1,5-2 % құрайды. 180-2400С фракциялары қондырғыдан Т-1 және Х-2 тоңазытқышы арқылы шығарылады. 240-3000С және 300-3500С фракциялары сәйкес жылу алмастырғыштарға артық жылуды мұнай қондырғысына береді, аяқтаушы тоңазытқыштарда суытылады және қондырғыдан шығарылады.

К-2 колоннасының жұмыс істеу жағдайын жақсарту үшін және артық жылуды шығару үшін колоннада циркуляциялық суландыруды шығару қарастырылған. Бұл суландыру 20 табақшадан алынады, Т-5 жылу алмастырғышы арқылы шығады және К-2-нің 24 табақшаға қайтып келеді.

К-5-тің астына гудронның жеңіл компоненттерінің булану жағдайын жеңілдету үшін сулы бу енгізіледі.

К-5-тің үстінен сулы буды, газдарын, ауа және мұнай өнімдерінің кейбіреулері А-1 барометрлік конденсаторға түседі, сумен суытылады және ара-тұра конденсацияланады. Конденсацияланбаған газдар екі сатылы эжектормен сорылып алынады.

I-мұнай; II-стабилизацияның басы; III-62 °С н.к. фракциясы; IV-62-85 °С фракциясы; V-85-105 °С фракциясы; VI-105-140 °С фракциясы ; VII-140-180 °С фракциясы; VIII-180-220 °С фракциясы; IX-220-350 °С фракциясы; X->350 °С фракциясы; XI-су буы; XII-демульгатор

5 – сурет. ЭЛОУ–АТ-6 мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысының комбинирленген технологиялық схемасы

Вакуумды колоннада төрт бүйірлі айдауды алу қарастырылған: 16,12,8 және 5 табақшада. Бұл айдаулар тікелей табақшадан алынған. Қуаттылығы жылына 1млн.т АСТ-да бензиндерді қысқа фракцияларға бөлетін К-6 екінші рет айдау колоннасы мен К-4 стабилизаторы бар. Стабилизатордың міндеті-бензиннен жеңіл көмірсутектікті жою (пропан және бутан).

Жоғарыда келтірілген атмосфералық – вакуумды айдау қондырғыға отандық өзге де қондырғылар схемасы ұқсас.

Отандық бірнеше мұнай өңдеу зауыттарында тұзсыздандыру қондырғылары аралас және мұнайды атмосфералық айдау қондырылары тұрғызылан, тұзсыздандыру және атмосфералық – вакуумды айдау қуаттылығы 6 млн.т жылына –ЭЛОУ-АТ-6 (5 сурет) және ЭЛОУ-АҚ-6.

Алғашқы айдау қондырғысының айырықша белгісі жаңа түрлі қондырғыларды қолдану. Бұлардың конденсация үшін тері құбырлы тоңазытқыш – конденсаторлар және ауамен суыту конденсаторлары, мұнайды қыздыру үшін үлкейтілген жылу алмастырғыштар қолданылады. Алғашқы айдау қондырғыларында АҚ және АВҚ-да жиналған тәжірибе еске алынған.

1 – кесте

Қондырғының басты аппараттарының сипаттамасы

Өлшемдердің мағынасы

ЭЛОУ-АТ-6

ЭЛОУ-АҚ-6

Диаметр, м

Бензинсіздендіруші колонна

5,0

3,0

Атмосфералы колонна

5,7/7,0

3,8

Стабилизатор

2,8/3,6

1,2

Вакуумды колонна

6,4/9,0

6,4

Жылу алмастырғышы мен мұнайды қыздыру (бір аппарат), м2

630-800

100

Пештердің жылу жүктемесі, млн.ккал/сағ

580

90

Атмосфералық айдау

106

16

Вакуумды пеш

34

8