Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

4.2.1 Өндірісті қолданғандағы қауіпсіздік шаралары

Жүйелік бақылауды жүргізу қажет:

  • пеш змеевигінің құбырларының жағдайын.

  • өрт сөндіру жүйесінің жұмыс қабілетін вахта кезінде кем дегенде 1 рет тексеру қажет.

  • Ауа жіберіп тұратын желдеткіш жүйесінің үзіліссіз жұмыстарын, өндіріс бөлмелерінің ауаны сорып желдетуін қамтамасыз ету.

  • өндірістік орныдарға ауа ортасының сапасын;

  • қорғаныс жермен байланыстыру, құбырлардың, қосу жабдықтарының электрдвигательдерінің корпустарының, аппараттардың механикалық жағдайларын;

  • бақылау және автоматтандыру жүйесінің, апаттық дабыл қағу жүйесіні және блоктеу қорғанысының сапалы да үзіліссіз жұмыс жасауын;

Қорғаныс жермен байланысы кенеуін тексеруді кестеге сәйкес жүзеге асыру, тексеру нәтижелері бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеу.

Қосу жөніндегі нұсқалықты қатаң түрде сақтау; сораптардағы компрессорларды және олардың электрприводтарын қолдану.

Канализациялық жүйенің бітеліп қалуына жол бермеу.

Қызмет көрсетуші жұмыскердің денесі мен терісінің өндірістік жарақаттан және химиялық күйіп қалудан, мұнай өнімдерінің зиянды ықпалынан сақтандыру мақсатында белгіленген нормаларға сәйкес арнайы аяқ киіммен және арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

Жұмыскерлер олардың бүтіндігіне, тазалығына және мақсаты бойынша қолдануына жауап береді, олар жұмыс шеберхананың тұрмыстық бөлмесіндегі киім ілгіште сақтауға рұқсат етіледі. Жұмыскерлердің көмірсутекті газдардың, мұнай өнімдерінің буларынан, күкіртті сутектерден тыныс органдарын қорғап қалу мақсатында қондырғы жұмысшыларына газ сүзгіш беріледі. Жеке ауа сүзгіштер және ПШ-1 жиынтығы қондырғының операторлық бөлмесінде сақталады.

Қондырғының тұтану орындарын жою үшін: су буы, көбік өрт сөндіргіштер, құм, асбест көрпешелері, көмірқышқыл өрт сөндіргіштер және киіз қолданылады.

Қондырғыда аппатық жағдай болған кезде, жеке аппараттың немесе бірқатар аппараттардың механикалық тұтастығының бұзылуы кезінде қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардағы артық қысым (газ) шығып қорғаныс клапандары арқылы немесе факелдің арнайы линиялары арқылы күштеп ол жерде жіберілген газ лап етіп жанып кетеді.

4.2.2 Жарылыс өрт қауіптілігін, зияндығы тұрғысынан технологиялық процестің сипаттамасы

ЭЛОУ-АВҚ қондырғысында жанармай мен жарылу қаупі бар материялдардың үлкен саны шоғырланған.

Қондырғыда өнімділігі өте жоғары ірі тоннаждық жабдықты ұтымды қолдану қондырғының жекелеген территориясында жанармайдың және жарылу қатер бар материалдардың көптеп жиналуына және мұнай өнімнің көлемінің өсуіне алып келіп соғады.

Бұл жағдайда күйреуге, мамандардың жарақаттануына және салмақты материалды шығындарға әкеліп келетін өрттің және жарылыстардың орын алу қаупі өсе түседі.

Мұнайды тікелей айыру процесіндегі негізгі қауіпті сәттер:

  • аппаратураның ақаулығының себебінен жарылыс қаупі бар мұнай булары мен газдардың шоғырлануы;

  • ауада мұнай булары мен басқа да зиянды газдардың шоғырлану деңгейінің көтерілуі, ол қызмет көрсетуші маманның улануына әкеліп соғады;

  • аппараттар мен құбырлардың ролардың ішіндегі қысымның шектен тыс жоғарлау нәтижесінде жарылып кетуі;

  • түрлі ағындар және фланецтік қосындының герметикасының бұзылуы, сораптың сальникті қабаттамасының арасынан жіберуі мұнай өнімнің құбырлардың қызып тұрған беткі қабаттарына ағындар тұтанып және өрт шығуына әкелуі мүмкін.

  • ыстық өнімдермен, бумен және сілтімен жанасқанда күйіп қалу қауіптері.

  • электр тоғымен соғу;

  • мұздың, сүңгілердің әсіресе қысқы мерзімдерде болуынан жарақаттар алу.