Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

4.2.3 Жеке қорғаныс құралдары

Қондырғыда жұмыс жасау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсетуші мамандарға арнайы жеке қорғаныс құралдарын береді;

  1. ППФМ-92 типіндегі ауа сүзгіш- 2 сорғыш элементтерді қолдану жағдайында еркін оттегінің ауадағы көлемдік үлесі 18 % зиянды қоспалардың 1% болғанда тыныс органдарын, көздерін және бетін газдан, бу тәріздес зиянды қоспалардан және аэрозольдерден жеке қорғауға арналған. ППФМ-92 ауа сүзгішіне «А» маркалы қорап беріледі ол тыныс органдарын органикалық және галоген органикалық қосындылардан (бензин, керосин, ацетон, бензол, толуол, ксилол, күкірттікөмір, спирт, эфирлер, анилин, бензолдың нитроқосылысы және оның гомологтары, тетраэтилсвенец) қорғауға арналған, және «КД» маркалы қорап беріледі, ол тыныс органдарын аммиактан, күкіртсутектен және органикалық заттар буынан сақтап қалады.

  2. еркін оттегінің ауадағы көлемдік үлесі 18% зиянды қоспалардың 1 % болғанда аппараттарда, құдықтарда, жабық бөлмелерде жұмыс жасау үшін ПШ-I және ПШ-2 ауа сүзгіштермен қамтамасыз етіледі.

  3. еркін оттегінің аудағы көлемдік үлесі 18 пайыз болғанда тыныс органдарын шаңнан қорғауға арналған респпираторлармен.

  4. арнайы киім-өндірісте жұмыс жасайтын барлық тұлғалар арнайы киімде жұмыс жасаулары қажет.

Операторлар мен машинистердің арнайы киімдері ретінде мақта костюм, арнайы аяқ киім, брезент қолғаптар және мақтадан жасалған шалбарлар қолданылады.

Сонымен қатар, сілтілермен және қышқылдармен жанасқан кезде, қосымша: көзәйнектер, резенке қолғаптар, резеңке аяқ киімдер және резеңкеленген алжапқыштар беріледі.

Қондырғыда мыналар бар болу керек:

а) өрт сөндіру су құбырының жүйесі;

б) жылу алмастырғыш КВП жабдығымен ауа суыту аппараттарында көбікпен сөндіру жүйесі;

в) колонналар, жылу алмастырғыштар, пештер, сораптар өрт сөндіру жүйелері;

г) пеш құрылымдарында өрт пайда болса жану камераларына және пеш змеевиктеріне бу беру көзделген;

д) өрт сөндірудің басты құралдары:

- ОХП-10, ОВП-100 көбікті өрт сөндіргіштер;

- ОУ-5 көмірқышқыл өрт сөндіргіштер;

- ОПУ-5 ұнтақты өрт сөндіргіштер

- құм салынған қораптар;

- қалақтар, тасығыштар, асбест көрпелері;

- жанармай сораптық АВҚ да орналасқан тұрақты көбікті қондырғы.

4.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары

Өндірістік тазалық-зиянды факторлардың әсерінен жұмыс істеушілерге тигізбеуге болмаса оларды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары. Әрине зиянды факторлардың жұмыскерлерге тигізген әсерінен салдары оларды кәсіби сырқатқа соқтарыда зиянды факторлар мыналар: денсаулыққа қолайсыз метрологиялық жағдайлар, улы және айықтырғыш газдар, жарықтандыру өндірістік шу діріл радиоактивтік бөліктер. Өндіріс және қоршаған ортаның арақатынасының жағдайы [24]. Дене жылулығы алмасуын сақтау, ауа қатынасының жылдамдығының сақтау және жол метрологиялық жағдайларды сақтау керек. Өндірістегі зиянды, улы, шаң-тозаңдардың адам организміне әсері және оны категорияға бөлу сұрыптау тікелей пайдаланатын адамның дене құрылысы сақтайтын киім-кешектер болу керек және оны пайдалану керек.