- •Әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықтың қалыптасуы. Әлемдік экономиканың негізгі даму кезеңдері.
- •3. Әлемдік экономиканың субъектілері мен объектілері.
- •4. Халықаралық экономикалық қатынастардың нысандары мен олардың өзара байланысы.
- •Әлемдік экономиканың постиндустриализациялануы. Әлемдік экономиканың трансұлттануы.
- •Әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялануы.
- •Экономиканың жаһандануы: мәні мен даму факторлары. Экономиканың жаһандануының әлеуметтік-экономикалық салдары.
- •Әлем елдері топтарының негізгітиптері мен критерийлері. Әлемдік Банктің әлем елдерінтоптастыруы. Жіө есептеудің әдістері.
- •Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық және оны жеңудің жолдары.
- •Әлемдік экономиканың табиғи-ресурстық әлеуеті. Әлемдік шаруашылықтағы табиғи ресурстардың біркелкітаралмауы.
- •Әлемдік экономикадағы еңбек ресурстары: түсінігі, құрылымы. Еңбек ресурстарының біркелкітаралмауы: қазіргі кездегі үрдістері.
- •Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстары: түсінігі мен құрылымы. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмі.
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •Әлемдік қаржы нарығының құрылымы мен негізгі қатысушылары. Әлемнің қаржылық орталықтары: ерекшелістері мен даму үрдістері.
- •Әлемнің кәсіпкерлік ресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері. Әлемдік экономикадағы білімресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері.
- •15. Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың қатысуы: нысандары мен ерекшеліктері.
- •16. Өнеркәсібі дамыған елдер тобы: негізгібелгілері мен әлемдік экономикадағы рөлі.
- •17. Дамушыелдертобы: өзіндік ерекшеліктері, топшалары және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •18. Өтпелі экономикалыелдертобы: негізгібелгілері және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •19. Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық түсінігі мен негізгі көрсеткіштері.
- •20. Адам әлеуетінің даму индексі (аәди): түсінігі және елдердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін бағалаудағы рөлі.
- •21. Қуып жетуші даму моделі және оның әлем елдеріндеіскеасуы.
- •22. Ашық ұлттық экономиканың түсінігі, мағынасы және көрсеткіштері. Ұлттық экономика ашықтығының тиімді жақтары мен проблемалары.
- •23. Елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізгібелгілері мен көрсеткіштері. Бэф (Бүкіләлемдік Экономикалық Форум) рейтингі.
- •24. Халықаралық сауда: пайдаболуы, дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы: түсінігі мен қазіргі кездегібелгілері.
- •26. Халықаралық аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі алғышарттары мен мақсаттары. Елдердің интеграциялық бірлестіктерінің негізгітиптері мен кезеңдері.
- •27. Тұк ұғымы, негізгікритерийлері мен белгілері.
- •28. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы. Бұұ экономикалық органдарының жүйесі.
- •29. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің Кеден Одағы: ерекшеліктері мен даму перспективалары.
- •30. Адамзаттың жаһандық мәселелері (проблемалары).
Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстары: түсінігі мен құрылымы. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмі.
Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Қаржы ресурстарының көздеріне:1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;4. Қарыз қаражаттары жатады.Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Орталық инфрақұрылымының негізін әдетте қор құндылықтарымен операциялар жасайтын аса ірі биржалармен тығыз байланысқан ұлттық және ұлтаралық банкілер құрайды. Ірі брокерлік кеңселер мен түрлі инвестициялық қорлар да айтарлықтай рөл атқарады. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді. Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып та- былады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвес- торлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірін- ші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды.Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазіргі күні шетелдік инвестициялық банктер операцияларының 80 пайызға жуығы Лондон арқылы жасалынады.
Әлемдік қор рыногындағы мұнан кейінгі орын Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қалаларындағы қаржы орталықтарына тиесілі. Шағын ғана Гонконг қаласы осы жағдайға байланысты өзінің экономикасының көлемі жағынан 9-шы орын алса, мұндағы қаржы орталығы жасалынатын қаржы операцияларының көлемі жағынан бүкіл дүние жүзі бойынша үшінші орынға көтеріліп отыр. Ол бүгінгі күні Еуропаға қарағанда барынша жедел даму үстіндегі Азияның басты қаржы орталығы атанып отыр.
Әлемдегі төртінші ірі қаржы орталығы болып Сингапур қаласы табылады. Мұнда халықаралық деңгейдегі аса ірі қаржы мекемелері шоғырланған. Оның ұдайы жетілдіріліп отыратын нормативтік базасы, сенімді макроэкономикалық жағдайы, сонымен қатар барған сайын өсіп келе жатқан Азия қаржы рыногындағы алатын орны халықаралық инвестициялар үшін барынша тартымды бола түсуде.
Әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануы мен оның салдары. Әлемдік қаржы дағдарыстар
Қаржы ресурстары бұл әлемнің экономикалық жаһанданған ресурстарының бірі. Бұл жайлы әлемдік қаржы нарығы сигменттерінің өзгерісінен, және валюталық нарық сонымен қатар несие мен акция нарығындағы резидент еместердің қатысуының ұлғаюынан көруге болады. Қаржы ресурстарының жоғарғы деңгейі экономикалық ресурстардың мобильді түрімен түсіндіріледі. Жалпы әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануының жағымды және жағымсыз салдары бар.
Жағымды салдары:
Әлемдік қаржы ресурстарының жетіспеушілігінің жеңілдеуі, яғни қазіргі жағдайларға байланысты дамыған елдел мен кейбір дамушы елдерде капитал тапшы емес ресурстар болып табылады;
Ұлттық қаржы нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі;
Қаржы қызметінің ақысының төмендеуі.
Жағымсыз салдары:
Жекелеген аумақтардағы дағдарыстардың басқа аймақтардағы елдердің экономикасына әсерінің күшеюі;
ұлттық қаржы нарығының либерализациясы ұлттық қаржы нарығының тұрақсыздығының күшеюіне алып келуде;
әлемдік экономиканың қаржы капиталына тәуелді болуы;
ұлттық басшылықтың ұлттық қаржыларға, ТҰК ға, халықаралық инвесторлар институттары мен халықаралық интеграциялық одақтарға әсер етуінің әлсіреуі.
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда.
1825жылы көп мәліметтерде ең алғашқы әлемдік қаржы дағдарысы болды. 1820 жылы Латын Америкасының тәуелсіздік үшін күресінде Ұлыбританиядан капитал ағымының азаюына алып келді. Сауда дисбалансының өсуі және алтын резервтердің қолданыстан шығуы Ұлыбратанияның Банкінің 1825 жылы есептік бағамдардың өсуіне әкелді. Латын Америка елдеріне өздерінің қарыздарының төлеуіне және шетел капиталының ағымын жаңартуына отыз жылдай кетті.
1836-1838.жж дағдарыс. 1836 жылы халықаралық алтын резервінің қысқартылуына жауап ретінде Ұлыбритания Банкі өзінің есептік бағамын көтерді. Последующий крах фондового рынка в декабре 1836 жылы Қор нарығының қирауы Парижға дейін таралды. Бұның салдары АҚШ қа да ауыр әсер етті. Бұл дағдарыс капитал нарығы мен төлем механизмінің каналдары арқылы таралды.
Ұлттық шаруашылық пен АҚШ, Германия, АНглия мен Францияның қоғамдық өміріне ауыр әсер еткен тағы бір дағдарыс 1857 жылы болды. Дағдарыс АҚШ та басталды. Бұл дағдарыстың негізгі себебі теміржол компанияларының банкротқа ұшырауы мен акция нарығының құлдырауы болды.
Келесі әлемдік қаржы дағдарысы 1873 жылы Австрия мен Германиядан бастау алды. Бұл дағдарыстың салдары ауыр болды, яғни америкалық және еураполық экономика репрессияға ұшырады, Латын Америка елдерінің экспорты төмендеді,бұның барлығы мемлекет бюджетінің тапшылығына алап келді.Ұзақ дағдарыстардың қатарына жатады, 1878 жылы аяталды.
Ғасырда көптеген әлемдік қаржы дағдарыстары болды. Бұл дағдарыстар әлемнің көптеген елдеріне жағымсыз салдарын тигізуде. Енді ғасырдың соңғы онжылдығымен ғасырдың дағдарыстарын атап өтетін болсақ:
