Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлемдік экономика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

23. Елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізгібелгілері мен көрсеткіштері. Бэф (Бүкіләлемдік Экономикалық Форум) рейтингі.

Елдердің бәсекелестік қабілеттілігінің маңызы мен негізгі критерийлері. БЭФ (GCI) рейтингі: пайда болуы мен негізгі көрсеткіштері

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index), бұл – ғаламдық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші болып табылады. Жалпыға бірдей қолжетімді статистикалық мәліметтерге және компаниялар басшыларының жаһандық сауалнама нәтижелеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық форумның әдістемесімен есептелінеді. Зерттеулерге екі индекс алынып, солардың негізінде ел рейтингісі жасалады. Олар: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және Бизнестің бәсекеге қабілеттілік индексі. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік экономикалық форум үшін Колумбия университетінің профессоры Ксавье Сала-и-Мартин (Xavier Sala-i-Martin, Columbia University) жасаған және 2004 жылы тұңғыш рет жарияланған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі елдердің бәсекеге қабілеттілігін ортақ бағалаудың негізгі құралы болып табылады. Сөйтіп, 2004 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бұл зерттеулер қазіргі күні әлемнің түрлі елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бейнелейтін бірден-бір басты құрал деп айтуға болады. Давос форумы өкілдерінің айтуынша, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігі көптеген және алуан түрлі факторлармен анықталады. Мәселен, мемлекет қаржысын тиімсіз басқару мен инфляцияның жоғары деңгейі экономика жағдайына кері ықпал етсе, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау, дамыған сот жүйесі және басқа да шаралардың оң әсер етуі мүмкін. Институттық факторлармен бірге, білім беру және жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, жаңа білімдер мен технологияларға тұрақты қолжетімділіктің болуы да шешуші рөл атқарады.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде тұрған әлем елдерінің бәсекегеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын 113 ауыспалыдан тұрады. Ауыспалылар жиынтығының үштен екісі компаниялар басшылары арасында жүргізілген жаһандық сауалнамалардан (зерттелген елдердегі бизнес ахуалға әсер ететін факторлардың кең ауқымын қамту үшін), үштен бірі жалпыға бірдей қолжетімді көздерден (халықаралық ұйымдар тұрақты негізде жүзеге асыратын статистикалық мәліметтер мен зерттеулер нәтижелері) тұрады. Барлық ауыспалылар ұлттық бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын 12 бақылау көрсеткіштерінде біріктірілген. Олар:

1. Институттар сапасы.

2. Инфрақұрылым.

3. Макроэкономикалық тұрақтылық.

4. Денсаулық және бастауыш білім беру.

5. Жоғары білім және кәсіптік даярлық.

6. Тауарлар мен қызметтер рыногының тиімділігі.

7. Еңбек рыногының тиімділігі.

8. Қаржы рыногының әртүрлілігі.

9. Технологиялық даму деңгейі.

10. Ішкі рыноктың мөлшері.

11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі.

12. Инновациялық әлеует.

Айта кетерлігі, аталған бірде-бір фактор экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жеке-дара қамтамасыз ете алмайды. Макроэкономикалық ортаны жақсартуға талпыну, мәселен, мемлекеттік қаржының мақсатты да тиімді жұмсалуына бақылауды оңтайландыру қаржыны басқару жүйесі ашық болып, сыбайлас жемқорлық пен кең ауқымды бұрмалаушылықтар орын алмайтын жағдайда ғана сәтті болмақ. Кәсіпкерлер ықтимал табыстар қажет болған инвестициялардан асып түскен жағдайларда ғана жаңа технологияларды енгізетін болады. Осылайша, Бүкіләлемдік экономикалық форумның қорытындыларына сәйкес жан-жақты саясат жүргізе алатын, жоғарыда аталған бақылау көрсеткіштері және олардың арасындағы факторлар мен өзара байланыстардың барша амалын ескеретін елдердің ғана экономикалары неғұрлым бәсекеге қабілетті бола алады. 2011ж жаһандық жарыстың көш басында Швейцария тұр. Одан кейінгі орындарда Сингапур, Финляндия және Швеция орналасқан. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі сараланған әлем елдерінің бұл сапында Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасынан өз алдына Эстония (34 орын), Литва (45 орын) және Әзербайжанды (46 орын) салып, төртінші орында тұр. Бұл сапта КСРО-ның қалған елдері төмендегіше орналасқан: Ресей Федерациясы – 67, Украина – 73, Грузия – 77, Армения – 82, Молдова – 87, Тәжікстан – 100 және Қырғызстан 127-орында. Давос форумының бұл рейтингінде Беларусь және Өзбекстан жоқ. Қазақстанның позициясы барлық факторлар бойынша жақсарды. «Институттар», «Макроэкономика», «Жоғары білім және кәсіби дайындық», «Тауар рыногының тиімділігі», «Қаржы рыногының дамуы», «Технологиялық дайындық деңгейі», «Бизнестің дамуы», «Инновациялар». Қазақстанның мемлекеттік борышы төмен деңгейлі макроэкономикалық тұрақтылық факторы бойынша да позициясы бұрынғыша мықты.