Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлемдік экономика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆
  1. Әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялануы.

Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері

Әлемдік экономикадағы интеграция (экономикалық бірігу) -

  • түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;

  • осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;

  • бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге Дейін).

Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен еткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар Мең банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты эрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы),Оңтүстік Америкадағы мемлекеттердібіріктііруші ортақ нарық МЕРРКОСУР үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

Аймақтану үдерісі ХХғ 50 жылдарында Еуропа құрлғынан бастау алып ,одан біртіндеп Азия,Африка елдеріне,Латын Америка елдерінен,АҚШқа дейін таралды.Аймақтану ол халықаралық экономикалық интеграцияның негізгі базасы болып табылады.Бұл термин көрші елдердің экономикасының бір әлемдік кешен болып қалыптасуы,негізгі мақсаты сол елдердің компанияларының бір орталыққа бірігуі.Оған мысал ретінде ХХ ғ АҚШтың ірі ТҰКның Канада мен Мексиканың немесе Батыс Европаның корпорацияларымен қарым қатынасты кушейтуі.

Аймақтану мен интеграция үдерістері жаһандану процесінің әсерінен пайда болды.Яғни әлемде қанша мемлекет бар болса сол мемлекеттердің арасындағы нақты шекарасының бұзылуы.Аймақтану қазіргі таңда аймақтар арасындағы жаһанданубелгісі.