- •Әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықтың қалыптасуы. Әлемдік экономиканың негізгі даму кезеңдері.
- •3. Әлемдік экономиканың субъектілері мен объектілері.
- •4. Халықаралық экономикалық қатынастардың нысандары мен олардың өзара байланысы.
- •Әлемдік экономиканың постиндустриализациялануы. Әлемдік экономиканың трансұлттануы.
- •Әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялануы.
- •Экономиканың жаһандануы: мәні мен даму факторлары. Экономиканың жаһандануының әлеуметтік-экономикалық салдары.
- •Әлем елдері топтарының негізгітиптері мен критерийлері. Әлемдік Банктің әлем елдерінтоптастыруы. Жіө есептеудің әдістері.
- •Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық және оны жеңудің жолдары.
- •Әлемдік экономиканың табиғи-ресурстық әлеуеті. Әлемдік шаруашылықтағы табиғи ресурстардың біркелкітаралмауы.
- •Әлемдік экономикадағы еңбек ресурстары: түсінігі, құрылымы. Еңбек ресурстарының біркелкітаралмауы: қазіргі кездегі үрдістері.
- •Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстары: түсінігі мен құрылымы. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмі.
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •Әлемдік қаржы нарығының құрылымы мен негізгі қатысушылары. Әлемнің қаржылық орталықтары: ерекшелістері мен даму үрдістері.
- •Әлемнің кәсіпкерлік ресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері. Әлемдік экономикадағы білімресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері.
- •15. Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың қатысуы: нысандары мен ерекшеліктері.
- •16. Өнеркәсібі дамыған елдер тобы: негізгібелгілері мен әлемдік экономикадағы рөлі.
- •17. Дамушыелдертобы: өзіндік ерекшеліктері, топшалары және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •18. Өтпелі экономикалыелдертобы: негізгібелгілері және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •19. Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық түсінігі мен негізгі көрсеткіштері.
- •20. Адам әлеуетінің даму индексі (аәди): түсінігі және елдердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін бағалаудағы рөлі.
- •21. Қуып жетуші даму моделі және оның әлем елдеріндеіскеасуы.
- •22. Ашық ұлттық экономиканың түсінігі, мағынасы және көрсеткіштері. Ұлттық экономика ашықтығының тиімді жақтары мен проблемалары.
- •23. Елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізгібелгілері мен көрсеткіштері. Бэф (Бүкіләлемдік Экономикалық Форум) рейтингі.
- •24. Халықаралық сауда: пайдаболуы, дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы: түсінігі мен қазіргі кездегібелгілері.
- •26. Халықаралық аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі алғышарттары мен мақсаттары. Елдердің интеграциялық бірлестіктерінің негізгітиптері мен кезеңдері.
- •27. Тұк ұғымы, негізгікритерийлері мен белгілері.
- •28. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы. Бұұ экономикалық органдарының жүйесі.
- •29. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің Кеден Одағы: ерекшеліктері мен даму перспективалары.
- •30. Адамзаттың жаһандық мәселелері (проблемалары).
27. Тұк ұғымы, негізгікритерийлері мен белгілері.
ТҰК-тардың әлемдік экономикадағы рөлі. ТҰК қызметінің негізгісалалары.
Трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) негізгі сипаты. ТҰК-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы
Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) – келісілген саясат пен ортақ стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық корпорацияның қай елдікі екені оның бас компаниясы орналасқан ел бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды (жарғылық капиталдағы жарнапұлды) сатып алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады. Әлемдік экономикада ТҰК-тердің үлесіне әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысына жуығы тиесілі, олар шамамен әлемдік сауданың 2/3 бөлігін басқарады, ал олардың өндірістік бөлімшелерінде барлық жұмысбастылардың 10%-ы жұмыс жасайды. Инновациялық сферада ТҰК-тер әлемдегі барлық патенттердің, лицензиялар мен ноу-хаудың 4/5-ін басқарады.
ТҰК-дың келесідей негізгі сапалық сипаттары:
• Фирма өзінің өнімдерінің көп бөлігін әлемдік нарықта жүзеге асырады;
• Оның филиалдары мен еншілес компаниялары ұлттық экономикадан тыс орналасқан;
• Жеке меншіктің субъектілік құрылымы әр түрлі елдердің азаматтарынан тұрады.
• Халықаралық еңбек бөлінісінің белсенді қатысушысы және оның дамуына ықпал етеді;
• ТҰК-ның капитал қозғалысы, корпорация орналасқан елдегі процестерге тәуелді емес;
• Халықаралық өндірістің жүйесін қалыптастырады;
• Өндірістің жоғары технологиялық және ғылыми салаларына терең енеді;
• Әлемдік шаруашылықтағы негізгі өндірістік және инновациялық салмақты көтереді;
• Өндірістің концентрация процесін және әлемдік шаруашылық шеңберіндегі капиталды күшейтеді.
БҰҰ-ның классификациясы бойынша келесідей сипаттарға ие корпорациялар ТҰК-тер деп аталады:
• Олардың өндіруші бөлімшелері кем дегенде екі елде орналасқан;
• Осы бөлімшелерді бір ғана орталықтан басқарады және олардың қызметтері келісілген;
• Өндіруші бөлімшелері бір бірімен белсенді өзара қарым қатынас жасайды және жауапкершілікті бөлісіп, ресурстармен алмасады.
ТҰК-дың әлемдік экономикадағы «дуализм» жағдайындағы – капитал бойынша ұлттық, бірақ компанияның қызмет ету сипаты бойынша халықаралық. ТҰК – бизнеске халықаралық әдіспен келетін компаниялар. ТҰК-терді басқалай жаһандық фабрикалар деп атайды. Олардың санының кенеттен өсуі соғыстан кейінгі жылдардан басталады. [1969 жылы-7 мың ТҰК, 1998 жылы-63 мың ТҰК, 2005 жылы-70 мың ТҰК және 700 мың шетелдік филиалдар, 2009 жылы-82 мың ТҰК және 810 мың шетелдік филиалдар]. Бір жағынан, ТҰК орналасқан елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігін анықтайды және жалпы ұлттық экономиканың дамуы соларға байланысты. Екінші жағынан, ТҰК бас компанияның стратегиясына сәйкес бірыңғай механизм ретінде қызмет атқарады. ТҰК мақсаты – жеке бөлімшелерінен ғана емес, барлық компаниялардың қызметінен пайда табу. Сонымен, әлемдік шаруашылықтағы ТҰК-ның дуализм жағдайы осыған байланысты.
Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. ТҰК қызметінің негізгі салалары
Қазіргі трансұлттық корпорациялар (ары қарай ТҰК) әлемдік экономикада үстем рөл атқарады. Оның дәлелі кейіннен БҰҰ-ның сауда және даму конференциясына кірген, зерттеу материалдары мен статистикасы ТҰК дамуының негізгі ресми қайнар көзі болып табылған арнайы комиссияның құрылуы болды. Ол комиссия 1974 жылы БҰҰ-ның ТҰК феноменін зерттеу үшін арнайы құрылған еді. Трансұлттық корпорациялар экономикалық қуаттылығын ұлғайта отырып, халықаралық экономикалық қатынастарға және жалпы осы даму кезеңінде шаруашылықтың әлемдік жүйесінің маңызды экономикалық субъектілеріне айналып келе жатқандығын сеніммен айта аламыз. Бұған ЮНКТАД-тың кейбір статистикалық мәліметтерімен таныса отырып көз жеткізуге болады.ТҰК дүниежүзілік өнеркәсіптік өндірістің 70%-нан астамын, әлемдік сыртқы сауданың 80%-нан астамын, сонымен қатар жаңа техникаға, технология мен ноу-хауға лицензиялар мен патенттердің әлемдік базасының 80%-на жуық бөлігін бақылайды. ТҰК үлесіне дүниежүзіндегі тікелей инвестицияның көп бөлігі тиеді, оның ішіндегі ең алғашқы жүз ТҰК олардың жалпыәлемдік көлемінің 65%-ға жуығын өз қолына шоғырландырады. ТҰК бақылауына бидай, кофе, жүгері, орман материалдары, темекі, кендір мен темір кенінің әлемдік нарығының 90%-ы; мыс пен боксит нарығының 85%-ы; шәй мен қалайы нарығының 80%-ы; бана, табиғи каучук және өңделмеген мұнайдың 75%-ы тиесілі. ТҰК-ның халықаралық өндіріс, сауда, қаржы мен басқа да салалардағы мәні дүниежүзілік трансұлттық өндіріс көлемінің өсу қарқынына үздіксіз пропорционал ұлғаюда, оның динамика фрагменті байқалады .Қазіргі ТҰК-дың экономикалық қуатын және қызмет масштабын ( көптеген сипаттамаларды нанымдылығына сәйкес) олардың дүниежүзінің барлық аймақтарындағы бөлімшелері мен еншілес компанияларының саны, сату көлемі, инвестициялар немесе алатын табыс көлемі бойынша ғана бағалау дұрыс болмаған болар еді. Атап өткен көрсеткіштердің кез келгені, әрине, ең алдымен жалпыәлемдік өндіріс пен айналымдағы салмақты үлесімен үлкен маңызға ие. Алайда бұл жағдайда экономикалық жаһандану дәуіріндегі әлемдік экономикалық үдерістердің объективті өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігінен пайда болатын жүйелік эффект маңыздырақ. Жүйелік эффектіні пайдаланудағы ТҰК артықшылықтары деп мыналарды атап көрсетуге болады.
1. Бір елде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын және өз қажеттіліктерін экспорт-импорт мәмілелері арқылы шетелдік ресурстармен қанағаттандыратын компаниялар алдында табиғи ресурстарды, капитал мен білімді, әсіресе ҒЗҰКЖ нәтижелерін иемдену артықшылықтарын пайдалану.
2. Ішкі нарық көлемін, экономикалық өсу қарқынын, жұмыс күшінің құны мен біліктілігін, басқа да экономикалық ресурстардың құны мен арзаншылығын, инфрақұрылымның даму деңгейін, сонымен қатар саяси құқықтық факторларды, ең маңыздысы саяси тұрақтылықты есепке ала отырып, әртүрлі елдерде өз мекемелерін үйлесімді орналастыру мүмкіншілігі.
3. Ең төмен салық стратегиясын жасап шығару мақсатымен бүкіл жүйе шеңберінде қаржы есебінің консолидациясы – салық жеңілдіктерін және т.с.с. пайдаланатындары көбірек табыс алатындай етіп, корпорация құрамына кіретін компаниялар арасында табысты қайта бөлу мүмкіндігі.
4. Бүкіл дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің қаржы ресурстарын өз мақсаттарында пайдалану, себебі оларды қаржыландырудың қайнар көзі бас компаниялар ғана емес, қабылдаушы мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары болып табылады. Ол үшін ТҰК шетелдік құрылымдарды қабылдаушы мемлекеттердің, сонымен бірге үшінші мемлекеттердің қаржы институттарының займдарын кең түрде пайдаланады.
5. ТҰК басшылығының қатаң бақылауында болатын және тұрақты жетілдіріліп отыратын рационалды ұйымдастырушы құрылым екендігі.
6. Әртүрлі елдерде тауар, валюта және қаржы нарықтарының конъюнктурасы туралы тұрақты ақпаратпен қамтамасыз етілуі қомақты түрде пайда түсіру үшін жақсы жағдай қалыптастырған елдерге капитал ағымын жедел аударып отыруға және де ең төмен қауіппен қаржы ресурстарын бөліп таратуға мүмкіндік береді.
7. Жақсы диверсификацияланған ТҰК-дың дүниежүзілік шаруашылықтың жекелеген салаларындағы ұзақ мерзімді құбылыстардан салыстырмалы тәуелсіздігі.
ТҰК қызметінің маңызды да жағымды қырларын атай отырып, олардың жаһандық дүниежүзілік шаруашылыққа төмендегідей бағыттар бойынша айтарлықтай үлес қосатындығын айта кету керек:
• Ресурстардың барлық түрлерін тиімді бөліп таратуға ықпал етеді;
• Өндірістің тиімді орналасуына жағдай жасайды;
• Олардың арасында жаңа тауарлар мен технологиялар анағұрлым белсендірек таралады;
• Жергілікті монополиялардың ұстанымдарына кедергі келтіре отырып, бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етеді;
• Олардың арқасында халықаралық ынтымақтастық кеңейеді.
ТҰК-дың дүниежүзілік қаржы, материалды-техникалық және еңбек ресурстары саласындағы, шаруашылықтың экономикалық мақсатқа сәйкес және тиімді түріне бірігу тәсілдеріндегі артықшылықтары, ұлттық корпорациялармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігінің айтарлықтай өсімі мен кәсіпкерлік қауіптің
төмендеуін қамтамасыз етті.
