- •Әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықтың қалыптасуы. Әлемдік экономиканың негізгі даму кезеңдері.
- •3. Әлемдік экономиканың субъектілері мен объектілері.
- •4. Халықаралық экономикалық қатынастардың нысандары мен олардың өзара байланысы.
- •Әлемдік экономиканың постиндустриализациялануы. Әлемдік экономиканың трансұлттануы.
- •Әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялануы.
- •Экономиканың жаһандануы: мәні мен даму факторлары. Экономиканың жаһандануының әлеуметтік-экономикалық салдары.
- •Әлем елдері топтарының негізгітиптері мен критерийлері. Әлемдік Банктің әлем елдерінтоптастыруы. Жіө есептеудің әдістері.
- •Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық және оны жеңудің жолдары.
- •Әлемдік экономиканың табиғи-ресурстық әлеуеті. Әлемдік шаруашылықтағы табиғи ресурстардың біркелкітаралмауы.
- •Әлемдік экономикадағы еңбек ресурстары: түсінігі, құрылымы. Еңбек ресурстарының біркелкітаралмауы: қазіргі кездегі үрдістері.
- •Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстары: түсінігі мен құрылымы. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмі.
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •Әлемдік қаржы нарығының құрылымы мен негізгі қатысушылары. Әлемнің қаржылық орталықтары: ерекшелістері мен даму үрдістері.
- •Әлемнің кәсіпкерлік ресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері. Әлемдік экономикадағы білімресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері.
- •15. Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың қатысуы: нысандары мен ерекшеліктері.
- •16. Өнеркәсібі дамыған елдер тобы: негізгібелгілері мен әлемдік экономикадағы рөлі.
- •17. Дамушыелдертобы: өзіндік ерекшеліктері, топшалары және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •18. Өтпелі экономикалыелдертобы: негізгібелгілері және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •19. Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық түсінігі мен негізгі көрсеткіштері.
- •20. Адам әлеуетінің даму индексі (аәди): түсінігі және елдердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін бағалаудағы рөлі.
- •21. Қуып жетуші даму моделі және оның әлем елдеріндеіскеасуы.
- •22. Ашық ұлттық экономиканың түсінігі, мағынасы және көрсеткіштері. Ұлттық экономика ашықтығының тиімді жақтары мен проблемалары.
- •23. Елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізгібелгілері мен көрсеткіштері. Бэф (Бүкіләлемдік Экономикалық Форум) рейтингі.
- •24. Халықаралық сауда: пайдаболуы, дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы: түсінігі мен қазіргі кездегібелгілері.
- •26. Халықаралық аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі алғышарттары мен мақсаттары. Елдердің интеграциялық бірлестіктерінің негізгітиптері мен кезеңдері.
- •27. Тұк ұғымы, негізгікритерийлері мен белгілері.
- •28. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы. Бұұ экономикалық органдарының жүйесі.
- •29. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің Кеден Одағы: ерекшеліктері мен даму перспективалары.
- •30. Адамзаттың жаһандық мәселелері (проблемалары).
17. Дамушыелдертобы: өзіндік ерекшеліктері, топшалары және әлемдік экономикадағы рөлі.
. Дамушы елдер экономикасының негізгі сипаттары, даму мәселері мен әлемдік экономикадағы орны
Дамушы елдер — империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы. Дамушы елдер» терминін ғылыми ұғым ретінде 1960 жылдың басында аргентиналық экономист Р.Пребиш енгізген.
Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері (Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды), Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР жатпайды) елдері (150-ге жуық) жатады. Олар ұзақ уақыт бойы империалистік мемлекеттердің отаршылдық және жартылай отаршылдық езгісінде болып келді.
Дамушы елдер ұқсастықтары:
Маңызды табиғи ресурстар
Бұрынғы отар елдер
Экономикасының көпжақтылығы
Халықы санының тез өсуі
Еңбек ресурстарының көптіліг
Жастар үлесінің көп болуы
Ауылдық халықтың басымдығы
Урбанизацияның аз болуы
Урбанизацияның жылдам қарқыны
Жалған урбанизация
Күрделі этникалық құрам
Дамушы елдер құрамы: Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді :Жетекші дамушы елдер,Жаңа индустриялық елдер,Плантациялық шаруашылық елдері ,Мұнай экспорттаушы елдер ,Жалға пәтер беруші" елдер, Даму деңгейі төмен елдер
Дамушы елдердің негізгі экономикалық бағыты:экономикасын жақсарту және дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін бәсекелестікке түсу . Яғни даму бағыттары қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, дүниежүзілік әйгілі фирмалармен серіктестіктер құнын жұмыс істеу.
Дамушы елдер ерекшеліктері:
Халқының саны бойынша (Индия, Гренада)
Минералды ресурстармен қамтамасыз етуі бойынша (Сауд Арабия, Демократиялық Конго Республикасы,Парагвай, Судан)
ЖІӨ бойынша жан басындағы шаққандағы (Катар, Кувейт, Непал, Чад)
Дамушы елдердің әлемдік экономкадағы орны артып келеді. Мұны олардың халықаралық еңбек бөлінісдегі және әлемдік ЖҰӨ дегі дамушы елдер үлесінің артып, әлемдік саудадағы үлесінің артуымен түсіндіруімізге болады.
18. Өтпелі экономикалыелдертобы: негізгібелгілері және әлемдік экономикадағы рөлі.
Өтпелі экономикалы елдер экономикасының негізгі сипаттары мен даму мәселері
ХХ ғ 90 жж әлемдік социалистік жүйе құлағаннан кейін өтпелі экономикалы елдер пайда бола бастады. Бұл топқа Орта және Шығыс Еуропаның 12 елі, 15 ел - бұрынғы советтік мемлекеттері және Монғолия, Қытай мен Вьетнам (бірақ ресми түрде соңғы екі ел социалистік болып саналады). Бұрынғы әкімшілік – әміршіл экономика жүйесінде тек Солт. Корея мен Куба қалды.
Өтпелі экономика – ескі экономикалық жүйенің құлдырап жаңа жүйенің қалыптасуын айтады. Өтпелі экономиканың сипаттары ол тұрақсыздық, өтудің «соңғы» пунктерінің нұсқаларының көптігі, экономикалық емес факторлардың басым болуы.
Тарихи шағын уақыт аралығында мыналар өзгереді: ресурстарды бөлу тәсілдері, ұдайы өндіріс түрлері, экономикалық дамудың мақсаты мен құралдары, мотивация модельдері, құқықтық институттар.
Практикада 2 экономикалық реформалардың баламасы бар:
Радикалды (тез) реформалар – «шоковая терапия(талықсықпалы ем)», бұдан Ресей, Польша өтті
Эволюциялы біртіндеп өту (постепенного эволюционного перехода) – Қытай және Венгрия өтті.
Өтпелі экономикалы елдер мен дамушы елдердің мақсаттары ортақ. Ол – заманауи нарықтық экономиканы құру. Бұл қатардағы елдерге дамыған елдерді қуып жетудің ең басты амалы. Сондықтан оларды кейде «қуып жету дамуы» («догоняющего развития») немесе постсоциалистік елдер деп атайды. Бұл қатардағы кейбір елдер дамушы нарығы бар елдер қатарына қосылған (Россия, Казахстан, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Чехия, Венгрия, Польша, Хорватия, Вьетнам)
Өтпелі экономикалы елдер әлемдік экономикада аралық (промежуточное) орын алады. Бір жағынан қарағанда көптеген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша (жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, балалар өлімі, сатып алу қабілеті «өмір сүру сапасы» және т.б.) дамушы елдер арасында орындар алады. Оларда салыстырмалы түрде индустриалды дамыған немесе индустриалды – аграрлы экономикасы дамыған және ғылыми-техникалық пен адами әлеуеті айтарлықтай көп.
Өтпелі
экономикалы елдер әлемдік ЖІӨ-нің 17%-н
өндіреді, соның ішінде орталық және
шығыс Еуропа - 3
дан
артық, ТМД елдері - 4%-ға жуық, Қытай –
шамамен 10%.
Өтпелі экономикалы елдер түрлері:
Қазіргі ТМД-ға біріккен, бұрынғы совет елдері. Олардың кейбір елдерінде нарықтық реформалар табысты өтуде және экономикалық өсуі көрініп келеді. Ал басқа елдерде (Беларусь, Узбекистан, Туркменистан) нарықтық реформалар өте әлсіз жүруде. Кейбірінде өмір сүру деңгейі күрт төмендеп, олар кедей елдер қатарына қосылуда.
Орталық және Шығыс Еуропа елдері(ОШЕ), Балтық елдерімен бірге. Бұл елдер салыстырмалы түрде даму деңгейң жоғары және олардың 12 – сі ЕО – қа мүше. ОШЕ елдеріндегі кейбірі көшбасшылардан әлдеқайда артта олар: Албании, Болгарии, Румынии және бұрынғы Югославияның елдері (Македония,Сербия, Черногория, Босния и Герцеговина.
Келесі топқа Қытай мен Вьетнамды жатқызуға болады
