Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлемдік экономика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

24. Халықаралық сауда: пайдаболуы, дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы: түсінігі мен қазіргі кездегібелгілері.

Көптеген зерттеушілер әлемдік шаруашылық осыдан шамамен жүз жылдай бұрын толығымен қалыптасты деген оймен келіседі. Барлығы халықаралық саудадан басталды, яғни мемлекеттер арасындағы тауарлар мен қызметтер қозғалысынан. Олардың сырттан келуі импорт, ал сыртқа шығуы экспорт деп аталады.

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Ол әлемдегі барлық мемлекеттерінің сыртқы саудасының жиынтығын білдіреді және көпжылдық тарихы бар.

Әлемдегі ең бірінші мемлекеттің, Египеттің, тұрғындары 5 мың жыл бұрын көршілес тайпалармен сауда жасаған, олар метал, ағаш, малды сатып алып, египеттік бұйымдарына, азық-түлікке айырбастаған. Оған қоса, египеттіктер жаңа жерлерді қамту үшін экспедициялар ұйымдастырған. Сол кезде Азия территориясында тұрғын тайпалар көршілес, тіпті алыс жерлердегі мемлекеттермен тауар айырбасын жүргізіп отырған. Солай, қола және мыс бұйымдары бір тайпадан екінші тайпаға айырбасталып, сатылып отырған.

Халықаралық тауар саудасына қызмет саудасының сатушылары да қосыла бастады. Финикиялық және гректік көпестер Жерорта теңізінде тек қана өздерінің немесе басқа мемлекетте алған тауарларды ғана емес, сонымен қоса өзелердің жүктерін және өзге жерлердің адамдарын тасымалдады.

Әсіресе әлемдік сыртқы сауданың құрылуына белсенді кеңеюі және жаңа нарықтық қатынастар (басында Батыс Еуропада, кейіннен әлемнің басқа аймақтарында), ұлы географиялық ашылулар XVII ғғ., XIX ғасырда машина индустриясы және заманауи транспорт құралдары мен қатынастарының пайда болуы үлкен үлестерін қосты.

XIX ғасырдың басында Батыс Европа, кейіннен Солтүстік Америка, Ресей және Жапонияның шаруашылық қатынастары жаппай өндірістің басталуынан кейін жаңа ашылған жерлермен қатая түсті. Себебі жылдам байып келе жатқан көпестер, көбінесе өз мемлекеттерінің басқарушыларымен қосылып жаңа нарықтарға өз тауарларын өткізуді белсенді қарастырады. Осы кезеңде экспедициялар толқыны болады, сөйтіп әлемге әйгілі Колумб, Васко да Гама, Магеллан, Ермак экспедициялары пайда болады. Яғни, осы кезеңде жасалған тауарлардың артықшылығы ол қарапайым, қолға жетімді арзан тауарлар болуы, олар ішкі де сыртқы да нарыққа өндірілді. Бұл тауарлардың өнімділігіне қолайлы жағдай тудырған сол кезеңдегі дамыған кеме қатынастары, темір жол, телеграф болды.

Нәтижесінде, XIX ғасыр соңына қарай тауарлар мен қызметтердің әлемдік(халықаралық) нарығы қалыптасты, яғни тауарлар мен қызметтердің ұлттық нарықтарының жиынтығы.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

Халықаралық сауданың құрылымы оның географиялық бөлінісі(географиялық құрылымы) мен тауарлық толысуы (географиялық құрылымы) арқылы қарастырылады. Халықаралық саудадағы географиялық құрылым саудалық ағынның территориялық белгісі немесе ұйымдастырушылық белгісі арқылы бөлінетін бөлек мемлекеттер және топтар арасындағы үлестірілуі болып табылады. Территориялық географиялық құрылым - бұл әлемнің бір бөлігіне немесе бір топқа жататын мемлекеттердің халықаралық саудасы туралы мәлімет. Халықаралық сауданың тауарлық құрылымы әлемдік экспорттағы тауарлық топтардың арақатынасы болып табылады.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

25. ДСҰ-ның әлемдік экономикадағы рөлі. ДСҰ-ның мақсаттары, міндеттері және құрылымы.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония,Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдіктауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстандықосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

ДСҰ-ны құру туралы шешім қабылдаумен, Келісуші Тараптар келесі жалпы пікірлерді басшылыққа алған: біріншіден, әл-ауқат деңгейін арттыру тұрғысынан халықаралық сауданың дамуына берілетін ерекше мәнін; екіншіден, өздерінің әділетті және еркін сауда ұстанымдарына деген берілгендігін; және үшіншіден, ГААТ-тың келісімдері мен келіссөздері халықаралық саудаға қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді тудыруға қатысты атқарған айрықша рөлі.

ДСҰ-ны құрудың басты мақсаты – ГААТ-тың ескі, ыдыраған жүйесін саудалық келіссөздер барысында келісілген халықаралық сауданың ұстанымдары мен ережелерін өмірге енгізуге арналған өкілеттіктерге ие жаңа, біріктірілген халықаралық ұйыммен алмастыру болатын.

ДСҰ-ны құру туралы келісім ГААТ шеңберіндегі көптараптық саудалық келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізілген барлық келісімдер мен уағдаластықтарды осы ұйымның ведомствосына қарасты ортақ жүйеге енгізеді. Заңдық тұрғыдан қарағанда “уругвайлық” раунд нәтижелерін ГААТ-тың ережелерінің, және әсіресе “токиолық” раундтың уағадаластықтарының бүкіл жиынтығын ескерумен тәжірибелік қолданылуы едәуір қиындап, немесе тіпті мүмкін де болмас еді.[21]. Сол себептен келіссөздерге қатысушылар көптараптық саудалық келіссөздер барысында қол жеткізген барлық уағдаластықтар Басты келісімінің, ал соған сәйкес ДСҰ-ның да ажырағыссыз бөлігі болып табылады, және де Келісімге қатысушы елдер ондағы міндеттемелердің барлығын өз мойнына алады.

ДСҰ жүйесі келесі қызметтерді орындауға бейімделген:

- ол мүше-елдердің үкіметтерінің сауда-саттықтағы әрекетін реттейтін көптараптық негізде келісілген ережелердің кешені ретінде әрекет етеді. Шындап келгенде бұл мемлекеттер мен олардың сауда жасаушы субъектілерінің әлем рыноктарындағы өзін-өзі ұстау ережелері;

- ол не ұлттық рыноктарды ашу арқылы, не ережелердің өзін нығайту мен кеңейту арқылы сауданы ырықтандыру мен оның болжамдылығын қамтамасыз етуге арналған саудалық келіссөздерге арналған форумның міндетін атқарады;

- ол ДСҰ мүше-елдерінің үкіметтеріне өзара дауларды шешуіне мүмкіндік беретін халықаралқ соттың міндетін атқарады.

ДСҰ құрылғанға дейін ГАТТ жүйесіне 125 мемлекет енетін, олардың тауар айналымы әлемдік тауар айналымының 90%-ін құрайтын. Ірі елдердің арасында тек Ресей мен Қытай ғана оның шеңберінен тыс болатын, алайда кезінде ГААТ-ты құрушылардың бірі болған Қытай қазіргі уақытта аталмыш ұйымдағы өзінің мүшелігінің қалпына келтірілуіне тырсуда.

Сонымен қатар, әртүрлі себептермен сыртқары қалған 25 ел де ДСҰ-ға ену туралы келіссөздер жүргізуде.[22].

ДСҰ-ның құрылымына тоқталып кетелік.

Орналасқан жері: Женева, Швейцария

Негізі қаланған уақыты: 1995 ж. 1 қаңтары

Құрылуы: Уругвай раундысы келіссөздерінің қортындылары бойынша (1986-94)

Мүшелігі: 149 ел (2005 жылдың 11 желтоқсан айына қатысты)

Бюджеті: 175 млн. швейцар франкі (шамамен 145 млн. АҚШ долл.).

Хатшылығының штаты: 635 қызметкер

Басшысы: бас директор (Паскаль Лами)

ДСҰ-ның жоғарғы басқарушы органы болып Министрлер конференциясы табылады. Ол кем дегенде екі жылда бір рет, әдетте, ДСҰ қатысушы-елдерінің сауда немесе сыртқы істер министрлерінің деңгейінде шақырылады. Конференция мысалы, көптараптық келіссөздерінің жаңа раундыларына қатысты аса қағидалы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау уәкілеттіктеріне ие болады.

Ұйымның қызметін ағымдағы басқару келісім мен министрлік шешімдердің орындалуына қатысты бақылауды Басты кеңес атқарады. Ол жылына бірнеше рет Женеваға шақыртылады. Әдетте, Басты кеңеске ДСҰ-ға мүше өкілеттіктерінің елшілері немесе басшылары кіреді. Басты кеңестің міндеттеріне сонымен қатар ДСҰ-ға қатысушы-елдердің арасындағы саудаға қатысты дауларды шешу және олардың сауда саясатының мерзімді шолуларын жүргізіп отыру жатады.

Басты кеңес өзіне бағынышты төмендегі органдардың іс-әрекетін бақылайды:

- Тауарлардың саудасы жөніндегі кеңестің, ол Тауарлардың саудасы туралы басты келісімнің орындалуын бақылайды;

- Қызмет көрсетулердің саудасы жөніндегі кеңестің, ол Қызмет көрсетулердің саудасы туралы басты келісімнің орындалуын бақылайды;

- Зерделік меншік жөніндегі кеңестің, ол Зерделік меншік құқықтарының саудалық аспектілері туралы келісімнің орындалуын бақылайды;

Жоғарыда аталып кеткен органдармен қатар ДСҰ-да жұмыстық сараптамалық топтар мен арнайы комитеттер қызмет етеді. Олардың міндеті көптараптық келісімдердің жекелеген бөліктерінің орындалу мәселелерін, сондай-ақ қатысушы-елдер үшін қызықтырарлық болып табылатын өзге де мәселелерді, мысалы, бәсекеге, инвестицияларға, аймақтық саудалық келісімдердің әрекетіне, қоршаған ортаны қорғаудың саудалық аспектілеріне және жаңадан мүше қабылдауға қатысты мәселелерді қарастыруға негізделген.

ДСҰ күрделі де ауқымды механизм болып келеді, оған экономика мен құқықтың түрлі салаларында жұмыс істейтін жүздеген келіссөз жүргізушілер, сарапшылар қатысады, және ол үнемі қозғалыста және даму жағдайында болып тұрады. ДСҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен салыстырғандағы ерекшелігі сол, ДСҰ-мен жүргізілетін келіссөздер миллиардтық сомаларға қатысты болып келеді, себебі сол келіссөздердің нәтижесінде тікелей тұтынушылардың, өндірушілер мен нақты компаниялардың мүдделерін қозғайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерді экспорттау мен импорттаудың ережелері белгіленеді.[23].

ДСҰ - халықаралық сауданы барынша жоғары мүмкіндікпен болжау мен оның еркіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қатысушы-елдердің саудаға және саудалық тосқауылдарға қатысты кез-келген мәселелер бойынша өзара дауларын әділетті түрде шешуіне арналған ережелерді әзірлейтін әлемдік деңгейдегі жалғыз ұйым.

Қорытындылай келе айта кететін нәрсе, ДСҰ жүйесі халықаралық экономикалық қатынастар жүйесін реттеуде орталық орынға ие, ал ДСҰ тағайындайтын нормалар шын мәнінде халықаралық сауда заңы болып табылады. Ортақ құқықтық кеңістіктен тыс болумен, аталмыш ұйымның мүшесі болып табылмайтын кез-келген ел өзін халықаралық саудадағы аутсайдер жағдайына ұшыратады, себебі оған қатысты жалпы ережелер қолданылмайды. Бұл ДСҰ жүйесіне қосылуға итермелейді.