- •Әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықтың қалыптасуы. Әлемдік экономиканың негізгі даму кезеңдері.
- •3. Әлемдік экономиканың субъектілері мен объектілері.
- •4. Халықаралық экономикалық қатынастардың нысандары мен олардың өзара байланысы.
- •Әлемдік экономиканың постиндустриализациялануы. Әлемдік экономиканың трансұлттануы.
- •Әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялануы.
- •Экономиканың жаһандануы: мәні мен даму факторлары. Экономиканың жаһандануының әлеуметтік-экономикалық салдары.
- •Әлем елдері топтарының негізгітиптері мен критерийлері. Әлемдік Банктің әлем елдерінтоптастыруы. Жіө есептеудің әдістері.
- •Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық және оны жеңудің жолдары.
- •Әлемдік экономиканың табиғи-ресурстық әлеуеті. Әлемдік шаруашылықтағы табиғи ресурстардың біркелкітаралмауы.
- •Әлемдік экономикадағы еңбек ресурстары: түсінігі, құрылымы. Еңбек ресурстарының біркелкітаралмауы: қазіргі кездегі үрдістері.
- •Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстары: түсінігі мен құрылымы. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмі.
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •Әлемдік қаржы нарығының құрылымы мен негізгі қатысушылары. Әлемнің қаржылық орталықтары: ерекшелістері мен даму үрдістері.
- •Әлемнің кәсіпкерлік ресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері. Әлемдік экономикадағы білімресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері.
- •15. Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың қатысуы: нысандары мен ерекшеліктері.
- •16. Өнеркәсібі дамыған елдер тобы: негізгібелгілері мен әлемдік экономикадағы рөлі.
- •17. Дамушыелдертобы: өзіндік ерекшеліктері, топшалары және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •18. Өтпелі экономикалыелдертобы: негізгібелгілері және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •19. Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық түсінігі мен негізгі көрсеткіштері.
- •20. Адам әлеуетінің даму индексі (аәди): түсінігі және елдердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін бағалаудағы рөлі.
- •21. Қуып жетуші даму моделі және оның әлем елдеріндеіскеасуы.
- •22. Ашық ұлттық экономиканың түсінігі, мағынасы және көрсеткіштері. Ұлттық экономика ашықтығының тиімді жақтары мен проблемалары.
- •23. Елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізгібелгілері мен көрсеткіштері. Бэф (Бүкіләлемдік Экономикалық Форум) рейтингі.
- •24. Халықаралық сауда: пайдаболуы, дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы: түсінігі мен қазіргі кездегібелгілері.
- •26. Халықаралық аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі алғышарттары мен мақсаттары. Елдердің интеграциялық бірлестіктерінің негізгітиптері мен кезеңдері.
- •27. Тұк ұғымы, негізгікритерийлері мен белгілері.
- •28. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы. Бұұ экономикалық органдарының жүйесі.
- •29. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің Кеден Одағы: ерекшеліктері мен даму перспективалары.
- •30. Адамзаттың жаһандық мәселелері (проблемалары).
Әлем елдері топтарының негізгітиптері мен критерийлері. Әлемдік Банктің әлем елдерінтоптастыруы. Жіө есептеудің әдістері.
Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.
Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар, яғни, мемлекеттік рәсімделген тәуелсіз немесе белгілі бір территориясы бар және құқықтық қатынастарда мойындалған өзін-өзі басқаратын адамдар тобы. Олар ауданы, тұрғын халқы, этникалық және ұлттық құрамы, экономикалық және мәдени даму деңгейі мен ерекшеліктері, халықаралық еңбек бөлінісінде және жалпы халықаралық қатынастарда алатын орыны бойынша өте әр түрлі.
Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті классификациясы (типологиясы) жоқ. Классификацияның әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қазіргі кезде әлемнің барлық елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша тек қана екі топқа бөлуге болады: орталық және периферия.
Орталық әлемдік экономиканың ядросын құрады және постиндустриялды, тиімді нарықты экономикасы бар ӛнеркәсібі дамыған елдерден (шартты түрде Батыс елдері деп аталатын) тұрады.
Периферия – бұл дамушы елдер, олардың дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі және тұрғын халықтың жан басына шаққандағы табыстары төмен.
Әлем елдері типологиясының критериилері:
Жан басына шаққандағы ЖІӨ;
Экономиканың салалық құрылымы;
ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;
Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).
Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:
Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12276 долл. жоғары - 2010 ж.)
Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер (3976 долл. -12275 долл. дейін - 2010 ж.)
Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1005 долл. аз - 2010 ж.)
БҰҰ-ның классификациясы. Қазiргi кезде ХХ ғ. 90-ші жылдарынан бастап БҰҰ классификациясы бойынша барлық елдерi үш топқа бөлінеді:
өнеркәсiбi дамыған
дамушы
өтпелi экономикалы елдер
Бұл топтастырудің негізінде ұлттық экономикаларды даму деңгейі және нарықтық қатынастардың даму дәрежесі критерийі жатыр.
Дамушы елдердің сипаттамасы:
Экономикалық және әлеуметтік дамудың төмен қарқыны;
Әлсіз ұлттық жеке капитал;
Экономикадағы мемлекттік сектор рөлінің жоғарылығы;
Өндірістік дамыған елдерден ғылыми-техникалық тәуелділік;
Қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар.
Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. ЖІӨ-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы
Бүкіләлемдік банк әлемнің елдерін жылсайын есептеп отыратынжалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басынашаққандағы көрсеткіші бойынша жіктейді және барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:
1. Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер - 12276 АҚШ долл. және одан жоғары;
2. Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер – 3976 - 12275АҚШ долл.
3. Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер - 1005 АҚШ долл.
Қазақстанды 2011 ж. нәтижесі бойынша Бүкіләлемдік банк табыстары орташадан жоғары елдер қатарына қосты – 8220 долл.
ЖҰТ-тың жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша 2009 ж. әлемнің 213 елдерінің арасында алдынғы орындарда Монако (183150 долл.), Лихтенштейн (137070 долл.), Норвегия (88890 долл.) елдері орналасты, ал ең төмен көрсеткіштер Сьерра-Леоне (340 долл.), Бурунди (250 долл.), Либерия (240 долл.) және Конго Демократиялық Республикасы (190 долл.) елдерінде болды.
ЖҰТ/ ЖІӨ-ның жан басына шаққандағы көлемі жайлы деректерде елдердің технологиялық даму дәрежесі, оның экономикасы құрылымының күрделігі, тұрғын халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы көрсетілмейтінің ескеру қажет.
Әлемдегі елдердің даму деңгейін ЖҰӨ/ЖҰӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi арқылы салыстыру үшін оның мөлшері АҚШ долларымен екі өлшеммен есептеледі:
айырбас (валюта)бағамы арқылы;
сатып алу қаблеттілігі паритеті (СҚП) бойынша.
Ағымдағы валюта бағамы бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі жеке елдер мен аймақтардың нақты өлшемдерін анықтай алмайды. Оның себебі – валюта бағамдары негізінде елдің сыртқысаудалық жағдайларын бейнелеп көрсетеді (сыртқы сауданың қалыпына байланысты валютаға сұраныс пен ұсынысты).
Белгілі бір елдің ЖІӨ-ін нақтырақ бағалау мақсатында валюталардыңсатып алу қабілетінің паритетіқолданылады. СҚП әртүрлі елдердегі тауарлар мен қызметтердің бағаларының айырмашылықтарын ескереді және сатып алу қабілеттілігі бойынша ұлттық валюталардың арасындағы арақатынасын көрсетеді. Ол ұлттық валюталардың айырбас бағамдарымен мүлде үйлеспейді.
СҚП АҚШ-да сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің ұқсас жиынтығын сатып алуға қажетті ұлттық валюталар бірлігінің санын көрсетеді, яғни осы жиынтық зерттеліп отыратын елдің ұлттық валютасымен және АҚШ долларымен есептелгенде қанша тұратынын анықтайды. Басқа сөзбен айтсақ, бұл ұлттық валюта бірліктерінің белгілі бір саны, оған АҚШ-та 1 долларға тауарлар мен қызметтердің ұқсас өкілдік себетін сатып алуға болады.
СҚП бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі валюта бағамы бойынша ЖІӨ-нен едәуір ерекшеленеді (20-40%-ға дейін), өйткені бірынғай тауарлар мен қызметтердің бағалары әр елде бір-бірінен елеулі өзгешеленеді. Әдеттегідей, жалпы алғанда дамыған елдерде бағалардың деңгейі жоғары, ал дамушы елдерде – төмен болады.
Сонымен бірге, ЖІӨ-нің көлемін айырбас валюта бағамы арқылы есептегенде кейбір елдерде валюта бағамдары бірқатар дамыған елдерде аса көтерілгенді (мысалы Жапонияда), ал басқа елдерде, керсінше, төмендетілгенді (мысалы Қытай мен Ұндістанда) ескеру қажет.
