Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тилдик катынас шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

25 Билет

1. Қатысымдық тұлғалар-тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін,белгілі бір ортамен араласу жағдайында жүзеге асатын,тиянақты ойды хабарлау жіне қабылдау қасиеті бар,ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғаның қатысынан тұратын,қарым-қатынастық мәні бар бірліктер.Тілдік тұлғалар жеке дербек жұмсалса,қатысымдық тұлғалар тұтас ойды білдіреді.Тілдік тұлғалар көп мағыналы болса,жалпылама ұғымды көрсетсе,қатысымдық тұлғалар контекстік жүйелі мағынаға ие болу арқылы нақты ұғымды,тиянақты ойды жеткізеді.Тілдік тұлғалар дербес мағынада тұрса,қатысымдық тұлғалар жалпы қарым-қатынас үрдісінде ,оның ішінде тілдесімге тән.Тілдік тұлғалар бір ғана субъектіге қатысты болса,қатысымдық тұлғалар бір бүтін,тұтас мазмұндық қасиетке ие болады.

2. Тіл ,сөйлеу мәдениеті дегеніміз-бір қарағанда,тілдік норманы сақтап сөйлеу,дұрыс жауз деген түсінік.Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы-сөйлей білу.Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін,түсінісуін қамтамасыз ете келіп,тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады.Тілдік қатынас-адамның ойлау,пайымдау,сөйлеу,тыңдау,түсіну т.б. әрекеттеріне қатысты құбылыс.Сөйлеу –адам санасының басты белгісі.Тіл,сөйлеу ежелден бері жеке адамның,қоғамның ой-санасын дамытып,жетілдіруде аса маңызды рол атқарады.Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс.Адамдар арасныдағы қарым-қатынаста сыпайылық,кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады.Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрметінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз арқылы беріледі.Сөйлеу мәдениетіне кіретіндер сөздің мінсіздігі,тазалығы,байлығы,дәлдігі,қисындылығы,мәнерлілігі,бейнелілігі,орындылығы,түсініктілігі.Сөйлеу мәдениеті кезінде болатын кемшіліктер : ортаның әсері,көше әсері,сөйлеу дағдылығының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы),жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық т.б.)

3. лингвистика.тіл-таңбалар жүйесі,әлеуметтік және психологиялық құбылыс ретінде көрстіледі. Тіл-адам мен қоршаған әлемді жалғастырушы аралық.Бір ұлттың мәдени байлықтары тілде көрініс табатын болса,онда тілді таңбалар жиынтығында қарастыру оның көрқырлылығы мен көпжақтылығын зерттеу болып табылады.Семиотика ғылымы –тіл мен қоса таңбаларды зерттейді.Біздің елімізде семиотика тек бір қырынан қарастырылып жүр.Ал батыс Еуропа елдерінде семиотиканың өзінде әлдеқашан бірнеше тараулыр зерттелді және олардың әрқайсысы бір ғылыми бағыт ретінде қарастырылады.Шындығында адамдар бір-бірімен қатынасқа түскенде тек тіл арқылы ғана емес,сонымен қатар тілмен қатар жүретін көптеген таңбалар коммуникация қызметін орындай алады.Бұл құбылысты біз күделікті байқап жүргенмізбен,ғылыми түрде зерттелмеген.Таңбаларды мағыналық тұрғыдан зерттеу лингвистика,философия,мәдениеттану сияқты ңылымдармен бірге дамып отыр.

26 Билет

1. Қатысымдық тұлғалар-тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін,белгілі бір ортамен араласу жағдайында жүзеге асатын,тиянақты ойды хабарлау жіне қабылдау қасиеті бар,ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғаның қатысынан тұратын,қарым-қатынастық мәні бар бірліктер.Тілдік тұлғалар жеке дербек жұмсалса,қатысымдық тұлғалар тұтас ойды білдіреді.Тілдік тұлғалар көп мағыналы болса,жалпылама ұғымды көрсетсе,қатысымдық тұлғалар контекстік жүйелі мағынаға ие болу арқылы нақты ұғымды,тиянақты ойды жеткізеді.Тілдік тұлғалар дербес мағынада тұрса,қатысымдық тұлғалар жалпы қарым-қатынас үрдісінде ,оның ішінде тілдесімге тән.Тілдік тұлғалар бір ғана субъектіге қатысты болса,қатысымдық тұлғалар бір бүтін,тұтас мазмұндық қасиетке ие болады.Мәтін-тілдік қатынастың бір бүтін тұлғасы боп табылатды.Мәтін адамның қарым-қатынасын ісжүзіне асыратын материал ретінде және түсінісу ,пікірлесу тұлғасы ретінде жұмсалады.Сөйлем-баяншының айтайын деген ойын түсінікті етіп қана қоймай,сонымен бірге қайта жауап берудің көзі,көрсеткіші боп табылады. Фразеологиялық оралым не тұрақты тіркес-мұнда тұрақты тіркестің бір лексикалық тұлға ретінде тілдік қарым-қатынаста қолданылуы маңызды орын алады.Сондықтан қатысымдық тұлға ретінде алынатын тұрақты тіркестер адамның ойын жеткізуде белгілі бір ұғымды көрсетуімен қымбат.Сөз-сөйлеу,пікір алмасу үрдісіндегі ең басты тұлға.Сөз жеке тұрғанда заттың,сынның,қимылдың атауы боп номинативті қызмет атқарса,тіл арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға,ортаға байланысты жұмсалып ,қарым-қатынастық қызмет атқарады.

2. Сөйлесім әрекеті-әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәсіле.Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған.Мәселен,лингвист ғалымдар сөйлемше әрекеті мен тілдің ара қатынасын,ортақ заңдылықтарын,тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады.Психологтар ойлау,сезіну,түйсік,қабылдау, т.б процестермен байланысын олардың сөйлеу кезіндегі ерекшеліктерін зерттейді. Тілдік қатынасқат байланысты іске асатын сөйлесім әрекетін 5 түрге бөледі:1 оқылым 2 жазылым 3тыңдалым 4 айтылым 5 тілдесім. Соның ішінде тілдесім дегеніміз-сөйлесім әрекетінің барлығын қамтамасыз ететін ерекше құбылыс.Адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірінде бір-бірімен тіл арқылы қатынасқа түсіп,өз ойын ауызша не жазбаша түсінуі және оған жауап қайтаруы. Жазылым термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу,ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым-тілдік тұлғалардың графикалық,фонемалық жүйесіне негізделген;лингвистикалық,психологиялық,физиологиялық әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын ,адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік беретін күрделі тарихи әрекет.Жазылым,біріншіден,әріптің,сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады;екіншіден,бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық ,мағыналық қасиетке ие болады;үщіншіден,жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық құбылысы қатысады;төртіншіден,жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес ,формасына да көңіл аударады;бесіншіден,жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті болуына тікелей байланысты жүзеге асады; Тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеші құрылымдық кезеңдерден тұрады да,көпсалалы болады:1.қажеттіліктен пайда болатын себеп;2.себептің ойда,санада бейнеленуі;3.ойдың сөз арқылы тізбектелуі;4.сөздің графикалық әріптермен таңбалануы; 5.жазудың екінші адамға түсінікті болып,берілген хабарды білдіруі; Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі-ол әріптік таңбадан бастап,алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін ,олардың жазылу ережесін,жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды. Тыңдалым-соңғы жылдарды көп сөз болып жүрген және оқу процесінде кеңінен орын алған маңызды сөйлесім әрекетінің бірі.Тыңдалым әрекетінің мағынасы-есту арқылы түсіну;Бұл атаудың ең басты мәні-адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау,есту арқылы қабылдау және ұғу; Тыңдалымды жете меңгеру үшін мына белгілерді үйрену керек: 1.Басқа дыбыстардын тілдік дыбыс толқынын,олардың ерекшелігін ажырата білу; 2.Аудиолық тілдік тұлғаның мағынасы мен мәнін дұрыстап қабылдау,білу; 3.Мәтіннен қажетті деректі тауып ,пайдалана білу; 4.Тыңдалымға қатысатын негізгі көрсеткіштерді жан-жақты меңгеру; Айтылым-адамдар арасныдағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі.Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі,өз сөзін екінші адамға ұғынықты етіп жеткізуі;Айтылым негізінен бір адамға тән әрекет болғанымен,тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын қажет етеді.Адам өз ойын екінші біреуге жеткізу үшін айтады,ссол үшін сыртқа шығады.Айтылым процесін меңгеру үшін басты-басты мынадай жағдайды ескеру қажет: 1.үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік;

2.қоршаған орта жағдайының әсері; 3.жеке басының қабілетін ескеру, 4-сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.

3.Тіл-ұлттың өмір сүру үрдісінде ғасырлар бойы жинақталған рухани амалдары мен тәсілдерінің мейлінше сұрыпталған тәжірибесінің ең жарқын қазынасы десек,онда әрбір адамның сол қазынаға ортақ болғаны жөнСодан ұлт күшеймек,мемлекет қуаттанбақ.Бізді көтеретінде ,көгертетін де қазақтың тілі мен мәдениеті ,солай болғанда халқымыз өзінің бірегейлігін сезінеді.Қазақстан үшін жахандану заманында осындай ұлттық бірегейлікті қалыптастыру төтенше мақсат,айрықша міндет.Өйткені,жаханданудың қарқыны мықты,күші екпініді,солай болса,оған деген қарсылық та осындай қарқын мен күшке толы болуы тиіс.Бұл бүгіннің басты амалы,ертеңнің баянды кепілі. Жахандану заманында мемлекеттік тілімізді,кең жерімізді,ормандай ұлтымызды сақтап қана қоймай,мемлекеттігімізді нығайту,елшілдігімізді еселеу,тіліміздің қолданыс аясын барынша кеңейту.