Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тилдик катынас шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

21 Билет

1. 1Ақпаратты не деректі хабарлайтын-баяншы;2.Ақпаратты жеткізетін-тұлғалар; 3.Ақпаратты не деректі –Қабылдаушы.Баяншы-сыртқы объективтік әсерді,өмірді сезінуден,пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың,тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндау;Тұлғалар-хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын ,оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін ,адамдар арасындағы қатысымдық бірліктер.Қабылдаушы-белгілі бір хабарды қабылдап алып,оның тілдік тұлғалар арқылы түсініп,ой мен паймыдау арқылы өз санасына жеткізіп,әрі қарай іске асырушы. Баяншыға да,қабылдаушыға да бәріне ортақ әрекет-байланыс,қатынас.Ал байланыс тілдік қатынас арқылы жүзеге асады.

2.Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту,жеткізу,қабылдау,сезіну арқылы құбылыстармен байланысты.Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту,көру сезімдері дамып,адамның ойлау қабілеттері артады.Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып ,тіл адамның ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы,дұрыс пайдалана білуі керек.Оны дұрыс қолдаанудың ережелері көзбен көру,құлақпен есту,мимен ойлау арқылы іске асады.Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан,тілдік коммуникацияның психологиялық негізі күрделі болады,ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрыс қолданылып,тілдегі сөйлесім әрекеті маңызды роль атқарады.Тілдік қатнастың психологиялық негізі-тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп,оның қажеттігі және маңызын түсіндіріп пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру.Сонымен,тілдік қатынастың ең басты психологиялық негізі тіл,ойлау және сөйлесім құбылыстарына келіп тіреледі.

3.Лингвистика-әлем тілдерінің құрылымын,әлеуметтк қызметін,тарихи дамуын,жалпы заңдылықтарынзерттейтін ғылым саласы.Кез-келген тіл адамзат үшін,қоғам үшін қызмет етеді.Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал-тіл мен ойлаудың ерекшеліктерін білуге,ұғуға тырысқан.соның нәтижесінде тіл турылы ілім пайда болған.

  1. билет

1.1Ақпаратты не деректі хабарлайтын-баяншы;2.Ақпаратты жеткізетін-тұлғалар; 3.Ақпаратты не деректі –Қабылдаушы.Баяншы-сыртқы объективтік әсерді,өмірді сезінуден,пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың,тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндау;Тұлғалар-хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын ,оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін ,адамдар арасындағы қатысымдық бірліктер.Қабылдаушы-белгілі бір хабарды қабылдап алып,оның тілдік тұлғалар арқылы түсініп,ой мен паймыдау арқылы өз санасына жеткізіп,әрі қарай іске асырушы. Баяншыға да,қабылдаушыға да бәріне ортақ әрекет-байланыс,қатынас.Ал байланыс тілдік қатынас арқылы жүзеге асады.Сөйлеу мүелерінің бірлігі-олардың әрқайсысының өзіне тән қимыл-қозғалысының өзіне тән қимыл-қозғалысынан және сол қимыл-әрекеттің тілдік тұлғаларды жасауға қатысуынан байқалады.Әр дыбыстау мүшесі әр бөлек қимылдаса,онда дыбыс та анық айтылмайды,сөз де түсінікті болмайды,ой да дұрыс жеткізілмейді.

2.Оқылым-графика таңбалар арқылы қозғалыс қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестерінің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып,сауатты,дұрыс мәнерлеп ,ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп сұрапталып алу.Оқылым,бірнішіден,ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады,екіншіден,жазылған графикалық таңбаслық тізбегін танып-білуге қатысты.Үшіншіден,мұнда осы таңбаның ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің ролі зор.Оқылым процесінде 4 негізгі компонент бар:1көру 2ойлау3тілдік тұлғаның таңбалық қызметі 4қатысымдық тұлғаның таңбалық тізбегі.Тіл үйрену барысында оқылым бірнеше түрге бөлінеді.Танымдық оқылым-тіл үйренушінің кез-келген қызықты танымдық мәні бар,мақала,кітап,газет,журанл т.б. материалды оқып –түсінуі.Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалды басынан аяғына дейін толық түсініп оқу керек.Текстің барлық мазмұнын түсіндіріп,ондағы информацияның бірден-бірін ескерусіз қалдыруға болмайды. Ізденімдік оқылым-берілген материалдың ішінен автор өзіне керекті фактіні хабарды тауып,пайдалана білу. Көрстілімдік білім-берілген материалды жүйелеп қарап шығып ,оның не туралы екенін қысқаша анықтап беру ,оның тақырыбын айқындау айқындау.Аналитикалық оқылым-шығарманын мазмұнымен қоса лингвистикалық ерекшелігіне талдау жасап оқу:ттілдік единицалар мен формаларды оқыту.Оқылым екі түрлі формада жүзеге асады:1-іштей оқу,2-дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдығына қарай тез жіне баяк оқу деп бөлінеді.

3.Тіл мен сөйлесім әрекетінің ортақ байланысы лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын,ортақ заңдылықтарын,тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастыруда.Сөйлесім әрекеті тіл,ойлау,пайымдау арқылы жүзеге асады.