- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •2. Менеджер және оның функциялары
- •3. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері
- •2. Әкімшілік немесе классикалық мекетеп
- •3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мекетебі
- •4. Басқару ғылымы немесе математикалық мекетеп
- •2. Ұйымдағы басқару процесі
- •3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •3. Тура әсер ету ортасы
- •4. Жанама әсер ету ортасы
- •2. Коммуникация процесі
- •3. Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері
- •4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері
- •2. Экономикалық ынталандыру
- •3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
- •4. Фирманың қаржылық саясаты
- •2. Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
- •2. Бұөт түрлері
- •3. Бұөт негізгі сипаттамалары
- •2.Стратегиялық жоспарлау
- •3. Фирма ішіндегі жоспарлау
- •2. Ұйымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау
- •3. Ұйымдастырудағы жауапкершілік
- •2. Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
- •2. Бақылаудың түрлері
- •3. Бақылау процесі
- •2. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері
- •3. Шиеленістің төрт методикалық құрылымы
- •Минцбергтің белгілеуі бойынша басшының 10 түрлі рөлі
- •2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері
Ұйымдық қарым-қатынас кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да, қандай кедергілер болатындығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар.
Кедергілердің бірі — хабардың бұрмалануы. Кәсіпорын ішінде мәліметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым-қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін. Екінші бір себебі — мәліметтің екшелік сүзілуінен (фильтрациялануынан), былайша айтқанда мәліметтін. дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны бұрмаланады.
Келесі кедергі мәліметтің тым көп келуінен болады. Мұндайда басшы қажетті, қажетсіз мәліметтерді өңдеуте әуестенеді.
Кәсіпорынның тиімсіз құрылымы басшының қойылған міндетті жоспарлау және жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді.
Жоғарыда аталған кедергілерден басқасына жататындары — басқарма кадрларының құрамы, әрі оларды қабылдай білуі т.б.
Кәсіпорында мәлімет алмасуды жақсартуға болады, ол үшін кері байланыс жүйесі құрылуы, мәлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару әрекетінің белсенділігі арттырылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістетілуі, алынған мәліметтерді бастырып, ұйым ісінде пайдалануы, сондай-ақ мәлімет алу үшін казіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс.
Вербалсыз қатынас құралдары әлеуметтік жэкономикада « дене тілі» немесе вербалсыз қатынас деген болады. Психологиялардың пікірінше, адамдар арасындағы әңгімеде мәліметтің 90% дайы вербалсыз, яғни сөзбен емес басқадай амалдармен беріледі.
Әңгімелеушінің маңызды мәліметтеріне бет және қол қимылдарымен қоса, дене қимылы да ерекше орын алады.
Әңгіме кезең өткізушінің нақты жағдайдан тұтастай мағлұматы болуы тиіс. Бір жағдайда ұйым ішіндегі өзара сөйлесуі, екінші бір жағдайда сауда ісінде сөйлесу маңызды рөл атқаруы мүмкін.Кестеде осы тарапында кейбір мәліметтер келтірілген.
Вербалсыз қарым – қатынастың ең табиғи амалы – көзқарас.
Вербалсыз әрекетті қалай түсіндіреді.
Әрекет |
Түсіндіру |
Нәтиже. |
Қолын кеудесіне қойған
Үстелді жайлап тоқылдату
Жалбырынған кейіпке қолын жаю, саусақтары сәл жазылған
Әңгімелесуші көзін уқалайды. |
Қорғыныс қалпы
Шыдамсыздық
Үстемдік сезім, әңгімелесуші қулығымды асырып отырмын деп есептейді.
Сенімсіздік,тынышталу, қанағаттану. Басын сәл қисайту. |
Әнгімелесуді тоқтатпау керек. Әңгімелесуді тотқан жөн
Алдап отырғанына көз жеткізу, мүмкін әңгімені тоқтату керек. Ойлану керек.
Әңгімелесуді тоқтатуға болады. |
9– тақырып. Менеджменттегі басқару шешімдері
Шешім қабылдау - ақпарат алмасу сияқты кез- келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс - қимылын түгелдей қамтиды.
Адамдардың шешім қабылдау қабілеті де бірте - бірте тәжірибе жүзінде дамиды. Біздің әрқайсысымыз күніне 100-деген, ал өмір бойына 1000- даған шешімдер қабылдаймыз.
Жеке өмірдегі шешім қабылдағанға қарағанда, басқарудағы шешім қабылдау, өте қатаң жүйленген процесс. Басқару шешімдері жетекші қабылдаған шешімдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың өміріне ықпал етуі мүмкін. Маңызды шешімді қабылдаудағы жауапкершілік басшыға ауыртпалығын әкеледі. Сондықтан басшылар ойланып қарастырылмаған шешімдерді қабылдай алмайды.
Ұйымдық шешімдер дегеніміз - лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндетті орындау үшін тыңдай білу қабілетінің болуы. Оның мақсаты ұйымдық алдына тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.
Ұйымдық шешімдерді 2 түрге бөлуге болады.
1) бағдарланған;
2) бағдарланбаған;
3) бағдарланған шешім - іс- қимылдың белгілі - бір айқын қисынға ( логика) сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылады;
4) бғдарланбаған шешім - мұндай шешімдер белгісіз факторлармен ілесе жүретін анықталған өлшемде жаңа болатын жағдайда талап етеді. Сол себепті қажетті қадамдардың нақтылы реттілігін алдын-ала құру мүмкін емес.
Бағдарланған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: үй мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімнің құрылымын қалай жетілдіру қажет бағыныштарды қалай ынталандыру керек.
Басқарушылық шешімдерді жіктеудің белгілеріне мыналарды жатқызу керек:
1) шешілетін мәселерді қамту дәрежесі ( ауқымдылығы);
2) қабылданған шешімнің жүзеге асырылатын ұзақтығы;
3) қабылдау шешімнің ықпал ететін объектілігі;
4) шешімнің қабылдау функцияларының сипаты.
Шешім мәселесінің ауқымдылығы жағынан басқару шешімінің жалпы және жеке түрлері болып көрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар тұтас алғанда бүкіл шаруашылығына қатысты шешімдер.
Жеке шешімдерге жататындар өндірістің жекелегген жақтары, қызметтің жекеленген топтарын қамтитын шешімдер.
Жалпы және жеке басқарушылық шешімінің арасында тығыз байланыс бар. Жеке шешімдер жалпы басқарушылық шешімдерді нақтылаудаң және олардың орындаушыларға жеткізудің тәсілі болып қызмет етеді.
Шешімнің жүзеге асырылуы ұзақтығы жөнінен шешімнің мынандай түрлері бар:
а) ұзақ мерзімді ( перспективалық). Шешімдер жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер жатады;
б) орташа мерзімді ( ағымдағы) шешімдер бір жыл ішінде жүзеге асырылады және өндірілген циклімен байланысты болады.
г) қысқа мерзімді ( оперативті ) шешімдер мәселесінің неғұрлым шағын тобын қамтиды, өздерінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады.
Ықпал ету объектісі жөнінен:
- сыртқы;
- ішкі шешімдер деп бөлуге болады.
Сыртқы шешімдер – белгілі - бір шаруашылық басқа кәсіпорынмен қарым-қатынасы қамтиды.
Ішкі шешімдер - шаруашылықтың өз өмірінің түрлі жақтарын қамтмды.
Функцияның сипаты жөнінен:
- экономикалық;
- технологиялық;
- қаржылық;
- әкімшілік шешімдер болып табылады.
Экономикалық шешімдер - жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнімді өткізу және табыстарды бөлумен байланысты.
Технологиялық шешім - өндіріс процесін ұйымдастыру мәселесіне қатысты. Бұл шешімдердің әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуда, жұмыстарды материалдық - технологиялық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.
Қаржылық шешім - жоспарлық және есеп беру қаржы балансынан белгілеп, бекітуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталған. Бұл шешімге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер жатады.
Әкімшілік шешім – басқару аппаратының жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың, бөлімшелерінің, құқықтар мен міндеттерін реттеп отыруға, олардың жұмыс істеуімен өзара қарым - қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталған.
Шешім қабылдау- азды - көпті ұзақ процес. Бұл процес бірнеше сатылардан тұрады.
а) Әзірлік саты- жағдайында жалпы сипаттама берумен және оны бағалаумен, мақсатты айқындап алу, шешім қабылдау үшін қажетті бүкіл ақпараттармен танысу және шешімдердің болуы мүмкін варианттармен белгілеумен байланысты.
б) Негізгі саты- шешімнің түрлі варианттарын өзара салыстыра отырып, олардың ішінен керектісін таңдап алу және оны құжат түрінде тұжырымдау үшін қажет.
в). Қорытынды саты- шешімді орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмыстар, шешімнің орындалуын ұйымдастыру, шешімнің орындалу барысын бақылау және қорытындыларын шығару.
10– тақырып. Басқарудың экономикалық әдістері
1. Экономикалық әдістердің басқару әдістер жүйесіндегі орны
2. Экономикалық ынталандыру
3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
4. Фирманың қаржылық саясаты
1. Экономикалық әдістердің басқару әдістер жүйесіндегі орны.
Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика жағдайында мынадай міндетті істерді орындайды: реттеуші, теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен импортының көлемі мен бағытында және басқа да экономикалык процестерде құрылымдық жылжулар реттеледі.
Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде экономикалық әдістердің ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының бірі - жекелеген қызмет салалары мен түрлерін саралау тәсілдемесі болып табылады. Бұл саралау ең алдымен экономикалық ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы бар салаларында, яғни басым саларында қолданылуы керек, салық және процент мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімді және ұзак мерзімді кредиттерде артықшылықтарға ие болуы қажет.
Нарықтық катынастарды қалыптастырудың түпкі мақсаттарына қол жеткізу үшін микродеңгейдегі (кәсіпкерлердің әрекет ететін саласындағы) басқарудың экономикалық әдістер мәселесін әлеуметтік бағыттағы тиімді нарықтың талаптарына сәйкес орналастыру (ынғайластыру) қажет.Басқарудың экономикалық әдістері - бұл адамдардың экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.
Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан өндірістің тиімділігін бастапқы буын деңгейіне дейін арттыра алатын әдістерді бөліп көрсетуге болады. Оған мыналарды жатқызуға болады: экономикалық ынталандыру; экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру; баға және баға белгілеу; фирмалардың қаржылық саясаты және т.б.
