Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент.каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629 Кб
Скачать
☆

2.Стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау ерекшелікті стратегия әзірлеуге жетелейтін, басшьшық ұйғарған іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығы болып табылады. Ал олар ұйымның өз мақсаттарына (М. Мескон және т.б.) жетуіне жәрдемдесуге арналған.

Стратегиялык жоспар келешек пен жеке тұлға тұрғысынан жасалады; көлемді зерттеулер мен іс жүзіндегі нақты мәліметтерге негізделуі тиіс. Ол фирмаға анықтық, даралық дарытады, бұл қызметкерлердің белгілі бір типтерін тартуға мүмкіндік береді, ұйым үшін келешекке жол ашады.

Стратегиялық жоспарлар ұзақ уақытқа созылған кезең бойы тұтастығын сақтап қана қоймай, қажетті жағдайларда жаңғыртып, жетілдіру мен қайта бағдарлануды жүзеге асыра алатындай жеткілікті икемді болуы керек.

Стратегиялық жоспарды қалыптастыру дегеніміз - болашаққа мұқият, жүйелі дайындалу. Схемалы түрде былайша: миссияны тандау (ұйымның негізгі жалпы мақсаты); мақсатты қалыптастыру (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді); қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу (саясат, стратегия, рәсім, (процедура), ережелер, бюджеттер).

Стратегиялық жоспарлау төңірегінде басқару қызметін төрт негізгі түрге бөлуге болады: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру мен ұйымдастырушы стратегиялық алдын ала болжау.

Ресурстарды бөлуге тапшы басқарушы таланттар мен технологиялық тәжірибе қорлары сияқты шектеулі ұйымдастырушылық ресурстарды бөлу кіреді.

Сыртқы ортаға бейімделуді кең мағынасында түсіндірген жөн. Ол компанияның айналасындағы қатынастарын жақсартатын, стратегиялық сипаттағы барлық іс-әрекеттерді қамтиды. Сыртқы ортаны талдау дегеніміз - фирманың мүмкіндіктері мен төнетін қатерін анықтау үшін, ұйымға қатысты сыртқы фак-торларды бақылайтын стратегиялық жоспарды жасайтын процесс.

Өркендеп келе жатқан компаниялардағы стратегиялық жоспарлау неғұрлым жетілген өндірістік жүйелерді әзірлеу жолымен жаңа қолайлы мүмкіндіктерді жасайды.

Ішкі үйлестіруге ішкі операцияларды тиімді біріктіру-кіріктіруге (әр түрлі кәсіпорындардың қызметін біріктіру) жету мақсатымен фирманың күшті және осал жақтарын көрсету үшін стратегиялық іс-әрекетті үйлестіру кіреді. Ұйымдарда тиімді ішкі операцияларды қамтамасыз ету басқару іс-әрекетінің ажырамасыз бөлігі болып табылады.

Ұйымдастырушы стратегиялық алдын ала болжау өткендегі стратегиялық шешімдерден сабақ алып, үйренетін, ұйымдастыруды қалыптастыру жолымен менеджерлердің ой-санасын жүйелі дамытуды жүзеге асыруды көздейді. Қателіктерден сабақ алып, үйренуге қабілеттілік ұйымға стратегиялық басқару сатыснда кәсіптілігін арттыруға және өзінің стратегиялық байланыстығын дұрыс түзеуге мүмкіндік береді.

3. Фирма ішіндегі жоспарлау

Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде микродеңгейде ең улкен мәнге ие болады. Нарыктық экономика жағдайында микроэкономикалық деңгейде жоспарлауды нығайту, өндірістік және фирмалық жоспарлау туралы ұлттық бағдарлама мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі тетігі ретінде сөз қозғалуы тиіс. Қай қоғамның да әлеуметтік-экономикалык даму мақсаттарына жетуі экономиканы басқарудың бастапқы буыны қалыпты жұмыс істейтін өндіріс саласында басталады.

Фирмаішілік жоспарлаудың мақсаттары: фирманың жұмыс істеуіндегі белгісіздік пен құбылмалылықтың теріс әсерін жою; назарды басты мінездемелерге баса аудару; үнемді жұмыс істеуге жету мен бақылауды жеңілдету.

Фирмаішілік жоспарлауға мыналар кіреді:

  • фирманың сыртқы төңірегінің даму келешегін айқындау;

  • мақсаттар мен ықтимал стратегияларды тұжырымдау;

  • бірінші кезектегі міндеттер мен оларға жету жолындағы іс-әрекетті айқындау.

Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейін қамтиды және кәсіпорынның, корпорацияның мақсаттарына жетуді қам-тамасыз ету үшін алғышарттар жасайды.

Фирмаішілік жоспарлау басқарудың құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыру формаларының әр түрлілігімен айрықшаланады. Фирманың жоғары әкімшілігінде тікелей президентке немесе вице-президентке бағынатын және корпорация құралына кіретін кәсіпорындарға "арналған келешектегі және ағымдағы жоспар-ларды жасаумен айналысатын орталық жоспарлау кызметі бар. Кәсіпорындарда мұндай жағдайда жоспарлау қызметі болмайды. Мұндай үлгі, әдетте, бірдей және жуық өндірістік бейінедегі кәсіпорындардың біразында қолданылады.

Ірі корпорацияларда (концерндерде) келешектік жоспарлау бойынша жұмыс өндірістік топтарда шоғырланған. Бөлімшелердің жоспарлы қызметінің жұмысын үйлестіру мен бақылауды жоспарлаудың орталық қызметі іске асырады. Әрбір кәсіпорында өндірістік жоспарлау мен бақылау бөлімі болады, ол іскер шұғыл жоспарлардың жағдайымен шүғылданып, оларды орындауға бақылау жүргізеді.

Фирма деңгейінде жоспарлау - қажетті мәліметтер алғаннан кейінгі болашақтағы қызметтің жобасынын жасау: айналадағы жағдай жайында. Бір мәліметтер фирманың кызметіне ықпал ететін (заңнама, тұрмыс деңгейі, баға деңгейі, халық саны және т.б.) саяси, мәдени, әлеуметтік факторлардың жиынтығын қамтиды; бәсеке туралы. Бұл орайда экономикалық және іскер жағдай, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушы арасындағы қатынастар назарға алынады; ішкі ұйымдастыру туралы. Бұған басқару құрылымы, стратегия, мақсат, кадрлар, қаржылық жағдай, өндірістің даму деңгейі және т.б. жайлы мәліметтер кіреді.

Фирманың іс-әрекетін жоспарлау процсіне мына кезеңер кіреді: мүмкіндіктерді (ресурстарды, өндірісті, қуаттылықты) анықтау; нақты жоспарлардың мақсатын - түпкі нәтижені белгілеу; жоспардың негізгі параметрлерін белгілеу (шектеулер - ішкі және сыртқы); іс-әрекеттін баламалы (неғұрлым жақсырақ) бағыттарын анықтау; іс-әрекеттің баламалы бағыттарын бағалау; баламалы бағыттардың бірін талдау; жоспардың орындалуын ұйымдастыру.

14-тақырып. Ұымдастыру менеджмент функциясы ретінде

1. Ұйымдастыру функциясының мазмұны

2. Ұйымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау

3. Ұйымдастырудағы жауапкершілік

1. Ұйымдастыру функциясының мазмұны

«Экономикстің» түсіндірілуіне сәйкес (Кэмбелл Р. Мак-коннелл, Стэнли Л. Брю) өндірісті ұйымдастыру - «нарықтық экономикада өндіріс қалай ұйымдастырылуы тиіс?» деген сұрақты шешеді. Осы іргелі міндет үш сұрақтан тұрады:

  • Жекелеген салалар арасыңдағы ресурстар қалай бөлінуге тиісті?

  • Әрбір сападағы өндірісті нақ қай фирмалар жүзеге асыруы керек?

  • Әрбір фирма ресурстардың қандай тәсілін, қандай технологияны қолдануы тиіс?

Ресурспен жабдықтаушылар нарыктық жүйе талаптарын сақтауға және тұтынушылық сұранысты басшылыққа алып, өз таңдауын жасауға мәжбүр. Олар тұтынушылардың тілектерін қанағаттандырмайтын тауарлар өндірісіне өзінің ресурстарын бағыттауға «ерікті» емес. Тұтынушылар өнім нарығында ұсынатын сұраныс түріндегі өздерінің қалауларын айқын көрсетеді, ал өндірушілер мен жабдықтаушылар өздерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін осы нарыктық жүйе осы өнім өндірісінің пайдалы болуы үшін тұтынушылар жеткілікті дәрежеде жоғары сұраныс танытқан өнім салаларына ресурстарды бағыттайды.

Екінші және үшінші сауалдар өзара тығыз байланысты. Экономикалық ең тиімді өндіріс технологиясын қолдануға қабілетті және соны қалайтын фирмалар ғана өндірісті жүзеге асырады. Ең тиімді технология немен нақтыланады? Экономикалык тиімділік мыналарға байланысты:

  • қолда бар технологиядан, яғни қадағалайтын өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өндіріс факторларына немесе баламалы ресурс тәсілдерінен;

  • қажетті ресурстар алуға болатын бағалардан. Ұйымдастыру түсінігі туралы жоғарыда айтылғандарды

түйіндей келіп, өндіріске қатысты ол толыққанды нақты мағынаға ие және нарықтық жүйе тапаптары тұрғысынан менеджменттің қажетті атрибуты болып табылады.

Менеджменттің осы функциясын АҚШ пен Англияда байланыс мәселелерінің жиынтығын және кәсіпорындағы бар кұрылымдардың жұмыс істеуін анықтау үшін тәжірибеде қолданады.

Жұмысты ұйымдастыру үш кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең - жұмысты бөлу. Менеджер өзінің барлық жұмысын шағын бөліктерге бөледі. Олардың әрқайсысының міндеті бар және бір адам жүзеге асыра алады. Осылай жасай отырып, біз әрбір адамның жіктелуін ескеруіміз керек;

Екінші кезең - міндеттерді қисынды блокторға топтастыру. Көптеген компанияларда бірге жұмыс істейтін екі және одан да көп адамнан құралатын топтар болады.

Егер адамдар жеке бөлімдер мен секторларға жиналса, жұмыс неғұрлым тиімді болады. Ұйымдастырудың бұл белігі топтар бойьнша мамандану деп аталады.

Үшінші кезең - жұмысты үйлестіру, яғни әр түрлі бөлімдердің жұмысы үйлестірілуі тиіс. Үйлестіру дау-жанжалдарды болдырмауға, оларды реттеуге, фирма құрылымын нығайтуға мүмкіндік береді. Үйлестірілген механизм басшылық пен бақылауды жүзеге асыруға жол ашады.