Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент.каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629 Кб
Скачать
☆

2. Әкімшілік немесе классикалық мекетеп

«Классикалық» мектепке зерттеудің осы бағытының негізін Анри Файоль (1841-1925 ж.ж..) қалады.

Ол өзінің «Общая и промышленная администрация» атты негізгі еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды.

Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды (функцияларды қамту арқылы әлдекайда кең ауқымдағы қызметті білдіретін басқару ісінің бір бөлігін) құрамақ; өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кредиттік, есептік-бухгалтерлік, әкімшілік.

А. Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жарайтын принциптерді әзірледі. Оған жататындар: еңбекті бөлу, билік (бедел әрі жауапкершілік), тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, теңдік, бастама (инициатива), корпоративтік рух.

Ол, сонымен қатар, маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бұйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы.

Баскарудың «классикалық мектебі» одан әрі екі негізгі бағытта дамыды - өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мәселелерін зерттеу.

Бұл арада Г. Эмерсонның, Л, Урвиктің, М. Вебердің және Г. Фордтың еңбектерін бөліп айтуға болады.

Г. Эмерсон «Двенадцать принципов производительности труда» еңбегінде кәсіпорынды басқарудың мына принциптерін қарастырып, калыптастырды:

  • әрбір басшы мен оның әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар;

  • алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа процесті талдаудың мағынасы айқын тәсілдемесі;

  • білікті кеңес (кеңес беру)-арнайы білімдердің қажеттілігі. Шынайы білікті кеңес тек алқалылық (коллегиальный) ғана бола алады;

  • тәртіп (дисциплина);

  • қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;

  • жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;

  • диспетчерлеу — оперативтік басқару;

  • нормалар және кесте;

  • жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды нормалау;

  • орындалу тізбегін (ретін) белгілеу үшін операцияларды нормалау;

  • жұмысты орындаудың барлық ережелерін дәл бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

  • әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін сыйақы.

Өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың күрделі міндеттерін шешу үшін қажет болатын кешенді тәсілдеменің мақсатқа лайықты болатынын әрі оның қажетгілігін алғаш рет Г. Эмерсон айтты. Оңтайландыруды тиімділік тұрғысынан қарастыру тән (алғаш рет енгізілген ұғым). Тиімділік дегенде, шығындар мен нәтижелер арақатынасыңдағы ең көп шамадағы пайданы ұғуға болады. Бұл тұжырымдамаға артынан Василий Леонтьев -«шығын - шығарылым» улгісін жасаған Американың атақты экономисі де қосылды.

Л. Урвик басты назарын формальды тұрғыдан ұйымдастыруды қаратып принциптерді әзірлеуге аударды. Онысы бүгінгі таңда да өзінің көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. Құрылымдағы адамдардың сәйкестігі, арнайы штабтың қаралуы, құқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау диапазоны, мамандандыру, нақтылық және т.б. Бұлар оның тұжырымдамасының негізгі ережелері.

Осы мектептің өкілі, неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864-1920 ж.ж.) - ұйымдағы биліктің құрылымы мен лидерлік мәселелерге жете назар аударды. Ол «бюрократия» терминінің авторы.

«Форд моторс» компаниясының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Генри Форд (1863-1947 ж.ж.) «Мои достижения, моя жизнь» еңбегінде өз өндірісінің негізгі принциптерін қалыптастырды:

  1. Іскерлікте әкімшідік аз болсын, әкімшілікте іскерлік мол болсын.

  2. Дайын өнімдерді алып-сату (жалдаптык) нақты іспен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, ол «заң жолымен жобаға келмейтін ұрлықтың әдетті түрі» ретінде болады.

  3. Барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адамзатқа зиянды әрі ақылға сыймайтын ағым люк шығар, сірә.

  4. Біреудің ісіне кол сұғу - қылмыс, өйткені ол басқа бір адамның үстінен арам жолмен пайда табумен бірдей әрі қара күштің үстемдігін орнатады.

  5. Көптің пайдасына арналған жұмысты қарайған басыңның қамынан жоғары ғой. Пайдасы болмаса ешқандай іс алға баспайды. Пайда табуда ешқандай жаманшылық жоқ.