Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент.каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629 Кб
Скачать
☆

2. Бұөт түрлері

Басқарудың ұйымдастыру-баскарушылық әдістерін шығу көздері мен қосымша (ықпал ету) бағыты бойынша былайша жіктеуге болады:

  • ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш;

  • баскарушылық;

  • тәртіпке келтіру;

  • басқарушылық ықпал ету сипаты бойынша.

Ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш ықпал ету әдістерінің

негізгі мәні мынада: жалпы жүйенің де, оның жекелеген буындары ішіндегі белгілі бір міндеттемелерді бекіту арқылы жүйе элементтері құрамы мен берік ұйымдастырушылық байланыстар орнатуда.

Б¥БӘ-нің екінші тобына басқару ықпалының әдістері жатады. Олар белгіленген ұйымдастыру қатынастарын күнделікті қолдану мен жұмыс жағдайын өзгерткенде, бірен-саран түзетуді бейнелейді. Басқару ықпалының негізінде өкілеттіктер мен міндеттемелер жатады.

Үшінші топ - тәртіпке салып ықпал ету әдістері. Олар тәртіпке салу талаптары мен жауапкершілік жүйесі арқылы ұйымдастыру қатынастарының тұрақтылығын ұстауға арналған.

БҰБӘ-нің төртінші тобы басқарушылық ықпалы сипаты бойынша екі топқа бөлінеді: ұзақ ықпал жасау құралдары және әдістері, тәсілдері.

Басқару органдары немесе жекелеген қызмет орындарындағы адамдарға қысқа мерзімді басқарушылық әдістері жедел ұйымдастыру бұйрығының заңды нысаны болып табылатын бірлі-жарым әкімшілік өкілдер арқылы жүзеге асады.

Ұзақ басқарушылық әдістердің әсер етуі ұйымдастыру жүйелерін құруға немесе жетілдіруге байланысты. Олар заңдық, құқыктық күші бар ұзақ, іс-әрекеттік әкімшілік актілерінің, директивалар мен ережелердің, жарғылары мен қағидалардың, нұсқаулықтардың және т.с.с. көмегімен іске асады.

Тәжірибе басқару жүйесінің әрбір деңгейінің өзіндік ұйымдастырушылық әсер ету ерекшеліктері бар екендігін және олардан осы деңгей үшін ең тиімді болып бөлініп шығатынын көрсетеді.

Басқару жүйесінің деңгейлері бойынша БҰБӘ дұрыс саралау (дифференциациялау) басқарудың теориясы мен тәжірибесінде маңызды рөл атқарады. Ол басқарудың орталықтану деңгейін көрсетеді, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ұйымдастыру қатынастарын ең толық есепке алуға мүмкіндік туғызады.

3. Бұөт негізгі сипаттамалары

БҰБӘ-н жіктеуді ашып көрсете отырып, ұйымдастыру тұрақтандырушы ықпал ету, әдістері басты орын алатынын атап көрсеттік.

Ұйымдастыру тұрақтандырушылық ықпал ету тәсілдеріне реттеу, нормалау мен нұсқау беру кіреді.

Реттеу ұйымдастырушылық ықпал жасаудың өте қатаң түрі болып табылады. Бұларға мыналар жатады:

  • ұйым құрылымының жаппы принциптері мен биліктің құрылымын айқындайтын басқарудың жалпы ұйымдастыру әдістері;

  • билік органдарының құрылымын, яғни басқару буындары мен деңгейлерін белгілейтін басқарудың құрылымдық әдістері;

  • басқарудың кызметтік әдістері, билігі бар әрбір тұлғаның лауазымдық мәртебесі (статусы);

  • кейбір билік құрылымдарының жұмыс істеу тәртібін белгілейтін басқарудың функционалды әдістері.

Реттеуден баска ұйымдастыру-тұрақтандырушылық ықпал етудің бір әдісі - нормалау.

Норматив пен норма ұғымдарын ажырата білу керек. Норма - табиғи және антропогенді процестер жүретін табиғи жағдайларды сипаттайтын шама. Норматив - бір нәрсенің бірлігіне (бекітілген) шартты бөлу. Басқарудың нормалау әдісіне мыналар болады: ұйымдастырушылық нормативтер (уақыт, еңбек шығыны нормативі, материалдық құралдар шығыны және т.с.с.); қызметкерлер санының нормативі; шама (сапалық-техникалық, қаржы-несиелік, экономи- калық көтермелеу, пайдалылық және т.с.с.) нормативтері.

Бұл нормативтердің барлығы кәсіпорын мен өндірістің басқару процесіндегі қызметін айқындайды.

Ұйымдастырушылық ықпал жасаудың ең жайлы әдісі - нұсқау.

Ол жұмыс шарттарымен танысудан немесе тапсырылған істің жағдайынан, жағдайды түсіндірудің, ықтимал қателерден сақтандырудан тұрады.

Нұскау әрқашан жұмысты табысты орындауға бағытталған әдістемелік және ақпараттық түрде болады. Оған ақпарат берудің әр қилы түрлері: түсіндіру, сақтандыру, кеңес беру, таныстыру т.с.с. кіреді.

Басқарудың нұсқау әдістері ауыр зардаптарға ұрындыратын, бетімен кеткен, қисынсыз және кәсібилікке жат іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған: тағайындалуы бойынша: алдын ала істелетін, кейінгі; бақыланатын объектіні қамту бойынша: тұтас және іріктемелі; үздіксіздік дәрежесі бойынша: мерзімді және тұрақты. Өндірістік-шаруашылық қызметті бақылауда маңызды рөлі

(бухгалтерік, жедел) есепке тән.

13– тақырып. Менеджменттегі жоспарлау

1. Жоспарлаудың мазмұны

2.Стратегиялық жоспарлау

3. Фирма ішіндегі жоспарлау

1. Жоспарлаудың мазмұны

Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды белігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік штюрализмі (дүниенін негізі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жататын философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағиданы (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жосларлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.

Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл болып саналмайды. Егер индикативті жоспарлаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл - жаңылысу. Ол ойластырылған стратегияның бар болуы сияқты, макро-, мего- және микродеңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті жоспарға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және басқарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субьектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда қалаған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып табылады.

Индикативті жоспарлау мынадай түрлерді қиыстыру (үйлестіру) рәсімдерінің (процедураларының) жиынтығы ретінде шығады.

Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми категориясы. Барлық фазалары (өндіріс, беліс, айырбас, тұтыну) біртұтас деп алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшелікті көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды, бюджеттік жоспарларды, макробағдарламаларды қамтиды. Бюджеттік-жоспарлық реттеу мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуьш мемлекеттіқ болжау макрожоспарлаудың дамуын мемлекеттік болжау макрожоспарлаудың құрамдастары болып табылады.

Жоспарлаудың осы деңгейіндегі субъект болып макроэкономикалық меншік иесі шығады, оның стратегиялық мақсаты -дамудың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілік белгілеріне сай беретін экономикалық өсуі.

Аумақтық жоспарлау индикативті жоспарлаудың түрі ретінде мемлекет деңгейіндегі (макрожоспарлау), бірақ аймақтық және жергілікті билік деңгейінде жүзеге асырылатын процестерді камтиды. Оньің негізгі айырмашылығы - аумақ пен халықтың ерекшеліктерін ең көп шамада ескеруге тиісті жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына негізделеді.

Мегожоспарлау - салаларда, сала тармақтарында, аумақтық-өндірістік кешендерде, ірі корпорацияларда және т.б. болып өтетін процестерді қамтитын индикативті жоспарлаудың бір түрі.

Микрожоспарлау - менеджменттің ең көп тараған түрі. Ол микродеңгейде қолданылады және кәсіпорынның жоспарларында жүзеге асады. Бұл деңгейде жоспарлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нақтылы кәсіпорында пайда болатын процестер, тауардың (өнімнің) тағдырын, оның бәсекеге қабілет-тілігін, ақыр соңында, экономикалық бәсекеге қабілетгілігін айқындайды.

Индикативті жоспарлаудың әр қилы түрлерінің мәні жайлы айтқанда, олар экономиканың мемлекеттік бағдарлануының маңызды элементі екендігін түйіндеуге болады. Мемлекет - экономикалық өмірдің басты дирижері.

Индикативті жоспарлаудың түсінігін анықтауға арналған бірнеше амал-тәсілдердің бар екендігін еске сала кеткен жөн. Бірішіден, ол кәсіпорынның дербестігі кезіндегі макрожоспарлау ретінде түсіндіріледі. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі экономикалық дербестік жағдайында, бірақ жоспар белгілеген белгілі бір бағдармен атқарылады. Екіншіден, индикативті жоспарлау жеке кәсілорындардың мемлекет қалыптастыратын міндеттерді орындауға бейімделуі болып табылады. Бұл - мемлекеттің жеке кәсіпорыңдарға жалпы мемлекеттік мүдделердегі осындай бағдарламаларды орындауға бейімделген мемлекеттік бағдарламаларға айналған өзіндік мемлекеттік тапсырысы. Инди-кативті жоспардың бұл негізгі міндеті - ақпараттың бағдарлаушылық және ол мәнісі жағынан себептемелік болып табылады. Үшіншіден, индикативті жоспарлауда мемлекет пен мемлекттер үшін міндетті тапсырмалар бар. Төртіншіден, ол мемлекет пен экономиканың басқа субъектілердің іс-әрекеті мен мүдделерін үйлестірудің тетігі болып саналады. Индикативті жоспарлаудың дәл сол үйлестіретін міндетті ісі негіз болып табылады.

Жоспарлы қызмет барысында даму стратегиясы, ұзақ мерзімді болжаулар, орташа мерзімдік және ағымдағы жоспарлар жасалады. Жоспарлаусыз дамудың үйлесімділігі қамтамасыз етілмейді. Ал үйлесімді салалардың, қызмет өрістерінің мынадай арақатынастарына жетуді білдіреді: олардың өндірісінде мыналар: ұзақ келешектегі макроэкономикалық дамудың ең тез қарқыны; елде, аймақтарда өнім мен көрсетілетін қызметті өндіру мен тұтынудың тепе-теңдігіне жету, еңбек нарығы, капитал, жердің дамуы қамтамасыз етіледі.

Жоспарлаудың ең ғаламдық міндеттеріне зерттеушілер мыналарды жаткызады: қоғамдық қажетгіліктерді анықтау; оларды қанағаттандыру үшін салынатын ресурстар (материалдық, еңбек, қаржылық) жиынтығын айқындау; өндіріс өрістері, салалары, түрлері арасындағы үйлесімді дамуды қамтамасыз ету; ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру.

Бұл міндеттер іс жүзінде дамуда едәуір жетістіктерге жеткен барлық елдердің жоспарлау жүйесінде шешіледі.

Осылайша, жоспар мен нарық бірін-бірі жоққа шығармайды, ғылыми және іс жүзінде қызық болып көрінеді, экономикалық тетіктегі жоспарлы және нарықтық институттарды ұғымды үйлестіру мәселелері халық шаруашылығының тиімді жұмыс істеуі мен дамуын камтамасыз етеді.