- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •2. Менеджер және оның функциялары
- •3. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері
- •2. Әкімшілік немесе классикалық мекетеп
- •3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мекетебі
- •4. Басқару ғылымы немесе математикалық мекетеп
- •2. Ұйымдағы басқару процесі
- •3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •3. Тура әсер ету ортасы
- •4. Жанама әсер ету ортасы
- •2. Коммуникация процесі
- •3. Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері
- •4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері
- •2. Экономикалық ынталандыру
- •3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
- •4. Фирманың қаржылық саясаты
- •2. Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
- •2. Бұөт түрлері
- •3. Бұөт негізгі сипаттамалары
- •2.Стратегиялық жоспарлау
- •3. Фирма ішіндегі жоспарлау
- •2. Ұйымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау
- •3. Ұйымдастырудағы жауапкершілік
- •2. Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
- •2. Бақылаудың түрлері
- •3. Бақылау процесі
- •2. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері
- •3. Шиеленістің төрт методикалық құрылымы
- •Минцбергтің белгілеуі бойынша басшының 10 түрлі рөлі
- •2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мекетебі
Басқару теориясындағы жаңа бағыттың негізін қалаған америкалық ғалым - Элтон Мэйо (1880-1949 жж.). Ол жұмысшылардың тобымен бірлесіп 13 жылдай жүргізген тәжірибенің нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: ж ұмысшылардың еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты емес, ол сондай-ақ жұмысшылар ортасының (формальды емес шағын таптар деп аталатын) психологиялық және әлеуметтік климатына да тәуелді болады.
Ф. Херцберг, Рл. Ликарт, Дуглас Макгрегор, Фоллет Мэри Паркер және т.б. осы мектептің көрнекті өкілдері.
Бұл бағыттың негізгі ережесі - бейформальды шағын таптарға қатысты рөлді анықтау және басқару іс-тәжірибесінде топтардын психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін анықтап, пайдалануға мүмкіндік беретін әдістердің қажеттілігіне сендіру.
Осы мектептің өкілдері басқару жүйесіндегі қызметкерлердің еңбегін жетілдіру әдістерін іздестіруге айтарлықтай маңыз береді. Әрі-беріден соң оларға ұйымның формальдық құрылымын кайта кұру барысында бейформальды әлеуметтік құрылымдарды өзгертуге аса назар аударуына кеңес берілді.
Жауапкершілікті жүктеу біршама деңгейде ұйымдағы уәждемемен (мотивациямен) байланысты. Осы позиция тұрғысынан Д. Макгрегордың көзқарасы кеңінен тараған.
Біріншісі - X теориясы нормаланған процедуралар мен операцияларды пайдаланатын мәжбүрлеу және көтермелеу («қамшы және жылы-жұмсақ»), әдістерін қолдануға негізделген. Екіншісі – У теориясы қызметкерлерді ынталандыруға, септігін тигізетін олардың белсенділікпен бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретін жағдай тудыруға айрықша кеңіл бөледі.
Д. Макгрегордың пікірі бойынша, ұйымныңның теориясынан У теориясына өту шамасына қарай ұйымның құрылымы қатаң иерархиялық құрылымнан қашықтап, күрделі өзгеріске ұшырамақ.
Жалпы қорытындысында «адамдық қарым-қатынастар» мектебі адам факторының есебіне және ұжымда тиісті психологиялық климат тудыруға баса назар аударады.
4. Басқару ғылымы немесе математикалық мекетеп
Әдістері мен дәл ғылымдардың аппаратын енгізуге ұмтылуымен сипатталады.
Жаңа мектептің көрнекті өкілдерІ - Р. Акофф, Л. Берталан-фи, С. Бир, Л. Клейн т.б. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетиканың пайда болуымен және операцияларды зерттеумен байланысты. Бастапқыда операцияларды зерттеу сандық талдаудың тәсілдерін әзірлеу ісіне тура келді.
Операцияларды зерттеу одан әрі дербес ғылым саласына айналды. Ол (осы сала) екі негізгі бағытта дамыды, оның біріншісі басқару ісінде жиі кездесетін құбылыстардың математикалық үлгілерін жасаумен байланысты болды. Оның ішінде, қорларды басқару, ресурстарды бөлу, жаппай қызмет көрсету міндеттері, болжауға келмейтін белгісіз жағдайда тәртіп стратегиясын таңдау сияқты құбылыстарды қамтиды.
Екінші бағыт жүйені зерделеуге көңіл бөлді. Бұл - «жүйе техникасын» кұруға алып келді.
Одан ары «жаңа» мектепке дербес ғылыми пән басқару шешімдерінің теориясы қалыптасты.
Қорытындысы. Баскару теориясының «жаңа» мектебі ғылымға басқарудың әдістері мен дәл ғылым аппараттарын енгізуге ұмтылуымен сипатталады. Оны басқару міндетін шешуде математикалық аппараттың пайдаланылатынынан байқауға болады.
4-тақырып. Ұйым түсінігі және оның түрлері
1. Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары
2. Ұйымдағы басқару процесі
3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
1. Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары
Басқару объектісі- ұйым болып табылады, яғни жеке және мемлекеттік фирмалар, мемлекет мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, мәдени және оқу ағарту мекемелері және т.б. қоғамдық әлеуметтік институттары.
«Ұйым» термині әдетте екі мағынада қолданылады:
1 Ұйым – белгілі бір объектінің бар элементтерін кеңістікте және уақыт бойынша рационалды үйлестіру. Бұл үйлестіру барысында әр элемент тұтас объектіні табысқа жетуге итеру керек.
2 Ұйымның өзі күрделі, белгілі бір реттелген ішкі құрылымға ие болатын объект ретінде қарастырылады.
Ұйым дегеніміз – біртұтас байланысты бірлікті құратын элементтер жиынтығынан тұратын қүрделі динамикалық әлеуметтік – экономикалық жүйе.
Ұйым ұғымы құрылымдық және жүріс – тұрыс саласында қарастырылады. Ұйым ұғымы бүтіндігі мен ұқсастығын, әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерулердің негізгі ерекшеліктерін сақтауды, объектілердің тұрақты байланысын қамтамасыз етеді.
Ұйымдық құрылым – алға қойған мақсаттарға тиімді жету үшін жұмыс істейтін адамдардан арнайы құрылған тұтастық жүйе. Ұйым деп көбінесе біріңғай, тұтас организм болып саналатын, өндірістік бірлігі ретінде бөлек фирманы атайды, өйткені, ұйымда бір мақсаттағы команда болып саналаты бір идеологияны қолданатындар (экономикалық, техникалық, технологиялық) жұмыс істейді.
Ұйым – кем дегенде екі адамнан тұратын топты айтамыз. Ұйым сипаттамалары: кем дегенде екі адамның болуы, ортақ мақсаттың болуы, біріге қызмет атқару.
