Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД — Сұлбатехника каз для АЖ-201.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

6.4  Сурет

А жұмыс режімі. А режімі үшін жұмыс нүктесінің орнын жүктеме сызығының дәл ортасынан таңдайды (6.3сурет). Сол себепті, сызықты емес бұрмалануы өте төменгі сипатта болады.

В жұмыс режімі. В жұмыс режімінде транзисторының тыныштық режіміндегі жұмыс нүктесінің орны, жүктеме сызығының ток күші өсімен қиылысатын нүктесінен кейінгі  нің мәні максимал болатын, ординат өсінің бойында орналасады (6.4сурет).

Сондықтан, коллектор тізбегіндегі шығыс кернеуі жарты синусоида пішіндес болады. Сол себепті, сызықты емес бұрмалануы өте жоғары сипатта болады. Периодтың екінші жартысында транзистор жабық күйде болады.

6.5  Сурет

Бұл режім екі тактылы қуат күшейткіштерінде ғана қолданылады. Бұл режімнің А режімге салыстырғанда п.ә. кі де өте жоғары, тіпті 80%  ға дейін жетеді.

С жұмыс режімі. С жұмыс режімінде транзисторының тыныштық режіміндегі жұмыс нүктесінің орны, жүктеме сызығының кернеу өсімен қиылысатын нүктесінен кейінгі  нің мәні нөлге тең болатын, абсцисса өсінің бойында орналасады (6.5сурет).

Бұл режімде транзистордың шығыс кернеуі мен тогінің айнымалы құрамасы кіріс кернеуінің оң жарты периодының біраз бөлігінде ғана пайда болады. Кіріс кернеуінің теріс жарты периоды мен оң жарты периодының қалған бөлігінде тразистор жабық күйде болады. П.ә. кі де өте жоғары, тіпті 85% тен 100% ға дейін жетеді.

С жұмыс режімі талғамды күшейткіштер мен автогенераторларда қолданылады. Олардың транзисторының коллекторлық тізбегінде синусоидалы емес кернеудің құрамындағы белгілі жиіліктегі сигналға ғана арналған тербеліс контуры болады.

Күшейткіш каскадтың жұмыс режімдерін тұрақтандыру

Тразисторлардың басты кемшілігі, оның көрсеткіштері температураға тәуелді. Әсіресе А режімде жұмыс істейтін каскадтар температура өзгергенде, оның элементері ескіргенде жұмыс қабілетін бір қалыпты сақтау үшін транзистордың жүктеме сызығындағы жұмыс нүктесін бастапқы орнында тұрақты сақтау керек. Мәселен, коллектор тізбегіне берілген кернеудің мәні артқан кезде ондағы токтің шамасы да артады. Токтің шамасы артқан кезде коллектордың температурасы көтеріледі, осы кезде керісінше оның кедергісі кемиді. Коллектор кристалының кедергісі кемуіне байланысты оның тыныштық тогі өседі, тразистор кызып, температурасы көтеріліп кетуіне байланысты электр энергиясының бір бөлігі жылу энергиясына айналады. Осылайша күшейткіштің п.ә.кі кемиді.

Егер температура төмендесе, онда коллектордың тыныш тогі азайып, түзу сызықты емес бұрмалану пайда болады. Сонымен қатар шығыс кернеуі, ток күші және қуаттың мәндері кемуінің салдарынан күшейткіштің күшейту коэффициенті кішірейеді. Осы жағдайларға байланысты күшейткіштің жұмыс қабілетін бірқалыпты сақтау үшін бірнеше тұрақтандыру сұлбаларын пайдаланады. Мұнда күшейткіштің жұмыс қабілетін тұрақтандыру процесі кері байланыс арқылы жүзеге асады. Кері байланыс деп күшейткіштің шығысындағы кернеудің бір бөлігін қайтадан кірісіне беруді айтады.

Биполярлық транзисторлы каскадтарда эмиттерлік тұрақтандыру сұлбасын қолданады (6.6сурет). Бұл сұлба бойынша теріс кері байланыс транзистордың эмиттеріне қосылған резистор арқылы жүзеге асады. Мұндағы кері байланыстың теріс деп аталу себебі, резисторға түскен кернеудің фазасы транзистордың кірісіндегі кедергіге берілген кіріс кернеуінің фазасымен қарама-қарсы келеді. База мен эмиттердің арасындағы кернеу:

. (6.10)

6.6  сурет 6.7  сурет

кернеу , және кедергілерге тәуелді:

. (6.11)

Егер температураның өсуіне байланысты коллектордың тыныш тогі өсетін болса, онда эмиттердің тыныш тогі да өседі, өйткені

, (6.12)

мұндағы . Бірақ резистордың кедергісі коллектордың тыныш тогінің өсуіне кедергі жасайды, оны тұрақтандырады. Оның себебі, егер эмиттердің тогі өсетін болса, онда резисторға түскен кернеудің мәні де өседі. Осыған байланысты, эмиттердің потенциалына салыстырғанда базаның потенциалы төмендейді де эмиттердің және коллектордың тогінің мәндері кішірейеді.

Күшейткіштің кірісіне айнымалы ток берген кезде оны кері байланысқа түсірмеу үшін резисторды сыйымдылығы үлкен конденсатормен тұйықтайды.

Жоғарыдағы 6.7суретте коллекторлық тұрақтандыру сұлбасы берілген. Мұнда жұмыс нүктесі коллектор мен базаның арасын қосқан кедергі арқылы тұрақтандырылады. кедергіге кернеуі түседі. Егер өссе, онда кернеуі азаяды, нәтижесінде базаның потенциалы төмендеп, тогі кемиді. Базаның тогінің кемуіне байланысты коллектордың тогінің мәні өсе алмайды, яғни тұрақтанады.

Біз қарастырған екі сұлбадан басқа да температуралық тұрақтандыру сұлбалары бар, мәселен шала өткізгіш диод арқылы да транзистордың жұмыс режімін тұрақтандыруға болады.