Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД — Сұлбатехника каз для АЖ-201.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.1  Сурет.

электрондардың көшуі мен « » аймақтағы кемтіктердің рекомбинациялануы салдарынан ауысу шекарасында заряд тасымалдаушыларынан айырылған, яғни «кедейленген» электрлік кедергісі өте үлкен, қабат пайда болады (2.1 сурет).

2.2 – сурет 2.3 – сурет

Енді осы ауысуды сыртқы электр өрісіне қосайық. Сыртқы электр өрісі ауысудың ішкі өрісімен бағыттас болса, яғни ток көзінің «оң» полюсі текті, «теріс» полюсі текті шала өткізгішке жалғанса (2.2  сурет), онда текті аймақтың заряд тасымалдаушылары – электрондар сыртқы электр өрісінің әсерінен солға ығысып, текті аймақтың заряд тасымалдаушылары – кемтіктер оңға ығысып, нәтижесінде «кедейленген» қабаттың ені қалыңдап, соның салдарынан ауысудың кедергісі артып кетеді. Демек, сыртқы ток көзіне кері жалғанған ауысу электр тогін өте нашар өткізеді. Осы бағытта электр өрісін туғызатын кернеуді кері кернеу деп атайды.

Ал, егер сыртқы электр өрісі ауысудың ішкі өрісімен қарама-қарсы болса, яғни ток көзінің «оң» полюсі текті, «теріс» полюсі текті шала өткізгішке жалғанса (2.3 – сурет), онда текті аймақтан электрондар сыртқы электр өрісінің әсерінен оңға ығысып, текті аймақтан кемтіктер солға ығысып «кедейленген» қабатта жетіспейтін заряд тасымалдаушыларды толықтырып, оның кедергісін азайтып жібереді. Демек, сыртқы ток көзіне тура жалғанған ауысу электр тогін жақсы өткізеді. Осы бағытта электр өрісін туғызатын кернеуді тура кернеу деп атайды.

ауысу арқылы жүретін электр тогінің оған берілген кернеуге тәуелділігі мына өрнек арқылы сипатталады:

, (2.1)

мұндағы  температуралық потенциалдар айырмасы, яғни температуралық кернеу, ауысу арқылы өтетін негізгі емес заряд тасымалдаушылардың қозғалысынан туатын кері ток. (2.1) өрнегі арқылы ауысудың теориялық графигін салып, оны тәжірибе нәтижесімен салыстырайық (2.4а–сурет).

Мұнда ауысудың вольт–амперлық сипатамасында теориялық графигі үздіксіз, ал тәжірибе нәтижесі үзік сызық арқылы салынған. ауысуға берілген кернеудің оң мәнімен ондағы токтің тура мәнінің өзара тәуелділігіннің графигін ауысудың вольт–амперлық сипатамасының тура бұтағы, ал кернеудің кері мәнімен токтің кері мәнінің тәуелділігіннің графигін кері бұтағы деп атайды.

2.4 – сурет

Вольт–амперлық сипатамасының тәжірибе нәтижесі бойынша алынған тура бұтағының, оның теория бойынша есептеген тура бұтағынан төмен түсуі, нақты жағдайда ауысудың тура кедергісі болатындығы, ал оның теориялық есептеуде ескерілмей қалуына байланысты түсіндіріледі.

Ал, кері бұтақтарының алшақ жатуының бірнеше себептері бар:

  1. термогенерациялық кері ток;

2) заряд тасымалдаушылар шала өткізгіштің сыртқы беті арқылы да ағып кетеді;

3) кері кернеудің шамасы үлкейгенде ауысу аймағында заряд тасымалдаушылардың ағыны күшейіп, олар ауысуды тесіп өтеді.

Бір ауысуға негізделген, электр тогін бір бағытта өткізетін, электрондық аспап, шала өткізгіш диод деп аталады. Шала өткізгіш диод айнымалы токті түзету, модуляцияланған радиосигналдарды детектрлеу үшін қолданылады. Шала өткізгіш диодтың вольт–амперлік сипаттамасы 2.5а – суретте көрсетілген. Мұнда тура кернеу кернеудің оң мәндеріне, ал кері кернеу теріс мәндеріне сәйкес келеді. 2.5ә – суреттен шала өткізгіш диодтың атаулық немесе шартты белгісін көрулеріңізге болады.

Конструкциялық құрылымына байланысты шала өткізгіш диодтар жазықтық (2.6а – сурет) және нүктелік (2.6ә – сурет) болып екіге бөлінеді. Нүктелік диодта үшкір ұшын текті болдырып өңдеген вольфром мен текті шала өткізгіштің түйісу аумағында ауысу қалыптасады.

Жазықтық диодтар бір неше ондаған миллиамперден бір неше жүздеген амперге дейігі ток күшін өткізеді. Сондықтан оларды айнымалы токті түзету үшін қолданады.

I

.

0 U

а) ә) а) ә)

2.5 – сурет 2.6 – сурет

Нүктелік диодтардың параметрлері жазықтық диодтардыкінен біраз өзгеше. Олардың тура кедергілерінің шамасы үлкен, ал тура ток күшінің максимальдық мәні кіші. Нүктелік диодтардың ерекше қасиеттерінің бірі, олардың ауысуының сыйымдылығы аз болуына байланысты өте жоғары жиіліктер аумағында жұмыс атқаруға қабілетті. Сондықтан оларды жиіліктері жоғары родиосигналдарды детекторлеу үшін қолданады.

3-дәріс: Биполярлы транзистор. Транзисторларды электрлік сұлбаға қосу

Дәрістің мақсаты: - биполярлы транзистордың жұмыс принципімен танысу, транзисторларды электрлік сұлбаға қосып үйрену.

Түйін сөздер:- рекомбинацияланудан артылған электрондар базаға келіп шоғырлануын негізгі емес заряд тасымалдаушылардың инжекциясы деп атайды.