Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД — Сұлбатехника каз для АЖ-201.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

15.2. Ондық цифрлік санауыш

Ондық цифрлік санауышты құрастырғанда кері байланыс жүйесін пайдаланады. Импульстердің ондық (декадалық) цифрлік санауышының қарапайым функционалдық сұлбасы 15.2асуретте, ал оның шартты белгісі 15.2әсуретте көрсетілген. Санауыш тізбектей жалғанған төрт Ттриггерден құралады.

15.2  Сурет

T4 триггердің шығысынан кері байланыс сигналы T2, T3 триггерлердің кірісіне беріледі. Осының нәтижесінде санауыштың кірісіне сегізінші импульс берілген соң T4 триггердің шығысында «1» сигнал пайда болады, ол өз кезегінде T2, T3 триггерлерді «0» күйден «1» күйге ауыстырады (15.2кесте).

Тоғызыншы импульс T1 триггерді «1» күйге келтіреді және де барлық триггерлерде «1» күй қалыптасады. Оныншы импульс барлық триггерлерде «0» күйге көшіреді, осыдан кейін санау қайтадан басталады. Кері байланысты пайдаланып, кез келген негіздегі санау жүйесі бойынша жұмыстайтын санауышты жасауға болады.

Мұндағы қарастырған санауыштар импульстердің санын қосу операциясын атқаратындықтан оларды қосқыштар (сумматор) деп атайды. Ал азайтқыш санауышты құрастыру үшін триггерлердің инверстік шығыстарын тізбектей қосу керек. Қосу және азайту екі түрлі операция атқаратын санауыш реверсивтік деп аталады. Олардың қосуға және азайтуға арналған екі кірісі болады. Мұндай санауыштар тізбекті (асинхрондық) санауыштардың легіне жатады.

15.2  кесте

Кіріс импульс-терінің нөмірі

Триггерлердің күйі

T4 T3 T2 T1

Кіріс импульс-терінің нөмірі

Триггерлердің күйі

T4 T3 T2 T1

0

0 0 0 0

6

0 1 1 0

1

0 0 0 1

7

0 1 1 1

2

0 0 1 0

8

1 0(1) 0(1) 0

3

0 0 1 1

4

5

0 1 0 0

0 1 0 1

9

10

1 1 1 1

0 0 0 0

Санауыштар интегералдық микросұлба түрінде жасалады, мысалы К176ИЕ1 (алты разрядты екілік санауыш), К176ИЕ2 (бес разрядты санауыш), К155ИЕ4 ( 12-ге бөлгіш – санауыш).

Цифрлік санауыштар импульстердің санын санау немесе олардың санын бөлу үшін қолданады. Импульстердің цифрлік санауыштарын есептегіш техникада, автоматикада, ақпараттық өлшеу техникасында (цифрлік өлшегіш аспаптар), ядролық физикада (элементарлық бөлшектерді санау) қолданады.

12-дәріс: Сумматор. Регистрлер

Дәрістің мақсаты: сумматордың, регистрлер және шифратордың

құрылымдық сұлбассы зерттеу.

Түйін сөздер: - сумматор - бірнеше разрядты екі санды қосу операциясын атқаратын, «әр мағаналы (исключающее) ИЛИ және И» логикалық элементтеріне негізделген электрондық құрылғы; - регистр -дискреттік «сөздерді», яғни екілік сандар немесе басқа кодалық комбинацияларды жазып алуға және сақтауға арналған құрылғы; - шифратор - ондық сандары 0 және 1 симболдары арқылы кодалайды, оны кейде кодер немесе кодалаушы құрылғы .