Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД — Сұлбатехника каз для АЖ-201.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

12.2.4. Қысқа импульстерді қалыптайтын дифференциалдаушы және интегралдаушы қарапайым тізбектер

Қысқа импульстерді қалыптау үшін сызықты төрт полюсті элементтер түріндегі дифференциалдаушы және интегралдаушы қарапайым тізбектерді жиі қолданады. Мұндай тізбектердің шығыс кернеуі жуық шамамен кіріс кернеуінің туындысына пропорционал:

, (12.5)

мұндағы  пропорционалдық коэффициенті. 12.10суретте қарапайым дифференциалдаушы және интегралдаушы  тізбектің сұлбасы және кірісіне ұзақтығы тік бұрышты импульс берілген кездегі жұмыс диграммалары көрсетілген.

12.10  Сурет

12.10асуретте қарапайым дифференциалдаушы  тізбектің сұлбасы, ал 12.10всуретте оның жұмыс диагарамасы, 12.10әсуретте қарапайым интегралдаушы  тізбектің сұлбасы, ал 12.10гсуретте оның жұмыс диагарамасы берілген. Интегралдаушы тізбектің шығыс кернеуі жуық шамамен кіріс кернеуінен уақыт бойынша алынған интегралдың мәніне пропорционал шамамен анықталады. Жалпы импульстің пішінін қалыптауға интегралдаушы тізбек дифференциалдаушыға салыстырғанда сирек қолданылады

9-дәріс: Жадылы бағдарлау жүйелері. Логикалық элементтер.

Дәрістің мақсаты: Логикалық элементтер жады элементтер физика техникалық негізімен танысу.

Түйін сөздер: - ИЛИ- логикалық қосу (дизъюнкция); - И- логикалық көбейту (конъюнкция); - НЕ- логикалық көбейту (конъюнкция).

13. Жадылы бағдарлау жүйелері. Логикалық элементтер.

13.1. Логикалық элементтер мен олардың атқаратын операцияларының түрлері

Логикалық элементтер жады элементтерімен бірге есептегіш машиналар  цифрлік (дискреттік) ақпараттарды өңдеуші құрылғылардың негізгі элементтеріне жатады. Сонымен қатар олар өлшеуіш аспаптар мен автоматикалық құрылғыларда да кеңінен қолданылады. Логикалық элементтер цифрлік ақпараттарды пайдаланып қарапайым логикалық операцияларды атқарады, ал жады элементтеріне ақпараттарды сақтау міндеті жүктеледі. Логикалық элементтер екі күйге сәйкес келетін кілттік режімде жұмыстайтын электрондық құрылғыларға негізделеді. Сондықтан ондай құрылғылар цифрлік ақпараттарды «0» (логикалық нөл) және «1» (логикалық бірлік) екі түрлі сандық мәндер, яғни екі символ арқылы сипаттайды. Қазіргі кезде цифрлік логикалық элементтер интегералдық микросұлбалар түрінде шығарылады. Олардың шығыс потенциалы жоғары деңгейде оң болса, онда оған «1» символы сәйкес келеді де логикалық элементте жабық күй, ал шығыс потенциалы төменгі деңгейде теріс болса, онда оған «0» символы сәйкес келеді де ашық күй қалыптасады.

Екі символдық логикалық түрлендіру негізінен үш элементар операциялық амалдар арқылы атқарылады:

1) логикалық қосу (дизъюнкция) ИЛИ  немесе операциясы, оны айнымалы шамалардың арасына «+» немесе таңбаларын жазу арқылы белгілейді:

; (13.1)

2) логикалық көбейту (конъюнкция) Ижәне операциясы, оны «·» немесе таңбалары арқылы белгілейді, кейде айнымалы шамаларды арасына бұл таңбалар қойылмайақ тура қатарластырып та жаза береді:

; (13.2)

3) логикалық кері шама алу, яғни жоққа шығару (инверсия) НЕемес операциясы, оны айнымалы шамалардың төбесіндегі сызықша арқылы белгілейді:

. (13.3)

Екі айнымалы шамалар үшін логикалық операциясы мына төмендегі ережелер бойынша атқарылады: