- •3. Курс бойынша практикалық сабақтар кешені
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері
- •Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері
- •«Аспа тамшы» әдісімен препарат дайындау
- •3.3. Топырақ микроорганизмдерін зерттеудің экологиялық әдістері
- •Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау
- •3.4. Топырақ микроорганизмдерінің жекелеген топтарын зерттеу
- •3.5. Микроорганизм дақылдарын өсіретін орталар
- •3.6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы
- •Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •Актиномицеттердің топырақта таралуы және ерекшеліктері
- •Ашытқылар
- •Топырақ балдырлары
- •Диатомды балдырлар - Bacillariophyta.
- •Сары-жасыл балдырлар - Xanthophyta
- •Балдырлар культурасын жасау
- •Топырақ организмдері және олардың топырақ құрылымына, құнарлығына әсері
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •Топырақ микрооргганизмінің әртүрлілігін және сулы топырақ фаунасын зерттеу
- •Құраттар – Vermes
- •Маллюскалар
- •Сапрофиттер
- •3.10.Топырақтағы заттар айналымына топырақ микроорганизмдерінің қатысы
- •Микроорганизмдер көмегімен көміртек қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
- •Микроорганизмдердегі зат алмасу
- •Топырақтың со2 бөлу жылдамдығын анықтау
- •Микроорганизмдердің қоректену түрлері және типтері
- •Микроорганизмдердегі тыныс алу және ашу
- •Топырақтың полифенолоксидаза белсенділігін анықтау
- •3.12.Топырақтағы микроорганизмдердің физиологиялық топтары
- •Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауы
- •Аэробты аммонификаторлардың жиналуын және белоктың ыдырау өнімдерін анықтау
- •Нитрификация
- •Денитрификация
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.13.Топырақ микроорганизмінің атмосфера азотын сіңіруі (тұтуы)
- •Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі
- •Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот сіңіруші түйнек бактериялары (Rhizobium)
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау
- •3.14.Топырақ түзілуіндегі бтологиялық процестер
- •Топырақтың биологиялық белсенділігі – топырақ құнарлығы тестерінің бірі
- •Топырақтың нитрификациялану активтігін анықтау
- •Қарашіріктің түзілуі және ыдырауы
- •Суда ерігіш қарашірікті анықтау/Кубель-Тиман әдісі/
- •Ризосфералық және тамыр айналасындағы микроорганизмдерді е.З.Теппер әдісімен зерттеу
- •Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсері
- •Топырақ – қоректік орта
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.15.Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •3.8.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
Топырақтың со2 бөлу жылдамдығын анықтау
Мақсаты: Лабораториялық жағдайда топырақтың «тыныс алуын» зерттеу.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: 10г топырақ үлгісі, 3 елеуіш пенициллин флакондары, қысқыштар,термостат медициналық шприці, 100 мл-лік колба, фенолфталейн 0,001 н Ва(ОН)2 ерітіндісі, 0,001н НСІ ерітіндісі.
Жұмыс барысы: №3 елеуіш арқылы өткізілетін 10г топырақ үлгісін стерильді пинициллин флакондарына салып, оны қысқышпен нығыздап жабамыз. Флакондарды 370С темпетартурада 1-3 тәулікке термостатқа қоямыз. Ауаны флакондардан анализге алмас бұрын, оны сіокіп жіберу керек. Осыдан кейін, медициналық шприцпен ауаның 1мл мөлшерін аламыз. Алынған ауаны ішіне 10мл 0,001н Ва(ОН)2 ерітіндісі құйылған стерилденген флакондарға жіберіп, қысқыштармен қатты тығыздап қоямыз. Анализдейтін ауа үлгісін флаконға жіберген кезде оның түбін жоғары қаратып ұстап, ауаны шпирцтің көмегімен ерітінді арқылы өткізеді. Сонан соң, флаконды қатты сілкілеп, ішіндегі қаныққан ерітіндіні 100 мл-лік колбаға құйып, оны фенолфталейннің қатысуымен 0,001 н НСІ ерітіндісі арқылы титрлейміз. Бақылау ретінде Ва(ОН)2 ерітіндісі құйылған флакон есептеледі. Анализ соңында ауалы фазаның көлемін өлшемі бар пипеткамен флаконға су құю арқылы анықтаймыз.
Топырақтың СО2 бөлу жылдамдығын мына формуламен есептейміз:
Ва(ОН)2 + СО2 = BaCO3+ H2O
Х=
(а-б) × 0,022 × V х 100 × 760(273+t)
-
К × т × 273(р-м)
Х – топырақтың СО2 бөлу жылдамдығы, мг/кг;
А – бақылаудағы барит ерітіндісін титрлеуле түскен 0,001 НСІ ерітіндісінің көлемі, мл;
В – СО2 қаныққан барий ерітіндісін титрлеуге жұмсаған 0,001 НСІ ерітіндісінің мөлшері, мл;
0,022 – 1мл 0,001 н НСІ ерітіндісіне тең СО2 мөлшері, мг;
V – тәжірибелік флакондардың ауа фазасының көлемі, мм;
100-1 кг топырақ есебі;
К – абсолюттік құрғақ топыраққа есептелген коэффициент, 100
-
100-Н2О
T – бөлме температурасы мм.с.б.;
М – термостат температурасы мм.С.Б.; -370С;
Р – ауаның қысымы, мм.с.б.;
Т – топырақ үлгісінің инкубациялық мерзімі, (тәулікпен).
Микроорганизмдердің қоректену түрлері және типтері
Жалпы қоректенудің голозойдты және голофитті түрлері бар. Голозойдты барлық жануарлар үшін айтылады, голофитті барлық өсімдіктер мен микроорганизмдер үшін қолданылады.
Микроорганизмдердің басқа жануарлардан айырмашылығы бұларда ауыз қуысы болмайды. Қоректік зат бүкіл денесінің сыртымен қабылдап, сіңіреді. Қоректік заттарды сіңіру процесі түрлі жағдайларға байланысты. Мысалы: заттар концентрациясының зор маңызы бар. Клетка құрылымы мен оның қабығының еріген қоректік заттарды өткізгіштігінің де маңызы зор.
Қорктік заттар ерітіндісіндегі заттардың концентрациясы артқанда клеткада су азаяды. Цитоплазма жиырылып, кішірейіп, клетка қабығынан ажырап кетеді. Мұндай құбылысты плазмолиз деп атайды. Ал, клетка ішінде заттар қысымы (тургор) төмендегенде, цитоплазмаға сыртқы ортадан су көп еніп, ол ісінеді де жарылып кетеді. Клетка қабығынан өту жылдамдығы ондағы заттардың түріне, химиялық құрамына байланысты. Мысалы, этил спирті этилен-гликольге қарағанда клеткаға оңай неді. Құрамында бір корбоксил тобы бар май қышқылдары, карбоксил топтары көп окси қышқылдарға қарағанда оңай енеді. Ал, қоректік ортада суда ерімейтін, тұздар, яғни майлар мен клечатка болса, олар клеткаға өте алмайды. Оларды ендіру үшін, алдымен микроорганизмдер ферменттерінің көмегімен жәй қояылыстарға ыдырату керек.
Микроорганизмдерді қоректендіру типтеріне қарай, көміртекжәне энергия көзін пайдалануға байланысты екі топқа бөлеміз. Бейорганикалық қосылыстардан органикалық қосылыстарды синтездей алатын организмдерді – автотрофты деп атаймыз. Автотрофтыларға фототрофтар мен хемотрофтар жатады.
Фототрофтар жарық энергиясын пайдаланады. Олар үшін көміртек көзі көмірқышқыл газы болып табылады. Оларға цианды бактериялар, күкірттіпурпурлы бактериялар және жасыл күкірт бактериялары жатады. Жасыл өсімдіктер сияқты жасыл бактериялар да фотосинтез процесін жүргізуге қабілетті болып келеді. Бактериялар арқылы жүрген фотосинтезде оттегі бөлінбейді және сутек көзі болатын судың орнына күкіртті сутектен сутекті алады.
Хемотрофтар энергияны кейбір минералды және органикалық заттардыңхимиялық реакцияларға қатысқанда тотығуынан алады. Олар үшін көміртек көзі болып көмір қышылы және олардың тұздары жатады. Хемотрофты гректің аутос-(сам), трофе-(пища) деген сөзінен алынған. Бұл организмдерге нитрификациялаушы бактериялар, күкірт бактериялары, темір бактериялары, сутек тотықтырушы бактериялары жатады.
Жануарлардың, өсімдіктердің органикалық қалдықтарындағы дайын көміртекті пайдаланатын организмдерді гетеретрофтар деп атайды.
Гетеретрофтар энергияны органикалық заттардың тотығуы немесе ашу кезінде пайдаланады. Бұған көптеген бактериялар, саңырауқұлақтар, ашытқылар жатады. Көптеген гетеретрофты микроорганизмдер органикалық заттарды өлген, шіріген жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарынан алады. Оларды сапрофиттер деп атайды. (сапро-гнилой (шіріген)). Кейбір гетеретрофтар паразиттер болып келеді.
Миксотрофтар – бұлар бір мезгілде клетканың барлық жағдайын пайдалана алады, минералдық та, органикалық та заттарды тотықтырады, көміртекті көмірқышқыл газынан да, органикалық заттардан да пайдалана алатындар.
Көп бактериялардың өсімдіктерден айырмашылығы клеткада хлорофильдің болмауы, сондықтан олар көміртекті алуға оңай қосылыстарды ассимиляциялайды. Микроорганизмдер тех сіңіретін қосылыстарға көміртектер жатады, яғни қант, лимон, янтарь және басқа қышқылдар мен көмір қышқылының тұздары. Сутекті бактериялар негізінен судан және органикалық қосылыстардан алады.
Микроорганизмдердің азот көзін пайдалануына қарай үш категорияға бөлеміз. Біріншісі азотты белоктардан, екіншісі минерал қосылыстардан(тұздардан), үшіншісі азотты ауадан тікелей сіңіретіндер.
Бактериялар ауадағы оттекті барлығы бірдей пайдалана алмайды. Оттек пайдалануаны қарай аэробты және анаэробты болып бөлінеді. Аэробтар ауадан бос оттекті сіңіре алады да, ал анаэробтар үшін ол улы, олар тек байланысқан оттекті ғана сіңіреді, оны әртүрлі қосылыстардан алады. Мысалы құмырсқа қышқылы-қанттан – Cn22nDn т.б. Бұндай қосылыстарда О2 көп. Темір, калий, натрий, магний және басқа элементтерді бактериялар минерал тұздардан алады. Микроорганизмдер тіршілік ететін орта құрамы микроорганизм денесінің химиялық құрамының өзгеруіне үлкен әсер етеді.
