Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алтынай апай.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

«Аспа тамшы» әдісімен препарат дайындау

Таза стерилді жабынды шыныға инемен өте мөлшерде микроорганизм клеткасы бар сұйықта тамызамыз да арныйы жасалынған терең ойықшасы бар зат шынысының үстіне шыныны тез көңкереміз. Оның себебі жабынды шыныдағы асылған тамшылар ойықша ішінде түбіне жетпей, тимей тұрады. Алдын-ала ойықтың жан-жағын вазелинмен майлап қояды. Сонда жабынды шыны тығыз жабысып ортаға ауа өтпейді тамшы ылғалды камерада ұзақ сақталады. Препаратты алдымен құрғақ объектив жүйесімен қараймыз. Жабынды шыны үстіне майдан тамызып, иммерциялық объектив пен зерттелетін микроорганизмдерді тауып аламыз.

Бақылауды ылғалды ортада (камера) 1 апта және одан да көп уақыт бойына жүргізе беруге болады. Сондықтанда «аспа тамшы» препаратын микроорганизмдерді дайындау, көбею, спора пайда болу т.б. кездерінде пайдаланады. Ұзақ бақылау жасау үшін дайындалған препараттарға суды емес, сұйық қоректік орта пайдаланылады. Микробиологиялық бақылау кезінде белгілі тұрақты температураны сақтау үшін электр жылытқышы бар үстелді пайдаланады.

Талдау сұрақтары:

  1. Микроскоптың қуаттылығының көрсететін бөлігін ата.

  2. Микроскоптың қандай түрлері бар?

  3. Микроскоптың механикалық бөлігіне нелер жатады?

  4. Иммерсиялық объектив не үшін қажет?

  5. Микроорганизмді шыныға қатыру мен бояу әдістері қандай?

  6. Микроорганизмдерді шыныға қатыру не үшін қажет?

  7. Тірі микроорганизмдерден препарат дайындауды қандай түрлері бар?

  8. «Аспа тамшы» препаратының ерекшелігі неде?

  9. Фиксациялау әзірлеу, кептіру, фиксациялау және бояу жұмыстары қалай жасалынады?

3.3. Топырақ микроорганизмдерін зерттеудің экологиялық әдістері

Сыртқы орта факторларымен топырақ микроорганизмдерінің өзара әсерлерін туғызатын микроорганизмдердің дамуы мен өсуін қамтамасыз ететін қоршаған ортаның негізгі факторлары: ылғалдылық, температура, рН –ортасы болып табылады.

Микроорганизмдер өзінің тіршілік еткен ортасында қоршаған ортамен белгілі бір қарым-қатынаста болып дамып өседі және олар орта жағдайларының өзгерісіг өте сезімтал келеді. Әр түрлі географиялық аймақ топырқтарында, тіпті топырақтың жоғарғы қабатымен төменгі қабатында тіршілік ететін микроорганизмдердің саны мен сапасы әр түрлі болып, өздеріне тән микроорганизмдер ценозын құрайды. Сондықтан топырақтың ылғалдылығының, рН-ортасының және температурасының өзгерісін микрооргнаизмдер ценозының өзгерісінен бақылауға болады.

Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау

Мақсаты: Әйнекке қаптатып өсіру арқылы топырақтағы микрооранизм түрлерін, формаларын, топтарын микроскоппен көріп, оның орта жағдайымен байланыстылығын анықтау.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: Зат шынысы, спирт шамы, қысқыш, күрек, сүзгі қағаз, суы бар стакан (0,5л), фуксин ерітіндісі, микроскоп.

Жұмыс барысы: Н.Г.Холодном әдісі «Шыныға қаптату» деп аталады. Бұл әдістің жасалынуы үшін топырақты тіліп, таза әйнек шынысын қажетті тереңдікте топырақтың қабырғасына нығыздап жабыстырып, қайта көміп, орынға белгі қоямыз. 2-3 апта өткен соң шыныны байқап сындырмай ашып аламыз. Шынының қабырғаға қатты жабысқан жағына микробиологиялық зерттеу жүргіземіз. Қарсы жағының топырақ түйіршіктерін түсіріп, жуып ауада, содан кейін шам жалынына кептіреміз.

Шынының жұмысқа керек жағының ірі топырағын түсіріп, ауада және спирт шамында кептіреміз, себебі микроорганизмдер шыныға жақсы жабысу үшін шыныны суытып, қалған топырақтарын сумен жуамыз (ол үшін шыныны стакандағы суға түбіне тигізбей тұрғызып бірнеше сағат қоюға болады). Осыдан кейін фуксинмен, эритрозинмен бояп, микроскоппен қараймыз. Препараттағы микробиоценоздың суретін салып, топырақ пен ондағы микроорганизм түрлеріне сипаттама береміз. Шыныға жабысқан микрофлора көрінісінен микроорганизмдердің өсу тығыздығын, басым түрлердің формаларын байқауға болады.

Топырақ микрофлорасын зерттеудің бірінші кезеңі тікелей әдіспен «микроб пейзажын» шығару болып табылады.

Тірі топырақ микрофлорасына Б.В.Перфиль және Д.Р.Гаденің капиллярлы педоскоп, Виноградскийдің топырақ микроорганизмін тікелей есептеу, Звягинцевтің топырақ монолиттерін люминицет микроскоппен зерттеу (флуоресцентті), Никитиннің электронды микроскопиялық әдісі арқылы да зерттеулер жүргізуге болады.

Талдау сұрақтары:

  1. Микроорганизмнің өсіп дамуына әсер ететін негізгі факторлар қандай?

  2. Топырақтың жоғарғы қабатында микроорганизмдердің көп болу себебі неде?

  3. Н.Г.Холодном әдісімен «шыныға қаптату» әдісінің мақсаты не?

  4. Микроорганизмдердің классификациялануын атаңыз.