Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алтынай апай.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

Топырақтың полифенолоксидаза белсенділігін анықтау

Мақсаты: Студенттерге лабораторияда топырақта биохимиялық процестің жүруін, полифенолоксидаза ферментінің белсенділігін анықтауды үйрету.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: 1г топырақ үлгісі, ФЭК -56м; термостат; 50мл-лік колба -1; 100 мл-лік колба-5; 1 процентті гидрохинон ерітіндісі; 1,4-п-бензохинон; этанол; сүзгі қағазы.

Жұмыс барысы: Органикалық қалдықтардан тазартылған топырақтың 1 грамын алып, оны 50мл колбаға саламыз. Үстіне жаңа дайындалған 1процетті гидрохинон ерітіндісінің 10 мл құйып, араластырып, сонан соң 300С температурада термостатта 30 минут бойы ұстаймыз. Термостатқа бақылау (топырақсыз) колбаларымен бірге қоямыз. Инкубациядан кейін колбаға 10мл этил спиртін құйып, оны жақсылап араластырып, оның тұнығуына 10 минуттай уақыт ьереміз. Сүзгі қағазымен сүземіз. Сүзілген ерітіндінің оптикалық тығыздығын ФЭК-те сәулелі филтр (N)арқылы анықтаймыз.

Ферменттің белсенділігі 50 минут аралықтағы 1 грамм топырақтағы 1,4 –п-бензохинон /мг/ өлшемімен анықталады. 1,4-п-бензохинонның мөлшері оның таза ерітіндісі арқылы анықталған стандарттық қисық сызығымен беріледі.

Қисыз сызық шкаласы:

1г 1,4-п-пбензозинонды араластарғанда, оның алғашқы мөлшері 10мг/г болады. Енді осы ерітіндіні төмендегі кесте арқылы пайдаланып, бензохинонның әртүрлі мөлерін табуға болады.

Алғашқы ерітінді

Колбаның көлемі, 100мл

Бензохинон мөлшері, мг/г

70мл

100мл-ге дейін жеткізу керек

7.0

50мл

100мл-ге дейін жеткізу керек

5.0

30мл

100мл-ге дейін жеткізу керек

3.0

10мл

100мл-ге дейін жеткізу керек

1.0

7мл

100мл-ге дейін жеткізу керек

0

Топырақтың пероксидаза белсенділігін анықтау

Мақсаты: Лабораториялық жағдайда жас топырақ үлгісінің пероксидаза белсенділігін анықтауды студенттерге үйрету.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: ФЭК-56; 1г топырақ үлгісі; термостат; 50мл-лік колба; 1процентті гидрохион ерітіндісі; 1,4 –п- бензохинон; этил спирті; 0,5процентті Н2О2 ерітіндісі; сүзгі қағазы.

Жұмыс барысы: Органикалық қалдықтардан тазартылған топырақтың 1г алып, оны 50мл-лік колбаға саламыз.

Үстіне жаңа дайындалған /10мл/ 1 процентті гидрохинон және 0,5процентті Н2О2 ерітінділерін құйып, араластырып, 300С температурада 30 минуттай термостатта ұстаймыз, бірақ ерітінділер құйылған бақылау колбаларында қоямыз. Инкубациядан кейін, 10 мл этил спиртін құйып жақсылап араластырып,содан кейін 10 минуттай тынықтырамыз. Фильтр қағазымен сүземіз. Ерітінділердің оптикалық тығыздығын ФЭК -56-да көк сәулелі фильтр арқылы анықтаймыз.

Ферменттердің белсендіоігі 30 миут аралықтағы 1г топырақтағы 1,4 –п-бензозинон /мг/ мөлшерін анықталады. Ал, 1,4-п-пбензохинон мөлшері қисық сызық шкаласы арқылы анықталады. /Алдағы сабақта қараймыз/.

Талдау сұрақтары:

  1. Микроорганизмдердің химилық құрамы неден тұрады?

  2. Клетканың органикалық қосылыстарының негізгі компонентін ата.

  3. Микроорганизмдерге әсер ететін физикалық факторларды ата.

  4. Химиялық факторлардың микроорганизмдерге тигізетін әсері қандай?

  5. Клетка өсіп-өуі үшін ассимиляция процесі әлде диссимиляция проуесі қуатты жүре ме?

  6. Галозойдты және голофитті қоректену түрлері кімдерге тән?

  7. Микроорганизмдерді қоректену типіне қарай автотрофты, фототрофты, хемотрофты деп бөлу себебі неде?

  8. Гетеретрофтыр, миксотрофтар энергияны қайдан алады?

  9. Анаболизм, катаболизм процестері қалай жүреді?

  10. СО2-нің бөліну жылдамдығы қалай анықталады?

  11. Хемосинтез жүргенде энергия қайдан алынады?

  12. Фотосинтез процесінің жүру механизмі қалай?

  13. Топырақтың тыныс алуы немен байланысты?

  14. Аэробты тыныс алуды немен түсіндіреміз?

  15. Биосферадағы СО2 маңызы/парниктілік әсері/.

  16. Ауадан бос азотты сіңіре алу қайсы микроорганизмдерге тән?

  17. АНаэробты микроорганизмдерге оттек қажетпе?

  18. Митохондряиның қызметі не?

  19. Эндоферменттер ме экзоферменттердің қызметі қандай?

  20. Гетеретрофтыр энергияны қайдан алады?

  21. Апофермент пен кофермент қосылыста қандай қызмет атқарады?

  22. Фермент активтілігі неге байланысты?

  23. Ферменттер классификацияында қандай топтарға бөлінеді?

  24. Тотығу-тотықсыздану ферменттері микроорганимздер тіршілігінде қандай процестерді жүргізуге қатысады?

  25. Ашу процесі дегенімізне?

  26. Оксиредуктаза ферменттері. Классификациясын атаңыз.

  27. Полифенолоксидазаның қарашіріктің түзілуіне әсері қандай?

  28. Полифенолоксидазаны топырақ құнарымен байланыстырауға бола ма?

  29. Зимаза ферменті қай процеске тікелей қатысады?

  30. Полифенолоксидаза тобына, қызметіне сипаттама беріңіз?

  31. Пероксидаза-қарашірікті минерализациялайтын фермент болу себебі неде?

  32. Тотықсыздану ферменттері микроорганизмдерде қандай процесті жүргізуге қатысады?

  33. Фермент белсенділігі. Ол нені білдіреді?

Негізгі терминдер және оның мәні

  1. Целлюлоза – (немес клечатка – жасұнық деп те аталады! – көбіне өсімдік қабығында кездесетін, аса берік көмірсу. Оны тек құрамында целлюлоза ферменті бар микроорганизмдер ғана ыдырата алады.

  2. Автолиз – аутолиз (ыдырау) клечаткадағы ферменттер әсерінен оның құрамындағы заттардың (белок, май, көмірсу) ыдырауы. Көбінесе төменгі температурада құрғату және түрлі улы заттар (толуол, хлоформ) әсер еткенде байқалады. Кейбір өндіріс процестерінде байқалады.

  3. Антогонизм – организмнің бір тобына олардың екінші бір топтарының жойқын әсер теу қасиеті немеес бір-бірінің тіршілігін тежеуі.

  4. Синергизм – микроорганизмдердің бір немесе бірнеше түрлерінің тіршілік етуі кезінде қолқабыс беру, яғни ортақтасып тіршілік етуі.