- •3. Курс бойынша практикалық сабақтар кешені
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері
- •Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері
- •«Аспа тамшы» әдісімен препарат дайындау
- •3.3. Топырақ микроорганизмдерін зерттеудің экологиялық әдістері
- •Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау
- •3.4. Топырақ микроорганизмдерінің жекелеген топтарын зерттеу
- •3.5. Микроорганизм дақылдарын өсіретін орталар
- •3.6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы
- •Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •Актиномицеттердің топырақта таралуы және ерекшеліктері
- •Ашытқылар
- •Топырақ балдырлары
- •Диатомды балдырлар - Bacillariophyta.
- •Сары-жасыл балдырлар - Xanthophyta
- •Балдырлар культурасын жасау
- •Топырақ организмдері және олардың топырақ құрылымына, құнарлығына әсері
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •Топырақ микрооргганизмінің әртүрлілігін және сулы топырақ фаунасын зерттеу
- •Құраттар – Vermes
- •Маллюскалар
- •Сапрофиттер
- •3.10.Топырақтағы заттар айналымына топырақ микроорганизмдерінің қатысы
- •Микроорганизмдер көмегімен көміртек қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
- •Микроорганизмдердегі зат алмасу
- •Топырақтың со2 бөлу жылдамдығын анықтау
- •Микроорганизмдердің қоректену түрлері және типтері
- •Микроорганизмдердегі тыныс алу және ашу
- •Топырақтың полифенолоксидаза белсенділігін анықтау
- •3.12.Топырақтағы микроорганизмдердің физиологиялық топтары
- •Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауы
- •Аэробты аммонификаторлардың жиналуын және белоктың ыдырау өнімдерін анықтау
- •Нитрификация
- •Денитрификация
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.13.Топырақ микроорганизмінің атмосфера азотын сіңіруі (тұтуы)
- •Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі
- •Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот сіңіруші түйнек бактериялары (Rhizobium)
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау
- •3.14.Топырақ түзілуіндегі бтологиялық процестер
- •Топырақтың биологиялық белсенділігі – топырақ құнарлығы тестерінің бірі
- •Топырақтың нитрификациялану активтігін анықтау
- •Қарашіріктің түзілуі және ыдырауы
- •Суда ерігіш қарашірікті анықтау/Кубель-Тиман әдісі/
- •Ризосфералық және тамыр айналасындағы микроорганизмдерді е.З.Теппер әдісімен зерттеу
- •Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсері
- •Топырақ – қоректік орта
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.15.Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •3.8.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсері
Тыңайтқыштарды егіншілікте қолдану ауыл шаруашылық өнімдерін арттыратын белгілі. Бірақ топырақтың типіне қарай минералды тыңайтқыштардың тиімділігі бірдей болмайды. Осы минерал тыңайтқыштарды қолданғанда топырақта жүретін пайдалы микробиологиялық процестің қарқынын арттырып, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруін жақсарту көзделуі тиіс. Жалпы өсімдіктердің минерал тыңайтқыштарды сіңіру коэфициенті төмен. Мысалы, өсімдіктер құрамында азоты бар тыңайтқыштардың тек 60-70Жалпы өсімдіктердің минерал тыңайтқыштарды сіңіру коэфициенті төмен. Мысалы, өсімдіктер құрамында азоты бар тыңайтқыштардың тек 60-70-ін ғана сіңіре алады. Ал қалған бөлігі түрлі биохимиялық процестің әсерінен сіңімсіз күйге айналады. Минералды тыңайтқыштарды ұзақ уақыт пайдаланғанда топырақтың қара шірігі мен құнарын төмендеп кері әсерін тигізеді. В.Г.Мишель зерттеулерінде бұл кері жоюдың бірден-бір жолы деп минралдық тыңайтқыштар мен органикалық тыңайтқыштарды араластырып беруді ұсынады. Егер топырақта өсімдік қалдықтары көп болса, минерал тыңайтқыштарды төккенде ыдырау процесі күшейеді. Топыраққа әк төгудің үлкен маңызы бар. Әсіресе қышқыл топыраққа әк төккенде қышқылдығы төмендейді. Кальций коры көбейеді, азотобактердің нтирификациялаушы бактериялардың тіршілігі жақсарып, күшейеді. Жалпы микроорганизмдер көбінесе ылғалды жерде жақсы жүреді. Топырақты суландарғанда органикалық заттардың минералдануы күшейеді.
Соңғы жылдары азотты тыңайтқыштардың пайдалану коэфициентін арттыру үшін ингибиторлар пайдаланылуда. Бұл ингибиторларды пайдаланғанда топырақта азоттың аммоний түрлерінің мөлшері едәуір артады, аммонификациялаушы микроорганизмдер қарқынды тіршілік етеді.
Топырақ – қоректік орта
Топырақорганизмдері үшін топырақ – тіршілік ортасы, қоректенетін жері. Бірақ микроорганизмдер үшін топырақ құрылымы әртүрлі тығыздықта болатын бірыңғай орта. Микроорганизмдер тіршілігі үшін іші ауа мен суға толы түтіктер мен үңгірлер бар мезофаунаның қызметі үлкен.
Топырақтың майда агрегатты жоғарғы жағында аэрациялық ортада ылғалдылық рН қоректік заттарға кіретін элементтердің молдығы басқаша болады, ал топырақ ортасында, ішінде тіптен басқа. Сондықтан өсімдіктер тамыры үшін, ірі және орташа организмдер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін топырақтың қарашірігі, рН-ы, тотығу-тотықсыздану потенциалының көрсеткіштерінің жоғары орта жағдайының маңызы зор. Топырақтағы микроскопиялық организмдер өкілдерінің тіршілік формасы да әртүрлі келеді. Қатты фазада тіршілік ететіндер, газ қабатында тіршілікететіндер немесе гидробионттар, аэробионттар болып табылады.
Топырақтың қатты фазасы микроорганизмдер үшін гетерогенді тіршілік ортаны қамтамасыз етеді. Топырақ қатты бөлігінің құрамына: минералды қосылыстар және аздап өсімдіктің органикалық қалдықтары кіреді. Беткі қатты топырақ бөліктері қоректік заттардың негізгі қоры: қарашірің оргоно-минералдар Са2+, Mg2+ катиондар.
Бұлардың концентрациясы топырақ ерітіндісіне қарағанда жоғары топырақтағы микроорганизмдер тіршілігіне тән ерекшелігін сипаттайтын қасиет – олардың адсорбциялау қасиеті. Олар топырақтың бетіндегі қатты бөлігіне, органикалық қалдықтарда, өсімдіктердің тамырларында бекітілген. Бұл күйді адгезия (жабысып тұру) және иммобилизация деп атайды. Микроорганизмдер топырақ бетіне біркелкі орналаспайды, олар ірі және майда топ болып орналасады. Топырақтың қатты бөлігінде орналасқан микроорганизмдер туралы әртүрлі көзқарас бар. Біреулері осы топырақтың қатты бөлігіне микроорганизмдер әсер етеді десе, екінші біреулері микроб клеткалары қатты бөліктегі минералдармен өзара әрекеттеседі дейді.
Микроорганизмдер осы екі жағдайда да тіршілік етуі мүмкін.
Адгезия химиялық байланыспен табиғи дене беттерінде жүреді. Микроорганизмдер клеткасы әдетте теріс зарядталған, сондықтан оң зарядты топырақтың қатты түйіршікті беттерінде жүреді.
Топыраққа тәжірибе жасау
Мақсаты: Әртүрлі топырақ типтерін зерттеу, құрамын анықтау.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: көлемі 1лшыны ыдыс, топырақ(100-200г). Сүзгі қағаз, қалақша.
Жұмыс барысы:
Топырақтың құрамын анықтау үшін шамалы топырақты алып суы бар ыдысқа салып, араластырып бірнеше күн қоямыз. Оның бірнеше әртүрлң бөлінген қабаттарын зерттейміз.
Әр жерден топырақ үлгілерін алып, осы әдіспен әртүрлі топырақ типтерін зерттеуге болады.
Жоғарғы беті – қарашірік органикалық заттарға бай қабат.
Балшық – негізінен алюминмй силикаты.
Шөгінді – жыныстардың майда бөлшекері.
Құм – көп бөлігі кварцты заттар.
Басты бөлігі – шөгінді жыныстардың ірілеу бөлшектері.
Шыны ыдыстағы топырақ бірнеше күннен кейін осындай қабаттарға бөлінеді.
